Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу.
Психолгиялық ахуал қалыптастыру.
Қызығушылықты ояту үшін
«Бес қадам» әдісі Сыныптан 4 білім алушы щығады, 5 қадам аттап, жылдам жауап береді
Ауа-райына 5 сөзбен мінездеме береді
Мысалы: /аязды күн, жаңбырлы күн, ашық күн т.б./
Суға 5 сөзбен мінездеме беріңіз (вода)
Жерге 5 сөзбен мінездеме беріңіз (земля)
Желге 5 сөзбен мінездеме беріңіз (ветер)
Дескриптор Білім алушы
белсенділік танытады-1 балл.
Сабақтың ортасы
22 минут
1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Жауаптарды салыстырыңыз.
Климат Ауа райының белгілі бір жерге тән, көп жылдық орташа жай-күйіклиматдеп аталады. «Климат» сөзi грек тiлiнен аударғанда «ылди, еңiс» мағынасын бiлдiредi. Яғни климат жер бетiне түсетiн жылу мөлшерi мен күн сәулесiнiң түсу бұрышын анықтайды. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары болса, күн сәулесiнiң түсу бұрышы да соғұрлым үлкен және сондықтан жер бетi жақсы қызады. Ыстық, қоңыржай және суық климат түрлерi бар. Экватор ауданында климат ыстық, ол жерде Күн жыл бойы көкжиек үстiнде жоғары орналасқан, сондықтан жер бетi күн сәулесiнiң көп мөлшерiн қабылдайды. Ыстық климатта жыл маусымы жоқ және жыл бойы жаз болып тұрады.
Бұл жерде климат ыстық немесе ылғалды, сондықтан жылусүйгiш өсiмдiктер тез өседi, олардың гүлдеуi мен жемiстеуi жыл маусымымен байланысты емес.
Сiз бен біз қоңыржай климатта өмiр сүремiз, ол жерде күн сәулесiнiң түсу бұрышы экваторға қарағанда аз. Сондықтан жер бетi аз жылу қабылдайды. Қоңыржай климатта жыл маусымдары анық көрiнедi. Өсiмдiктер қыс кезiнде өсуiн тоқтатып, жапырақтары түседi. Жәндiктерде де тыныштық кезең туады, кейбiр жануарлар ұйқыға кетедi. Көптеген құстар жылы жаққа ұшады, ал қалған жануарлар қысқа қорек жинайды. Ауа райы өзгереді, ал климатқа тұрақтылық тән.
Мәтінде климаттың қандай ерекшеліктері туралы айтылған?
Климаттық өзгерістер жайлы тағы не білесіз?
Сізге қай климат түрі ұнайды? Неліктен?
Әлемдік жылыну жайлы естігеніңіз бар ма?
Дескриптор Білім алушы - климаттық өзгерістер туралы пікірлеседі-1б;
- сұрақтарға жауап береді-1б;
- жауаптар мен пікірлерді салыстырады-2б.
Сабақтың соңы 13 минут
2-тапсырма Сыныптастарыңызға «Қоршаған ортаны қорғау үшін не істер едіңіз?» деген сұрақ қойып, жауабын тыңдаңыз. Тыңдалған пікірлерді салыстырыңыз, өз ойыңызды ұсыныңыз.
Білім алушы - сұрақтарды сыныптастарымен талқылайды-1б;
- жауаптар мен пікірлерді салыстырады-2б;
- өз ұсынысын айтады-2б.