Сабақ жоспары Бекітемін: Бөлім



бет1/3
Дата08.11.2022
өлшемі225,88 Kb.
#48409
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
6кл18


«№44 жалпы орта білім беретін мектебі» Коммуналдық білім беретін мекемесі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бекітемін: __________

Бөлім:

6.2А Заттар және материалдар

Педагогтің аты-жөні:

Байгожина Динара

Күні:




Сыныбы: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.1.1 атом мен молекулаларды, қарапайым және күрделі заттарды айыра білу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар атом мен молекулаларды, қарапайым және күрделі заттарды айыра біледі.
Көпшілік оқушылар үшін:
Білім алушылар қарапайым заттың күрделі заттан айырмашылығы неде екенін біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Білім алушылар атом мен молекуланың айырмашылығы қандай екенін біледі.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын дарыту: жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір - біріне құрмет, көмек және инабаттылық көрсету, бір –бірінен үйрену арқылы жүзеге асырылады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Жылы лебіз” тілек айту арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқу құралдарын түгендеп сабаққа дайындалады, жылы лебіздерін білдіреді.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Оқулық, жұмыс дәптері



Жаңа сабаққа кіріспе
7 мин

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.


Миға шабуыл сұрақтары:
1.Ескі тас баспалдақ басқышында неліктен шұңқырлар пайда болады?
2. Неліктен бәтеңкенің ұлтаны тозады және күртешенің шынтақтары жыртылардай жұқарады?
3. Табынушылар ұстап, сүйетін ежелгі грек ғибадатханасындағы алтын мүсіннің қолы ондаған жылдар ішінде айтарлықтай жіңішкеріп кетті. Неліктен?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет