Сабақ жоспары Бөлім: Прозадағы көркем ой



бет1/4
Дата22.12.2022
өлшемі158,66 Kb.
#59108
түріСабақ
  1   2   3   4

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Прозадағы көркем ой

Мектеп: Д.Қонаев атындағы ЖББОМ

Күні: 20.12.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Романова М.К

Сынып: 10 «Б»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ә.Кекілбаев . «Аңыздың ақыры» романы. Шығарма идеясы. Қызыл алма – опасыздықтың символы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

10.2.4.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылықпен жұмыстанады (эссе, ойтолғау, пікір білдіру)
10.3.1.1 шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар

  • Көркем шығармаға талдау жасайды;

  • Тарихи және көркемдік ерекшелігін таладйды

  • Шығармашылық жұмыс жазады;









Сабақтың кезеңі

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз
дер

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Сабақтың басы


Сабақтың ортасы





1-топ:_Қызыл_алма_2-топ:_Мұнара_3-топ:_Махаббат'>І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін
таныстыру
1-топ: Қызыл алма
2-топ: Мұнара
3-топ: Махаббат
Әр топ суреттерді таңдау арқылы топтасады
Үй тапсырмасын сұрау


«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.


1-топ:
«Галлереяға саяхат» әдісі


2-топ
« Iearningapps» платформасы


3-топ
«Joyteka.com» платформасы

«Пікір сызығы» әдісі

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

https://youtu.be/_eq0dKS8WDM –сілтеме арқылы Самарқандағы Бибі ханым мешіті , оның тарихы туралы аңызды тыңдап болған соң, төмендегі сұрақтарға жауап берейік
Бибі ханым мешіті — Әмір Темір билігі тұсында салынған архитектуралық ескерткіш. 1399 — 1404 ж. Әмір Темірдің Үндістандағы жеңісінің құрметіне Самарқанда тұрғызылған. Халық арасында Бибі ханымды ӘмірТемірдің әйелі дейді. Әзери стиль салынған.
Ескерткіш ұзынынан да, көлденеңінен де айқын белдеулене салынған, тікбұрышты аула тәріздес (83х62м). Әсіресе, биік қасбетіндегі әшекейлеу үшін жасалған ұзын белдеу көрнекі көрінеді. Оның артында, ауланың қарама-қарсы бетінде мешіттің негізгі ғимараты (биіктігі 44 м), ал көлденең белдеу бойына кішірек екі ғимарат орналасқан. Ауланы айналдыра көп күмбезді галлерея тұрғызылған, құрылыстың сыртқы бұрыштары биік мұнаралармен бекітілген. Мешіттің үш ғимаратын да біртектес — мығым, шаршы негізді, цилиндр барабанды ширек күмбезбен жаба келіп, төбесінен фероконикалық күмбез шығарған. Үлкен мешіттің қасбетіндегі бұрыштары гүлдестемен оймышталған көп қырлы мұнаралармен көмкерілген. Ғимараттың ерекше сәнді әрі келісімді түрі оны өз алдына дербес құрылыс ретінде қарауға мүмкіндік береді. Мешіттердің қасбеті нақышты өрнектелген, мозаикамен, оюлы мәрмәр тақталармен безендірілген. Ішкі жағы түгелдей алтындаған көкшіл бояумен өсімдік тектес, геометриялық өрнек түрінде өрнектелген. Бибі ханым мешіті Орта Азияның ортағасырлық архитектурасының ғажап үлгісі болып табылады. Ол кейінгі архитектурасының дамуына зор ықпал жасады.
1.Аңыз дегеніміз не?
2.Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы неше бөлімнен тұрады, бүгінгі сабағымызбен қандай байланысы бар?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет