Сабақ жоспары орындаған: «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының «7М01501-Математика»



бет1/2
Дата25.11.2023
өлшемі57,35 Kb.
#127872
түріСабақ
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

«Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі»


кафедрасы


САБАҚ ЖОСПАРЫ
Орындаған: «Математика, физика және
информатиканы оқыту әдістемесі»
кафедрасының «7М01501-Математика»
білім беру бағдарламасының
2 курс магистранты: Жаменова А.Т.
Педагогикалық тәжірибе жетекшісі:
п.ғ.д., профессор, Қасқатаева Б.Р.

Алматы, 2023ж.
Семинар сабағының жоспары
Күні: 26.10.2023ж
Тақырыбы: Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру. Комбинаториканың негізгі формулалары. Комбинаторика формулаларын қолдану арқылы есептер шығару. Ньютон биномы және қасиеттері.
Сабақ түрі: практикалық сабақ
Мамандандыру: «Математика-физика» 
Мамандық: «6В01502-Математика-физика» мамандығы бойынша мамандар даярлау
Пән атауы: Элементар математика
Мақсаты: Есептерді шығару арқылы негізгі комбинаторлық элеметтерді зерттеу, комбинаториканы практикалық мақсаттарда және адам өмірінде қолдануды көрсету.
Міндеттері: 

  • Студенттерде комбинаторика және оның адам өмірінде қолданылуы туралы түсінік қалыптастыру;

  • Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру формулаларын пайдалана отырып, комбинаторлық есептерді шешу дағдыларын дамыту.

Өткізілетін орны: Төлеби 86, 419-аудитория
Құрал-жабдықтар: тақта, слайд, Socrative
Семинар сабағының өтілу барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Студенттерді түгелдеу.
Студенттерді сабаққа дайындау. Эмоциональды қарым – қатынас орнату.
Студенттердің білімін тексеру.
Студенттерге өткен дәріске шолу жасау мақсатында сұрақтар қойылады.
Келесі формулаларды атаңыз:



Негізгі бөлім:
Жаңа сабақты түсіндіру.
Шектелген жиынның элементтерінен қандай да бір ережелер бойынша әртүрлі комбинациялар құрастырылатын және олардың саны табылатын есептерді комбинаторикалық есептер деп атайды
қосу ережесі: 𝒏(𝑨∪𝑩)=𝒏(𝑨)+𝒏(𝑩)−𝒏(𝑨∩𝑩)
көбейту ережесі: m=𝒏(𝑨) 𝒏(𝑩)

ҚАЙТАЛАНБАЙТЫН ОРНАЛАСТЫРУ


n элементтен тұратын жиынның түрлі k элементінен реттелген жиындарды n элементтен алынған k-дан құралған қайталанбайтын орналастырулар деп аталады.
,
мұндағы 𝑚, 𝑛 – натурал сандар, 𝑛 – берілген элементтер саны, 𝑚 – әрбір топқа кіретін элементтер саны және 𝑚<𝑛.
Оқушы 8 күнде 4 әртүрлі бақылау тапсыруы тиіс. Ол оны неше тәсілмен жасай алады?
Шешуі:

ҚАЙТАЛАНБАЙТЫН АЛМАСТЫРУ


жиынының барлық n элементін қамтитын реттелген жиындар n элементтен тұратын қайталанбайтын алмастырулар деп аталады.
,
Мысалы,
Келесі сөздегі әріптердің әр түрлі алмастырулар санын табыңыз:
Т Ы Ш Қ А Н
Шешуі:

ҚАЙТАЛАНБАЙТЫН ТЕРУ


Барлық элементтері әртүрлі және орналасуы реттелмеген k элементтен тұратын ішкі жиындар n элементінен алынған k-дан құралған қайталанбайтын терулер деп аталады.
,
мұндағы 𝑚, 𝑛 – натурал сандар, 𝑛 – берілген элементтер саны, 𝑚 – әрбір топқа кіретін элементтер саны және 𝑚<𝑛.
Мысалы,
Олимпиадаға 12 оқушыдан 4 оқушыны таңдаудың неше тәсілі бар?
Шешуі:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет