Сабақ жоспары Поурочный план ЦӘк-смж/цмк-смк -02/1-03 беттің беті стр из 4



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата13.06.2023
өлшемі354,69 Kb.
#101150
түріСабақ
  1   2   3   4   5


Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 
«Жамбыл медициналық колледжі» ШЖҚ коммуналдық 
мемлекеттік кәсіпорны
Коммунальное государственное предприятие на ПХВ 
«Жамбылский медицинский колледж» управления 
здравоохранения акимата Жамбылской области 
Сабақ жоспары 
Поурочный план 
ЦӘК-СМЖ/ЦМК-СМК 
10-02/1-03 
4 беттің 1 беті 
стр 1 из 4 
Отбасын жоспарлау. Контрацепция әдістері. 
Отбасын жоспарлау дегеніміз - бала санын шектеу емес, дүниеге дені сау бала 
әкелетін әрбір ана денсаулығына көніл бөлу деген ұғымды білдірсе керек.Сонымен, отбасын 
жоспарлау-қалаусыз жүктіліктен сақтану, жүктіліктен сақтану дәрілерін тиімді қолдану 
нәтижесінде дүниеге алдьн ала жоспарланған сәбиді,яғни дені сау және тілеулі сәбиді әкелу 
болып табылады. 
Отбасын жоспарлаудың негізгі мақсаттары: 
1. Бедеулі некені емдеу. 
2.19 жасқа дейінгі және 35 жастан кейінгі жүктілік пен босанудың алдын алу. 
З.Босану арасындағы үзіліс кем дегенде 3 жыл болу керек. 
4.Жыныс мүшелерінен тыс аурулары бар қауіпті топтағы әйелдер арасында түсікті
болдырмау, соның алдын алу. 
5. Алғашқы жүктілікті жасанды жолмен алдыруға мүмкіндік бермеу, оның алдын алу. 
Жүктіліктен сақтану заттары. 
Қазіргі ерлі-зайыптылар жүктіліктен сақтану заттарын өз қалауы бойынша өздері 
таңдайды. «Контрацепция» - латын тілінен аударғанда «жүктіліктен сақтану» деген ұғымды 
білдіреді. Жүктіліктен сақтану заттарын қолдану әйелдер арасында шамамен 40-50 пайыз 
жағдайда жасанды түсікті 2 есеге төмендетуге мүмкіндік берді.
Жүктіліктен сақтану заттары әсер ету принципіне сәйкес:
а) әйелдердікі, б) ерлердікі болып екіге бөлінеді. 
Контрацепция әдістері 
І. Табиғи немесе дәстүрлі контрацепция әдістері: 
1 .Бала емізу кезіндегі лактациялық контрацепция. 
2.Физиологиялық әдіс. 
З.Жыныстық қатынасты үзу. 
II.Өз еркімен жасалатын хирургиялық контрацепция. 
1 .Ерлер. 
2.Әйелдер стерилизациясы. 
Ш.Жедел контрацепция. 
IV. Барьерлік (кедергілік) контрацепция: 
1.Ерлер презервативі(күйек). 
2.Әйелдер диафрагмасы. 
3.Спермицидтер- таблетка,гель, крем, аэрозоль,тампон, шарик күйіндегі химиялық 
заттар. 
V.Жатыр ішіне салынатын тығындар. 
VІ.Пероральды (ішілетін) гормонды препараттар: 
1.Қосарланған ішілетін гормонды дәрілер. 
2.Таза прогестинді ішілетін гормондар(мини-пили). 
3. Таза прогестинді иньекциялық гормонды заттар: Депо-провера 150 мг (3 айда бір 
салынатын заттар). 
4. Контрацепциялық имплантанттар. 
Бұл заттардың белгілі бір түрін қолдану әйелдердің денсаулығына, оның 
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына, жыныс катынасының жүйелігіне байланысты. 
Ерлердің бала туу қызметінің реттелу әдістеріне: күйек-презервативтер, жыныстық 
қатынасты үзу, хирургияльгқ жолымен ұрық жолдарын байлау жатады. Әйелдердің бала туу 
қызметінің реттелу әдістеріне: гормонды препараттар, физиологиялық әдіс, барьерлік 
диафрагмалар, жатыр ішіне салынатын тығындар, жатыр түтікшелерін хирургиялық жолмен 
байлау жатады. 
 


Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 
«Жамбыл медициналық колледжі» ШЖҚ коммуналдық 
мемлекеттік кәсіпорны
Коммунальное государственное предприятие на ПХВ 
«Жамбылский медицинский колледж» управления 
здравоохранения акимата Жамбылской области 
Сабақ жоспары 
Поурочный план 
ЦӘК-СМЖ/ЦМК-СМК 
10-02/1-03 
4 беттің 2 беті 
стр 2 из 4 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет