Сабақ жоспары Тақырыбы: Сыныбы: 7 Ақсай 2017ж Пәні Геометрия



Дата15.04.2023
өлшемі116,18 Kb.
#82849
түріСабақ

Ақсай қаласы №3 орта жалпы білім беретін мектеп


Сабақ жоспары
Тақырыбы:
Сыныбы: 7
Ақсай – 2017ж

Пәні

Геометрия

Сыныбы

7сынып

Уақыты




Сабақтың тақырыбы

Параллель түзулерге есептер шығару

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат – міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік:
Ә)коммуникативтік құзыреттілік:
Б) проблеманы
шешу құзыреттілігі:

А) Параллель түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын білу, қасиеттерін білу, параллель түзулер ұғымын кеңейте түсу, екі параллель түзуді үшінші параллель түзумен қиғанда пайда болатын бұрыштардың түрлері туралы ақпарат беру;


Ә) Параллель түзулердің өзара байланысын түсіне білуге, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра білуге, параллельдік белгісін пайдаланып есептер шығара білу дағдыларын ұалыптастыру;


Б) Параллель түзулердің сызбаларын дұрыс түсініп, сауатты сала білуге дағдыландыру.Тақырыптың нақтылығына көз жеткізу.

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:

Жеке – топтық оқыту

Оқыту құралдары:

Оқулық (дидактикалық материалдар)

Пәнаралық байланыс:

Информатика

Сабақтың көрнекілігі:

Слайдтар, флипчарт, қоршаған ортаға байланысты көрнекілік, жеке оқушыларға арналған таратпа қағаздары

Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

  • Амандасу;

  • түгендеу;

  • оқушылардың назар-ын сабаққа аудар.

  • амандасу;

  • кезекшілік міндеттерін атқару;

  • сабаққа дайындалу;

Сызбаларды орындауға қажетті құрал аспаптардың толық болуына назар аудару және көңіл –күйлерін бір ортаға тоғыстыруы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы ауызша сұралады.

Оқушылар орындарынан тұрып, ауызша жауап береді. Дәптерлерін тексеріп шығамын.

Үй тапсырмасын дұрыс орындап келуі және және сол тапсырма бойынша туындаған сұрақтарына мұғалімнен жауап алуы.

IІІ.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық жасау

Оқушының білімін жан- жақты тексеру. (жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын,). Түзулердің параллельдік белгілері:
1) а түзуі, в мен с түзулерімен қиылысатын болсын, а түзуі қалай аталады?
2) Екінші теорема - ... (ІІІ белгісі)
3) І белгісі ...
4)Егер екі түзу мен қиюшы жасайтын ішкі айқыш бұрыштар тең болса ...
5) Берілген түзуден тыс жатқан нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?



Оқушылар қол көтеру арқылы жауап береді.
1) қиюшы
2) Егер екі түзу үшінші түзумен қиылысқанда 1) ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 180º-қа тең болса; 2) сәйкес бұрыштар тең болса, онда берілген екі түзу параллель болады.
3) Егер екі түзудің әрқайсысы үшінші түзуге параллель болса, онда бұл екі түзу өзара параллель болады.
4)Егер екі түзу мен қиюшы жасайтын ішкі айқыш бұрыштар тең болса, бұл түзулер параллель болады./дәлелднеуі слайдта көрсетіледі/
5)Түзудің бойында жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана парралель түзу жүргізуге болады. /параллельдік аксиомасы/

Өткен тақырыптар мен байланыстыра отырып, жазықтықтың бетінде қиылыспайтын түзулер параллель түзулер болатынын, түзулердің параллельдік белгілері туралы тұжырымдалуы.

ІV. Жаңа білімді хабарлау



Жаңа білімді игерту.Слайдтарды пайдаланамын (жоспар бойынша), сызба жұмыстары флипчартта көрсетіледі. Бір жазықтықта жатқан екі түзу қиылысуы да, қиылыспауы да мүмкін. Екі түзу қиылысуы үшін олардың ортақ нүктелері болуы керек екені белгілі. Техникада, тұрмыста ортақ нүктелері болмайтын түзулер де кездеседі.
Енді өткен сабақтағы теоремаға қарсы теорема жоримыз.
Теорема 3 (Теорема 2 кері) Параллель екі түзуді үшінші түзумен қиғанда ішкі айқыш бұрыштар өзара тең, ал ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 1800 – қа тең болады.
Дәлелдеу. және түзулері параллель, ал с түзуі оларды А және В нуктелерінде қиятын болсын. А нүктесі арқылы түзуін с қиюшысы және
мен түзулері жасайтын ішкі айқыш бұрыштар тең болатындай етіп жүргізейік.
Түзулердің параллельдік белгілері бойынша және түзулері параллель болады. Ал, А нүктесі арқылы түзуіне параллель тек бір ғана түзу өтетіндіктен, түзуі түзуімен беттеседі. Демек с қиюшысыжәнепараллель а мен в түзулеріжасайтынішкіайқышбұрыштартеңболады. Теорема дәлелденді.

Мысалы:түзу жолдағы машинаның дөңгелектерінің іздері, түзу жолдағы темір жолдың, шаршының қарама-қарсы қырлары т.б.
Бір жазықтықта жататын бір- бірімен қиылыспайтын түзулер параллель түзулер деп аталады.“Параллель” сөзі гректің parallelos- “қатар жүруші” деген сөзінен шыққан. ||-параллельдік белгі. a ||b
Оқылуы: a түзуі b түзуіне параллель /слайд-1/

Жаңа материалды түсіндіру үшін осылай алдын - ала дайындық жасалуы



V. Бекіту


Есептер шығару
(Есептер мен жаттығулар жинағы, «Атамұра» 2003)
№11
Параллель екі түзуді үшінші түзумен қиғанда пайда болған тұстас бұрыштардың біреуі екіншісінен 2 есе үлкен. Осы бұрыштарды анықтаңдар.
№15
37 – суретте m және n түзулері параллель, және - ті табыңдар.
№24
Өзара параллель екі түзуді қиғанда пайда болған айқыш бұрыштардың біреуі 700болса, қалған жеті бұрышты табыңдар.
№26
Өзара параллель екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған екі айқыш бұрыштың қосындысы 160 0. Бұрыштардың әрқайсысын табыңдар.

Жауаптары:
№11

Жауабы: 600; 1200
№15

Жауабы: 670; 670.
№24
Айқыш бұрыштары тең.

Жауабы:
№26

Жауабы:

Есептер шығару барысында теориялық білімдерін толық қолдана білуге машықтандыруы


Есептерді шығару барысында туындаған қиындықтарды жеңе білуі, дұрыс нақты шағара алуы

VI. Қорытынды

Теоремаларды жаттап келу. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Оқушылар бағаларын күнделікке қойдырады.

Оқушылардың бағалануы.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет