Сабақ жоспары топтар 511 513 Күні



бет1/3
Дата04.11.2023
өлшемі28,87 Kb.
#122264
түріСабақ
  1   2   3

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


ТОПТАР 511 513
Күні 6.09.23
Оқытушы Дүйсенбекова Гүлбақыт Болатбекқызы
Тақырыбы:Атомдардығы электрондардың қозғалысы.
Мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға энергетикалық денгейдегі электрондардың санын табуға, элементтерді энергетикалық деңгейде орналастыруда алған білімін жүйелеу.
Дамытушылық: энергетикалық деңгейлерді орналастыру, период және топ бойынша қалай өзгеретіні туралы білімдерін дамытта отырып химиялық тілді қалыптастыру.
Тәрбиелік: өздігінен талпынып жауапкершілікті саналы сезінетін оқушыны тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ әдісі: сыни тұрғыдан ойлау жобасы
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасып, сынып түгендеу.
I-кезең. Қызығушылықты ояту. Ұяшықты тандау арқылы
(оқушылардан үй тапсырмасы ауызша сұралады).

  1. Әртүрлі энергия қоры бар электрондар атомдарда қалай орналасады? Энергетикалық деңгей деген не?

Атомдағы энергиясының мәні өзара жақын электрондар электрондық қабат немесе энергетикалық деңгейлер түзеді. Энергетикалық деңгейлер ядродан қашықтауына орай 1, 2, 3 т.б. бүтін сандармен белгіленеді.
Энергия қоры ең аз электрондар бірінші энегетикалық деңгейде орналасады. Екінші энергетикалық деңгейге энергиясы одан молдау электрондар ораласады. Энергия қоры ең аз электрондар бірінші энегетикалық деңгейде орналасады. Екінші энергетикалық деңгейге энергиясы одан молдау электрондар ораласады, т.с.с.
Әр энергетикалық деңгейде бола алатын максимал электрондар саны:
N=2n2
Формуласымен анықталады, мұндағы n – деңгейлер нөмері.
Егер n= 1 болса, бұл бірінші энергетикалық деңгейде N=2*12= 2 электрон ғана орналаса алады. Ал n= 2 болса, бұл деңгейде N=2*22= 8 электрон, n= 3 1 болса үшінші деңгейде N=2*32= 18 электрон орналаса алады.

  1. Атомдағы электрондардың энергетикалық деңгейге орналасуын түсіндір:

Сутек атомында бір ғана электрон, ал гелий атомында екі электрон бар, сондықтан бұл атомдардың электрондары 2 ғана электроны болатын 1-энергетикалық деңгейде болады. Литий Li атомында 3 электрон бар, сондықтан оның 2 электроны 1-энергетикалық деңгейге орналасады, ал үшінші электроны 2- энергетикалық деңгейге болады. Екінші энергетикалық деңгейде 8 электронға дейін орналаса алады. Олай болса, бірінші және екінші периодтағы элемент атомдары электрондарының энергетикалық деңгейлерде орналасады.Үшінші энергетикалық деңгей натрийдан бастап, аргонды қоса алғандағы, элемент атомдармен толады.Осымен үшінші энергетикалық деңгейдің электрондармен толуы аяқталады. Он тоғызыншы К және жиырмасыншы Са төртінші энергетикалық деңгейде орналасады.
20-кестедегідей, 1-период элементтері бір энергетикалық деңгей немесе электрондық қабат түзеді.2-период элементтері екі, ал 3-период элементтері үшін энергетикалық деңгей түзеді.Топта орналасқан ұқсас элементтердің қабаттардағы электрондар саны топ нөмерімен бірдей болады. Әрбір период сыртқы электрондық қабаты толған сыртқы элементпен аяқталады. Салғырт элементтен кейін тұрған келесі элемент жаңа периодты бастайды. Бұл процесс элементтер түзетін жай заттардың қасиеттерінің күрт өзгеруі арқылы жүреді:
Салғырт элемент → сілтілік металл

  1. Элементтердің периодтық жүйесіне сай келетін заңдылықтарға тоқтал:

Химиялық элемттер атомдарындағы белгілі бір энергетикалық деңгейге орай пайда болған электрондық қабаттарға, соған байланысты элементтердің периодтық жүйесіне сай келетін заңдылықтардың қарастырайық:

  1. Атомның элементтер атомдарындағы белгілі бір энергетикалық деңгейде орай пайда болған электрондық қабаттарға, соған байланысты элементтердің периодтық жүйесіне сай келетін заңдылықтарды қарастыралық;

  2. Атомдағы электрондары энергиясына сай электрондық қабаттарға бөлініп орналасады. Ядродағы жақын қабат екі электорнмен, ал екінші қабат сегіз электронмен аяқталып тұр;

  3. Ең сыртқы қабатта орналасқан электрондар ядромен нашар байланысқан, сондықтан олар қозғалғыш келеді. Бұл электрондар валенттілік деп аталады және сол элементтің қосылыстағы валенттігін анықтайды.

  4. Периодтарда сыртқы энергетикалық деңгей электрондармен толады. Ең соңғы элементте сыртқы энергетикалық деңгей толып бітеді, ол элементтің салғырттығы осыған байланысты;

  5. Бір периодтан келесі перионергетикалық деңгей пайда болады, бұл элементтер қасиеттерінің күрт секірмелі өзгеруіне әкеледі.

  6. Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі атомдардың сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондар санының бірдей болуымен түсіндіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет