Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: өлең бойынша деректерді қолданады



Дата20.06.2023
өлшемі17,49 Kb.
#102713
түріСабақ




Тақырып:

«Жаздыгүні шілде болғанда»

Оқу мақсаты:

6.5.1.5 Етістіктің шақтарының қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: өлең бойынша деректерді қолданады;


Көпшілік оқушылар: етістіктердің шақтарын дұрыс қолдану;


Кейбір оқушылар: өлеңдегі көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдей алады.



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері:



- «Жаздыгүні» өлеңінің мазмұнын түсінеді; - өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды; - тірек сөздерді пайдаланып, суреттер бойынша әңгіме құрастырады;

Белсенді әдістер:
С. Өлеңді оқып, тақырыбы мен негізгі ойын анықтаңыз.
Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда,
Шұрқырап жатқан жылқының,
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер,
Бүйірі шығып ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай,
Айнала шауып бұлтылдап.
(Абай Құнанбайұлы)
2-тапсырма.
Жаз мезгіліне суреттеп, ерекшелігін, қызығын айтып, топтастырады, суреттер бойынша әңгіме құрастырады.
Жазылым
Сөздерді орыс тіліндегі баламасымен сәйкестендіреді.
Сабақтың соңы
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді.

Дескриптор

ұпай

Өлеңнің негізгі ойы мен тақырыбын анықтайды

1

Етістіктерді қолдана алады

1

ҚБ. «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бірін-бірі бағалайды
Бас бармақ жоғары қарап тұрса – Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса – Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса – Мен түсінбедім

Деңгейлік тапсырмалар
Етістіктің шақтарын өлеңнен теріп жазыңыздар


ІІ-топ: Жанибекова Р
Гайсина Д
Ибрагимовна А
Зауреш
Қарлығаш Еламановна
Мәншүк

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет