|
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар үшін: Анимация, анимациялау кезеңдерін анықтау
|
бет | 1/3 | Дата | 10.05.2023 | өлшемі | 48,51 Kb. | | #91585 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: 9-сыныптарға арналған Информатика сабақ жоспары
№ 29-сабақ
§5.4. Кейіпкерлерді анимациялау
PyGame -де ойын алаңында кейіпкерлерді қалай жылжытуға болады?
Тақырып: Кейіпкерлерді анимациялау
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
9.3.3.7- кейіпкер қозғалысын программалау 9.3.3.8- пернетақтадан кейіпкерді басқару
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар үшін:
Анимация, анимациялау кезеңдерін анықтау.
|
Көптеген оқушылар үшін:
Анимациялау алгоритмдерін программалауда қолдану.
|
Кейбір оқушылар үшін:
Анимацияланған компьютерлік ойындардың зиянды және пайдалылығын салыстыру, тұжырымдау.
|
Бағалау критерийі
|
Анимация, анимациялау кезеңдерін анықтайды;
Анимациялау алгоритмдерін программалауда қолданады;
Анимацияланған компьютерлік ойындардың зиянды және пайдалылығын салыстыру, тұжырымдайды.
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Анимация, анимациялау кезеңдерін анықтауды.
Пәндік лексика және терминология:
Анимация- анимация-animation, қозғалыс-движение-motion, орын ауыстыру- переселять- relocate, компьютерлік анимация- компьютерная анимация- computer animation, графикалық нысан- графический объект-graphic object.
|
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Анимация дегеніміз не? Есіңе түсір.
Компьютер пайда болмай тұрып, мультфильм кейіпкерлеріне қалай «жан» бітірген.
Қандай программаларда анимациялармен жұмыс жасағансың?
Компьютерлік ойындардың кейіпкерлерін қозғалту қалай орындалады? Ойланып көр!
|
Жазу:
Кейіпкерлерді анимациялау кезеңдерін жазыңдар.
|
Пәнаралық байланыс
|
Ағылшын тілінде сөздер қолданылады.
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Ойын кейіпкерлерін таңдау.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|