Сабақ нөмірі: 17 Пән атауы: Информатиканы оқыту әдістемесі



Дата06.01.2022
өлшемі30,05 Kb.
#16199
түріСабақ

саламатсыздарма, құрметті студенттер!
құрметті білім алушылар, бүгінгі сабақпен танысып тапсырмаларға уақытылы жауап берулеріңізді сұраймын!



Курс:

3

Топ:

ИИ-18

Сабақ нөмірі:

17

Пән атауы:

Информатиканы оқыту әдістемесі

Оқытушы аты-жөні:

Р.Абайдуллаева

Мамандығы/

Біліктілігі:

0111000

0111093

Уақыты:

15.12.2020 ж.

Сабақтың тақырыбы:

Интернетте жұмыс істеуді оқыту әдістемесі

Практикалық жұмыс. «Коммуникациялық технологиялар»

I. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар:



  • жергілікті компьютерлік желі;

  • аумақтық компьютерлік желі;

  • электрондық пошта;

  • телеконференция;

  • файлдық архив;

  • модем;

  • сайт;

  • браузер;

  • хаттама;

  • HTTP хаттамасы;

  • TCP хаттамасы;

  • IP хаттамасы;

  • IP- компьютердің адресі;

  • URL- web-құжаттың адресі;

  • Интернет;

  • Іздеуші жүйе.

II. Төмендегі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Информатиканың базалық курсында желілік ақпараттық технологияларды оқытудың қажеттілігін негіздеп беріңіз.

2. Оқушылар жергілікті желінің құрылғылары мен жұмысы туралы нені білуі керек?

3. Ауқымды желі құрылғылары мен жұмысын түсіндіргенде қандай аналогияны пайдалануға болады?

4. Оқушылармен сабақ кезінде кіруге болатын бірнеше қызықты сайттардың адрестерін көрсетіңіз.

5. Оқушылардың өздері пошта жәшігін аша алатын ақысыз пошталық серверлерді көрсетіңіз.

6. Оқушыларға «клиент-сервер» технологиясының мағынасын қалай түсіндіруге болады?

7. Интернетте жұмыс істеу үшін оқушыларға қандай практикалық тапсырмалар ұсынуға болады?

III. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Ақпараттық жүйелердегі «клиент-сервер» технологиясының Интернеттегі «клиент-сервер» технологиясынан айырмашылығы неде? Желілердің базалық протоколдарының қолданбалы протоколдардан қандай айырмашылығы бар?

2. Электрондық поштаның жай поштадан артықшылығы қандай?

3. Интернет желісінің ақпараттық- ұйымдастырушылық моделі дегеніміз ......



4. Іздеуші жүйелердің іздеу жолдарында қолданылатын төмендегі берілген символдар қандай логикалық амалдарға сәйкес келеді?

IV. Келесі есептерді шешіңіз:

1. Интернет желісінде келесі электрондық поштаның адресі берілген: user_name@vspu.ac.ru. Жоғарғы деңгейдегі доменнің аты қандай?

2. Web-беттегі: http://www. vspu.ac.ru /pk.htm URL-адресі бар ақпараттық ресурсқа апаратын протокол аты қандай?

3. Дұрыс жауабын таңдаңыз. Домен – дегеніміз:

а) желідегі қолданушының компьютерінің адресін анықтайтын адрес бөлігі;

б) компьютерлер арасын байланыстыратын программаның аты;

в) компьютерлер арасын байланыстыратын құрылғының аты;

г) ақпараттың өлшем бірлігі.

4. Жылдамдығы 14400 бит/с. модем арқылы 5 секунд ішінде мәтіннің қанша символын жіберуге болады?



Тапсырма. Практикалық тапсырмаларды орындаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет