Сабақ Пән: Диагностикалаудың құралдарымен технологиялары Сабақтың тақырыбы: Аккумулятор батареясына ТҚ көрсету және диагностика жасау ерекшеліктері



Дата14.03.2022
өлшемі0,56 Mb.
#27921
түріСабақ
Байланысты:
61-62



61-62 сабақ Пән: Диагностикалаудың құралдарымен технологиялары
Сабақтың тақырыбы:

Аккумулятор батареясына ТҚ көрсету және диагностика жасау ерекшеліктері
Қысқы температура 30°С-қа дейінгі орталық аудандар үшін толық зарядталған аккумуляторда электролиттің тығыздығы жыл бойына 1,27 болуға тиіс. Температура төмен жағдайда электролиттің тығыздығы жоғары, ал температура көтерілген кезде төмен болуға тиіс.

Аккумулятордағы қышқыл ертіндісі тығыздығының азаюы оның қату температурасын жоғарылатады. Қыс мезгілдерінде пайдаланылатын аккумуляторларда ерітінді тығыздығын қалыпты жағдайдағыдан арттырады. Батареяларды пайдаланатын жер жағдайына байланысты мынандай тығыздықтар белгіленген.



Электролиттің тығыздығын ареометрмен (3) тексереді (1.8-сурет) және оларды батареяның әр элементі сайын тексереді.



1.8 – сурет. Электролит тығыздығын тексергіш ареометр
Солтүстік аудандарда, егер температура — 40 градустан артық болса, онда ерітінді тығыздығы қыста — 1,31 г/см3, жазда — 1,27 г/см3, ал —40 градустан төмен болса, онда қысы-жазы — 1,29 г/см3. Орталық аудандарда, ең төменгі температура 30 градустан аспаса, онда қышқыл ерітіндісінің тығыздығы қысы-жазы бірдей — 1,27 г/см3, ал оңтүстік аудандарда қысы-жазы — 1,25 г/см3 болады.

Аккумулятордағы қышқыл ертіндісі деңгейінің азаюы оның тез бұзылуына әкеліп соғады. Электролит деңгейінің төмен түсіп кетуі пластиналардың тез төгілуіне, олардың құрғау процесіне әкеліп соғады. Нәтижесінде пластиналардағы активті масса төгіле бастайды.



Сол үшінде электролит деңгейін де тексеріп отыру қажет. Электролит деңгейін арнайы шыны түтікшемен (1.9 сурет) тексереді. Электролит деңгейі сақтандыру сеткасынан 12 – 15 мм биік болу керек.



1.9 сурет. Шыны түтікшемен электролит деңгейін тексеру.

Қыс мезгілдерінде пайдаланылатын аккумуляторларда ерітінді тығыздығын қалыпты жағдайдағыдан арттырады. Батареяларды пайдаланатын жер жағдайына байланысты мынандай тығыздықтар белгіленген.



Аккумуляторлық батареяларды жұмыс кезінде үнемі тексеріп, қажет болса қосымша зарядтап отырады. Сонда ғана олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуге болады.
Аккумуляторлардың аса күшті зарядсыздануы (1,7 вольттен төмен) кезінде немесе батареяны зарядсызданған күйде ұзақ уақыт қалдырғанда, аккумуляторлардағы электролиттің деңгейі төмендегенде сульфаттану процесі жүреді: электролиттің шамадан тыс тығыздығы салдарынан немесе стартерді 10 секундтан астам уақытқа үздіксіз қосу, сондай-ақ аса тұтқыр май құйылған суық қозғалтқышты стартермен оталдырған кезде аккумуляторлы батареяға шамадан артық күш түсуіне байланысты пластиналардың қисаюының салдарынан активті масса шөгеді. Бұл жағдайдың барлығы аккумулятор батареясының тез разрядтталуы мүмкін.

Аккумулятор батареясының – кернеу дәрежесін тексеру үшін арнайы жүктегіш аша қолданылады (1.10 сурет).



1.10 сурет. Жүктегіш аша.

Ескі аккумулятор батареяларының әр банкасын жеке дара тексеретін болса, қазіргі уақытта жабық аккумуляторлар болғандықтан жалпылама тексеріледі. Аккумулятор батареясы қозғалтқыш өшіп тұрғанда 10-12 Вольт ток беретін болса. Қозғалтқыш қосылған сәттен бастап ол заряд алу қажет.

Егер аккумуляторды тексеру кезінде бастапқы 10 - 12 вольт көрсетіп тұрса ол заряд алып тұрған жоқ. Кернеу тексергіш заманауи құрлығы (1.11 сурет).

1.11 сурет. Кернеу тексергіш құрылғы.
Егер генератор заряд беріп жатса онда тексеру кезіндегі көрсеткіш 13,5 – 15 вольт арасында болады. Одан артық болмауы шарт. Артық болған жағдайда аккумуляторды қайнатып жіберуі мүмкін. 1.12 суретте мультиметрмен тексеру жүргізілуде.

1.12 сурет. Мультиметрмен аккумулятор кернеуін тексеру.

Үйге тапсырма

  1. Конспект көшіріп жазу.

  2. Аккумулятор батареясында қандай ақаулар болады?

  3. Аккумуляторға ТҚ көрсету түрлері.

  4. Бейне роликтерден міндетті түрде осы жабдықтармен жұмыс жасауды мұқият көріп шық.

  5. Ютубтан қосымша ақпараттар;

https://youtu.be/w0BN7DFRXQ4

https://youtu.be/s6I9txLGX_M






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет