Сабақ Пәні: Жаратылыстану Тақырыбы: "Қызықты сайыс"



Дата04.05.2023
өлшемі19,11 Kb.
#89894
түріСабақ
Байланысты:
86 мектеп2


86 мектеп-гимназия

"Қызықты сайыс"

Сыныптан тыс сабақ


Пәні: Жаратылыстану
Тақырыбы: "Қызықты сайыс"

Тобы: Ш-43


Тәжірбие жинақтаушы: Дауталі Мөлдір,Муташ Алмира,
Тұрсынхан Ақмаржан,Садық Амина

2023жыл
Тақырыбы: "Қызықты сайыс"


Мақсаты: - Балалардың жаратылыстану пәніне қызығушылығын, белсенділігін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге, жарыс барысында белсенділік көрсетуге, жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік жасау арқылы тәрбиелеу мақсат етілді.
Өткізілу түрі: Жарыс
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру.
Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған жаратылыстану пәнін сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар! Олай болса сайысымызды бастаймыз. Ал, оқушы, ұстаздар Ортаға назар салайық Сайыскерлер шықпақ сайысқа Қол соғып қарсы алайық Жаратылыстану пәнінен алған білімдерін сынау мақсатында оқушылар 2 командаға бөлінеді.
Сайыс сабағының бағдарламасы:
Сайыс кезеңдері:
І айналым – Таныстыру (Топтың аты ұраны эмблемасы)
ІІ айналым – Ой қозғау (бұл айналым 2 кезеңнен тұрады)
1. «Сөйлемді аяқтау» деп аталады.
2. «Адасқан әріптер»; деп аталады.
ІІІ айналым – Құпия жәшік
ІV айналым – Қызықты сұрақтар
«Cенемін - сенбеймін»
«Сенемін немесе сенбеймін» деп аталады. (Бұл бөлімде жаратылыстануға байланысты қызықты сұрақтар қойылады. Сұрақтар сан-қилы саланы қамтымақ. Ал ол сауалдарға «сенемін» немесе «сенбеймін» деп жауап берулері керек. Топ басшыларына сұрақ қойылмайды. Бірақ олар өздерінің ойыншыларына көмектесе алады)
V айналым – «Ұшқыр оймен» деп аталады.
І АЙНАЛЫМ - ТАНЫСТЫРУ-
Топтың басшысы өз ойыншыларын жеке-жеке таныстырып шығып, топтың атын, ұранымен айтады.
I. «Алғырлар» тобы: Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз алғырлы, Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді. II. «Тапқырлар» тобы Ұраны: Тапқырлық таныту мақсатымыз, Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
ІІ АЙНАЛЫМ -ОЙ ҚОЗҒАУ-
Бұл айналым екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – «Сөйлемді аяқтау» деп аталады.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою арқылы сөйлемді толықтыру қажет
Оның тапсырмасы төмендегідей:
1. Жер күн жүйесіндегі ..................... планета. (3)
2. Жердің серігі ................... (ай)
3. Жердің ішкі құрылысы
1жер қыртысы
2............ (мантия)
3 ядро
4.Табиғатта .... үш күйде кездеседі.
5. ........... латын тілінде –таралу,ыдырау,жайылу деген мағынаны білдіреді. (диффузия)
6.Күн жүйесінде күнге ең жақын орналасқан галамшар ................ (Меркурий)
7.Ұзындық өлшемі..........................(метр)
8.Сүт .............................мен судың қоспасынан тұрады. (май)
2. «Адасқан әріптер»:
1. р ы а т л ы с т а н а ж у - жаратылыстану
2. шрағмала - ғаламшар
3. о л Ш н п а – Шолпан
4. а р е ф с о м т а –атмосфера
ІІІ АЙНАЛЫМ
«Құпия жәшік» деп аталады.
«Білекке сенген заманда - ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі бөлімімізге көшейік.
Барлық командаларға бірдей жұмбақ оқытылады, әр команда жарысы жауап береді. Топтарға информатика сабағы бойынша жұмбақтар жасырылады. Ал қанеки олай болса келесі кезеңімізді бастаймыз.
1.Үлкен-үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп (Тау)
2. Не басы, не аяғы жоқ
Не алды, не арты жоқ
Жас та, кәрі де біледі
Оның үлкен шар екенін. (Жер)
3.Аспанды жағып өтеді
Бірақ бізге жетпейді. (Метеорит)
4.Мекені көкте екі ару
Бір-бірін көруге зәру. (күн мен ай)
5.Керегіңше әрқайсың
Сіміресің қанбайсың.
Онсыз жерде он минут,
Өмір сүре алмайсың. (Ауа)
IV АЙНАЛЫМ- Қызықты сұрақтар
«сенемін - сенбеймін»
– Бұл айналым шағын екі бөлімнен тұрады;
Бірінші кезең «Сенемін немесе сенбеймін» деп аталады.(Алғашқы бөлімде географияға байланысты қызықты сұрақтарқойылады. Сұрақтар сан-қилы саланы қамтымақ. Ал ол сауалдарға «сенемін» немесе «сенбеймін» деп жауап берулері керек. Топ басшыларына сұрақ қойылмайды. Бірақ олар өздерінің ойыншыларына көмектесе алады)
Тапсырмасы:
1.Адамның бүкіл 12 мүшелерінің ішінен ең ауыры бас екеніне сенесіз бе? (сенемін.) 6 кг
2. Зебраның шыққан жері Африка. Зебраның жолақтарына қарап төлдері өз аналарын тауып алады дегенге сенесіз бе? (сенемін) Әр зебраның жолақтары әртүрлі, бір-біріне ұқсамайды.
3. Адам бар жоғы 1-2 минут қана демалмай тұра алады сіз бұан сенесіз бе? Сенемін (рас)
4. Темірқазық жұлдызына қарап жол табуға болатынына сенесіз бе ? (сенемін )
5.Болашақта біздің мектептің гимназия болатынына сенесіз бе? (сенемін)
V АЙНАЛЫМ: «Ұшқыр оймен»
Сабақтан тыс логикалық сұрақтар өқойылады. Ойларының қаншалықты ұшқыр екендігін көруге болады.
1. Алфавиттің ең соңғы әрібі? (т)
2. Итпен биттің айырмашылығы неде? (Иттің үстінде бит болады, бірақ биттің үстінде ит болмайды.) 3. Құлақ не үшін керек? (Көзілдірікті ұстап тұру үшін) 4. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? (Жол полициясы) 5. Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі? (Ұзынағашта) 6. Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр? (Сіріңке) 7. Үйдің ең суық жері? (Сырты) 8. Есікті ашу үшін не қажет? (Есіктің жабық болуы қажет)
9. Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады? (Үсті су болып шығады)
10. Балықтар неліктен сөйлемейді? (Су жұтып қоймау үшін)
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:
Сайысты қорытындысын шығарып, жеңген топты анықтау, балаларды марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет