2-сынып Тақырыбы:Біздің қызықты әлеміміз Мақсаты:
- Балалардың жаратылыстану пәніне қызығушылығын, белсенділігін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге, жарыс барысында белсенділік көрсетуге, жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік жасау арқылы тәрбиелеу мақсат етілді.
Өткізілу түрі: Жарыс
Сайыс кезеңдері:
1-кезең: Таныстыру 2-кезең: Бинго сұрақтары 3-кезең: Адасқан әріптер 4-кезең:Орманның шағым кітабы 5-кезең: Балалар және театр
1-кезең: Таныстыру: (Топтың аты ұраны эмблемасы) Әр топ өздерін таныстырады
2-кезең: Бинго сұрақтары 1.Өсімдік мүшелерін ата
2.Жапырақ қандай қызмет атқарады?
3.Ағаштар қандай маусымдық өзгерістерге ұшырайды?
4.Зоология-қандай ғылым?
5.Жануарлардың қандай ортақ қасиеттері бар?
6.Зерттеуші деген кім?
7.Сен күнделікті өмірде қандай ақпарат көздерін пайдаланасың?
8.Зерттеушіге қандай қасиеттер тән?
9.Бақылау дегеніміз не?
10.Тәжірибе дегеніміз не?
11.Тіршілік ортасы дегеніміз не?
12.Өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайларды ата
13.Құрғақшылыққа төзімді қандай өсімдіктерді білесің?
14.Өсімдіктің қай бөлігін жерасты бөлігі деп аталады?
15.Неліктен жануарлардың түсі өзгереді?
3-кезең: Адасқан әріптерден жануарлар мен өсімдіктердің аттарын тапжәне оларды сипатта
2. Т А Қ С Б А А-ТАСБАҚА
3.К Т Ы Ө Р Ш Қ А Н-КӨРТЫШҚАН
4.Ә Й Б Е К Ш Е Ш-БӘЙШЕШЕК
5.К У С Т А К-КАКТУС
6. Ж Н А Т А-ЖАНТАҚ
4-кезең: Орманның шағым кітабы: Бұл не?
Ох, мені адамдардың бәрі жек көреді. Оларға менің даусым ұнамайды екен, көзімді де ұсқынсыз дейді. Мені жамандық әкеледі дейді. Бұл дұрыс па? Егер де мен болмасам,елдер нансыз отырар еді. Бұл не?
Жауап:Үкі. 1964 жылдан бастап үкі мемлекеттің қарауында. Бір үкі жылына бір тонна бидайды сақтап қалады. Тышқан жылына1 кг нанды жеп қояды.Ал үкі жылына 1000 тышқанды жояды.
Ұсқынсыз екенімді өзім де білемін. Мені көріп қалса барлығы тас лақтырады, аятарымен түртеді, маған жиіркеніп қарайды. Не үшін? Менің пайдам өте көп.
(Бақа. Бір бақа жылына бау-бақшаны мыңдаған құрттардан қорғайды.)
3.«Бізді не істесеңдер де өздерің біліңдер: Тураңдар, қуырыңдар,қайнатып жеңдер, тұздаңдар. Керек десеңдер маринадтаңдар.! Бірақ тамырымызбен жұлмаңдар, орман түбінен қазып алмаңдар, әйтпесе мүлдем өспей қаламыз.» ( Саңырауқұлақтар)