Сабақ тақырыбы : Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы. Сабақ мақсаты



бет1/5
Дата15.11.2022
өлшемі226,46 Kb.
#50177
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жарықтың сыну заңы


Ақтөбе қаласы.Благодар орта мектебі
Коянбаева Асылгул Жайылхановна
Физика пәні мұғалімі
Сабақ тақырыбы: Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы.
Сабақ мақсаты:
Жарықтың сынуы, сыну бұрышы, жарықтың сыну заңы туралы
оқушыларға түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, Электронды оқулықтар
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Қызығушылығын ояту
3.Ми шабулы (тест тапсырмасы)
4.Мағынаны тану (жаңа білім меңгеру)
5.Ой қорыту (эксперимент жасау, есептер шығару)
6.Қорытындылау (оқушылардың білімін бағалау)
7. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Қызығушылығын ояту»
1) Жазық айнада қандай кескін алынады?
2) Жазық айналар қай жерде қолданылады?
3)Сфералық айна деген не?
4)Ойыс айнаның беретін кескінін сипатта
5) Дөңес айнада қандай кескін алынады?
6)Жарықтың шағылу заңы қалай тұжырымдалады.
7) Шағылу бұрышы 35 º болса, түсу бұрышы неге тең?.
8) Түсу бұрышы 70 º болса, шағылған сәулемен перпендикуляр арасындағы бұрышы неге тең?.
9) Ақындардың айна туралы қандай өлеңдерін білесіңдер?
ІІІ. «Ми шабулы »
1.Шағылу бұрышын қандай әріппен белгілейміз?
А) α; Ә) β ; Б) γ ;
2.Жазақ айнадағы кескін қандай болады?
А) айнаның жазықтығына симметриялы;
Ә) нәрсенің жалған кескіні; Б) жазық айна.
3.Түсу бұрышын қандай әріппен белгілейді?
А) α ; Ә) β ; Б) γ ;
4. Жарық көздері қанша топқа бөлінеді?
А) 3; Ә) 2; Б) 4;
5. Күннің көрінетін беті.
А) хромосфера; Ә) Фотосфера; Б) Ионосфера;

6. Дербес жарық көздері қанша топқа бөлінеді?


А) 3; Ә) 2; Б) 4;
7. Жарық шоқтары
А) жарық сәулелерінің жиынтығы; Ә) жарық көзі; Б) жарық энергиясы.



Жауаптары

1

Ә) β ;

2

Ә) нәрсенің жалған кескіні;

3

А) α ;

4

Ә) 2;

5

Ә) Фотосфера;

6

А) 3;

7

А) жарық сәулелерінің жиынтығы;

«Қап бәлем, тоқтай тұр»! мултьсериялы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет