Білімділік: Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Дамытушылық: Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту. Тәрбиелік: Денсаулықты күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Мақсаты Психологиялык дайындык. Үлкенге де Сіз!
Кішіге де Сіз!
Барша адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
- Ал балалар, шаттық шеңберін жасаймыз.
Балалар бәріміз бірге «Өрмекшінің өрнегін» жасай отырып бір-бірімізге жақсы тілек айтайықшы.
1- топ «Денсаулық»
2- топ «Салауат»
3-топ «Тазалық»
Мағынаны тану:
«Бейнежазба» әдісі арқылы жаңа сабақты ашамын.
– Ал, балалар бейне баянды тамашалап осы бейне баянға тақырып қоямыз.
– Ал, кәне балалар бейнебаяннан нені білдік, не туралы көрдік, қане сыный тұрғыдан ойланып айтамыз. Жарайсыңдар балалар бәріміз бірге бүгінгі сабағымыздың тақырыбын айтайықшы.
Жаңа сабақ түсіндіру Денсаулық-адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Денсаулықты
сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болуы керек. Адамның
жан тазалығы денсаулығына әсер етеді.
Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын
жақсартуға ықпал етеді. Денсаулығың жақсы болса, көңіл-күйің де
көтеріңкі болады.
Деннің саулығы адамның өзіне және өзгеге адал болуынан, көңіл-
күйін басқара білуіне байланысты. Өзіне және өзгелерге деген адал сезім,
ақыл-ой салауаттылықтың негізі.