Сабақ тақырыбы: Дөңгелек пен шеңберді оқыту әдістемесі Пән: Математиканың теориялық негіздері және бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі



бет1/3
Дата13.12.2022
өлшемі373,66 Kb.
#57004
түріСабақ
  1   2   3


Сабақ тақырыбы: Дөңгелек пен шеңберді оқыту әдістемесі
Пән: Математиканың теориялық негіздері және бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі
Күні: 15. 03. 2021
Тобы: ББ-Б-17
Оқытушы: Сәрсен Г.А


  1. Дөңгелек пен шеңберді таныстыру (3-сынып)

  2. Дөңгелек пен шеңбер (4-сынып)

  3. «Дөңгелек пен шеңбер» тақырыбы бойынша оқушының білім, білік, дағдыларын арттыруға арналған тапсырмалар үлгілері

  4. Тақырып бойынша оқу жоспарындағы оқу мақсаттары

  5. Сөздік жұмыс




  1. Бастауыш сыныпта таныстырылатын геометриялық фигуралардың бірі - дөңгелек пен шеңбер.

Дөңгелек пен шеңбер және оладың элементтері 3-сыныпта таныстырылады.
3-сыныпта оларға мынадай анықтама беріледі:

Шеңбер – дөңгелектің шекарасы.


​Дөңгелек – барлық нүктелері центрден бірдей қашықтықта орналасқан, сызықпен шектелген жазық фигура.
​О нүктесі – дөңгелектің (шеңбердің) центрі.
Радиус (r) – шеңбердің центрін оның бойында жатқан кез келген нүктемен қосатын кесінді.
​АВ – диаметр (d) – шеңбердің центрі арқылы өтетін және шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді


Және осы тақырыпта циркульды таныстырып, шеңберді циркуль көмегімен салуды үйрету практикалық жұмыс түрінде беріледі.


Берілген радиустағы шеңберді салу реті:

  1. Циркульдің инесін нөлге, ал циркульдің қарындашы бар ұшын сызғыштың бөлігіне қой (мысалы, 3 см).

  2. Осы өлшеммен циркульді дәптерге қой.

  3. Циркульдің қарындашы бар ұшын дәптердің бетімен мұқият айналдыр.

Дәптеріңе циркульдің көмегімен радиусы 2 см, 3 см, 1 см болатын шеңбер сыз.


  1. 4-сыныпта «Шеңбер мен дөңгелек» тақырыбы жаңартылған білім мазмұнының «шиыршық» (спираль) тәріздес болуына сәйкес қайта өтіледі.

4-сынып оқулығында мынадай анықтамалар беріледі:
Шеңбер – барлық нүктелері шеңбердің центрі деп аталатын нүктеден бірдей қашықтықта жататын тұйық сызық.
​Радиус – шеңбердің центрін оның қандай да бір нүктесімен қосатын кесінді.
​Дөңгелек – бұл шеңбермен шектелген жазықтықтың бөлігі.

Шеңбер мен дөңгелекті оқушы бірдей фигура деп қабылдап, сондай түсінік қалыптаспау үшін балаларға оларды ажырата білуді үйрету керек. Ол үшін шеңбер мен дөңгелекке мысал бола алатын заттарды көрсетіп, шеңбер мен дөңгелекті қолдан жасатуға болады.




  1. Тақырып бойынша оқушыларға мынадай практикалық тапсырмалар ұсынуға болады:

    1. Радиустары 3 см, 5 см болатын шеңберлер сыз.

    2. Түрлі-түсті қағаздардан радиусы 8 см, 5 см болатын дөңгелектер қиып жаса.

    3. Әртүрлі шеңберлер сыз, олардың диаметрлерін өлшеп, нәтижесін мм арқылы жаз.



  1. Бастауыш сынып математикасы бойынша оқу бағдарламасында тақырып бойынша келесі оқу мақсаттары берілген:

3-сынып:
2В бөлім. Аудан. Шамалар
3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір бірінен ажырату және атау/ симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
3.3.2.2 тіктөртбұрыш пен шаршы сызу (берілген қабырғалары бойынша), циркульдің көмегімен шеңбер сызу
4-сынып:
3С бөлім. Шеңбер және дөңгелек.
4.3.2.2** дөңгелекті радиусы бойынша сызу.

5.СӨЗДІК ЖҰМЫС:



  • Шеңбер – Окружность – Circumference

  • Дөңгелек – Круг – Circle

  • Орталық – Центр – Center

  • Радиус – Радиус – Radius

  • Диаметр – Диаметр – Diameter

Тақырып бойынша сілтемелер:

  1. https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/4-synyp/donggelek-shengber-shengber-syzu?mid=ee6aa790-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

Пайдаланатын әдебиеттер мен оқулықтар:



  1. Математика. 3-сынып. Ә.Ақпаева. Алматыкітап. 2018 https://www.okulyk.kz/matematika/55/

  2. Математика. 4-сынып. Ә.Ақпаева. Алматыкітап. 2019 https://www.okulyk.kz/matematika/83/

  3. Математикадан оқу жоспары. 3,4 сыныптар: http://smk.edu.kz/Bank/Show/181558




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет