Сабақ Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі» 2 сынып Бастауыш сынып мұғалімі: Сабақтың тақырбы: Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата29.10.2022
өлшемі318,92 Kb.
#46180
түріСабақ
  1   2   3   4

Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»


2 сынып


Бастауыш сынып мұғалімі:
Сабақтың тақырбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі


Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту;

  2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру;

  3. Тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу.



Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, жасанды жеміс, көкөністер, сүт тағамдарының суреттері





Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Оқушыларды түгелдеу, балалардың назарын сабаққа аудару

  3. Үй тапсырмасын сұрау.

  4. Үйге қандай тапсырма берілді? (үйде әр кім өз отбасында сақталған дәстүр туралы айту)

Үй тапсырмасын бекіту мақсатында «Іскерлік»ойыны ойналады.
Мазмұны: сыныпта бір оқушы журналист болып тағайындалады. Журналист кез келген оқушыға келіп, сұрақтар қойылады.

  1. Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер сақталған?

  2. Салт-дәстүр туралы айтып берсеңіз?



Ой түйіндеу
Наурыз тойы




Дәстүр


Тұсау кесер

Қыз ұзату


Бесікке салу

(интерактивті тақтада орындалады)


Осылайша өткен тақырып бекітіледі. Психологиялық дайындық
Бүгінгі сабақта мынандай маңызды сұрақтарға жауап береміз:

  1. Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?

  2. Неліктен жемістер мен көкеністерді жуып жеу керек?

  3. Неліктен ас ішер алдында қолды жуып, тісті тазалау керек?

  • Балалар, өткен сабақтарда біз отбасы мүшелері туралы айттық.

Отбасы мүшелеріне не жатады?(әке-ана, ата-әже, аға-іні, әпке-сіңлі)

  • Дұрыс сол кісілердің қандай болғанын қалайсыңдар?( Дені сау,ұзақ өмір сүргені)

  • Олай болса, балалар бүгін сабақта «салауатты өмір сүрудің бір ережесі – дұрыс тамақтану» туралы мәлімет аламыз.

  • Қанеки, барлығымыз тақтаға көңіл бөлейік. Қандай сурет көріп отырсыңдар?( интерактивті тақтада бір өте семіз адамның және өте жүдеу адамның суреті бейнеленген)

  • Неге бұл адамдар осындай сырт көрініске тап болды деп ойлайсыңдар? (оқушылар ойларын айтады)

  • Жалпы балалар, сендердің айтып жатқан ойларың дұрыс. Бұл адамдар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан, денсаулықтарын жоғалтқан.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет