Сабақ тақырыбы: Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері және заңнамалық жағдайы Жоспары



Дата24.05.2023
өлшемі25,09 Kb.
#96462
түріСабақ

Күні: 28.04.2021ж.
Пән атауы: Құқық негіздері және еңбек қорғау
Сабақ тақырыбы: Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері және заңнамалық жағдайы
Жоспары:


1. Еңбек қорғау мәселелрі бойынша заңнамалар
2. Еңбекті қорғау принциптері
3. Еңбек қауіпсіздігін қорғауды ұйымдастыру стандарттары
Еңбекті қорғау-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлы-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, сауықтыру және басқа да шараларды қосатын еңбек әрекеті процесіндегі жұмыскерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау жүйесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сай:
-әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
- әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес:
Еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
Қауіпті өндірістік фактор-қызметкерге әсер етуі еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор.
Зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор.
Адам еңбек қызметін материалды- техникалық сияқты, сондай-ақ табиғи жағдайлар кешенінің әсерінен жүзеге асырады.
Еңбекті әртүрлі қөзқараспен қарастыруға болады: физиологиялық, психологиялық, экономикалық, социологиялық және тағы басқа, бірақ ешқандай еңбек тек қана физикалық немесе тек қана ақылмен жасалатын болмайды. Кез келген физикалық еңбек ақылдан бастау алады, ал ақыл еңбегі физикалық еңбекпен негізделеді. Сондықтан қандайда бір еңбек процессін құрамды жақтары тек қана салыстырмалы түрде артық болуы туралы ғана айтуға болады.
Еңбек мәдениеті еңбек қызметінің әртүрлі мәндерін және ерекшеліктерін білуге негізделеді. Физикалық еңбекте маңызды роль атқаратын қолдарға ерекше назар бөлінуі керек. Қолдардың шамадан тыс шаршауы адамның барлық жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Қолға еңбек құралы ретінде кеңестіктік бағытта ерекше роль беріледі. Мұның бәрін -басқару құралдарын, құрал тұтқаларын және түрлерін, машиналарды, жабдықарды дайындау, қолдану барысында ескеру қажет.
Еңбек шарттары денсаулыққа, жұмыс қабілеттілікке, және еңбекшілердің жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Кез келген өндірістік процессті ұйымдастру барысында осы еңбек процессінің барлық элементтері ескерілуі қажет, олар қалай ескерілгеніне байланысты жұмысшылардың еңбек шарттары ескеріледі.
Еңбекті қорғау – заңнамалық актілер мен еңбек процессі кезінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау және екі жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін, оларға сәйкес келетін әлеуметтік- экономикалық, техникалық, гигиеналық және ұйымдық іс-шаралардың жүйесі.
Техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, еңбек заңнамаларның сұрақтары еңбекті қорғаудың жалпы мәселелеріне өзіндік тарау ретінде қосымша бөлім болып енеді.
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 15 мамыр № 251 еңбек кодексі негізінде келесі түсініктер қабылданды:
- еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процессінде жұмысшыларға зиянды және қауіпті әсер етпейтін іс-шаралар кешенімен қамтылған жұмысшының қорғалу жағдайы;
- өндірістік процесс қауіпсіздігі - өндірістік процесстің нормативті-техникалық құжаттармен бекітілген шарттарда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сай келуі;
- қауіпті өндірістік фактор - жұмысшыны уақытша немесе өмір бойғыға еңбек қабілетілігінен айыратын немесе өлімге апарып соғатын өндірістік фактор.
Кәсіби ауру – жұмысшының өз еңбек міндеттерін атқару барысында зиянды өндірістік факторлардың әсерінен туындаған созылмалы немесе жіті ауруы;
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзған кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының зандары бойынша жауапқа тартылады.
Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес жұмысшы келесі құқықтарға ие:
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
- жеке және ұжымдық қорғаныс құралдармен қамтылу;
- білім және кәсіби дайындық;
- еңбек міндетерін орындау барысында өміріне және денсаулығына әсер ететін зиянның орнын толтыру;
- жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау облыстарында заңсыз іс-әреккетеріне шағымдану.
Еңбекті қорғаудың мақсаты – еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету. Бұған жұмысшыларға зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуі мүмкін немесе олардың әсер етуі қабылданған нормативтерден аспау жатады.
Еңбекті қорғаудың негізгі принциптері:
- қауіпсіз еңбекті ұйымдастру тәсілін жүйелі қолдану принципі;
- еңбек шарттары факторларын қалпына келтіру;
- техниканың қауіпті артық жүктерін өзіне қабылдау, «әлсіз бөлім» принципі;
- ақпарат;
- қауіпті және зиянды өндіріс пен объектілердің жіктелу принципі;
Еңбекті қорғаудың негізгі әдістері:
- жұмысшы және қауіпті аймақтардың кеңестік және уақытша бөлінуі (өндірістің автоматтандырылуы, қашықтықтан басқару және тағы басқалар)
- адамды шаңнан, газдан, шудан, сәуледен, жараққаттанудан және т.б. ұжымдық қорғау құралдарымен қауіпті аймақты қалпына келтіру;
- адамның өндірістік ортаға бейімделуін және оның қауіпсіздігін арттыруын қамтитын тәсілдер мен құралдардың көмегімен жүзеге асатын әдіс.
Жол – құрылысы мен коммуналды қызмет көрсету шаруашылығының жоғары қарқынды механикаландырылуы, одан еңбек шартының барынша жеңілдеуі, пайдаланудағы қауіпсіздік шартының жоғарлауы болып табылады.
Коммуналды қызмет көрсету шаруашылығын механикаландырылуының көрінісі – жылжымалы қар еріту қондырғысының еңгізілуі. Қазіргі кезде жылжымалы қар еріту қондырғысы қала коммуналды шаруашылығынан басқада кең қолданыс тапты, ол әуежай ұшу-қону алабын қардан тазалайды.
3. Еңбекті қорғау жөніндегі нормалар мен ережелер және стандарттар
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында еңбек қорғау жөнінде көптеген құжаттар жұмыс істеп жатыр. Ол құжаттарды министрліктер Республиканың кәсіподақ федерациясымен келісе отырып жасайды. Нормалар мен ережелері:
· жалпыға бірдей;
· сала аралық;
· салалық болып бөлінеді.
Еңбек қорғаудың жалпыға бірдей ережелері шаруашылықтың барлық салаларына таралады, ал салааралық ережесі шаруашылықтың бірнеше салаларына және технологиялық жабдықтардың кейбір түрлеріне (олар үшін қауіпсіздігі мен өндірістік санитария ережелері жалпылама болса) таралады. Еңбек қорғаудың салалық ережесі тек кана шаруашылықтың кейбір салаларына ғана таралады.
1974 жылдан бастап еңбек қорғау жөніндегі нормалар мен ережелер қауіпсіздік жөніндегі стандартқа айнала бастады. Стандарттың әр түрі бар:
· МЕСТ (мемлекеттік стандарт);
· ОСТ (салалық стандарт);
· кәсіпорынның өз стандарты.
Бүгін де жалпы жасалған мемлекеттік стандарттың саны 100 ден асады. Олардың барлығы өзінің мазмұнына карай бірнеше топтарға бөлінген:
· негізге алынатын мемлекеттік стандарттар;
· қауіпті және зиянды өндірістік факторлар түріне қойылатын жалпы мемлекеттік талаптар мен мөлшер стандарттары;
· өндірістік жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талабының жалпы стандарты;
· өндірістік процесстерге қойылатын стандарттардың жалпы қауіпсіздік талабы;
· жұмыскерлерді қорғайтын қорғау құралдарына қойылатын талап стандарттары;
· ғимараттарға қойылған қауіпсіздік стандарттар талабы.
Негізге алынатын мемлекеттік стандарттар:
· стандарттарды;
· оның қызметін, мазмұнының жіктелуін;
· белгісін және оларды келістіруін;
· еңбек қауіпсіздігі облысындағы терминдерді;
· кауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелмесін анықтайды.
Өндірістік жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарының жалпы стандарттары мына төмендегі талаптарды қояды:
· техникалық жабдықтардың конструкциясына түгелінен және олардың кейбір элементтеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары;
· қауіпсіздік талабының орындалуына қойылатын бақылау тәсілдері.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар түріне қойылатын жалпы мемлекеттік талаптары мен мөлшер стандарттары мына төмендегі талаптарды қояды:

  • мөлшерленетін параметрлердің мейлінше шектелген мөлшеріне (МШМ);

  • өлшеу тәсілдеріне;

  • қауіпті және зиянды қасиеті бар заттармен жұмыс
    істегенде қойылатын қауіпсіздік талаптарын қояды.

Өндірістік процесстерге қойылатын стандарттардың жалпы кауіпсіздік талабы мына төмендегі талаптарды қояды:

  • технологиялық жүйелердің элементтерінің орналастыруына қойылатын қауіпсіздік талаптары;

  • өндірістік жабдықтардың жұмыс істеу режиміне қойылатын талаптар;

  • жұмыс істейтін персоналдардың, жұмыс орнына және еңбек режиміне қойылатын талаптар;

  • басқару жүйесіне қойылатын талаптар;

  • жұмысшылардың қорғау құралдарының қолдануына қойылатын талаптар;

  • қауіпсіздік талабының орындалуына қойылатын бақылау тәсілдерінің талаптары.

Жұмысшыларды қорғайтын қорғаныс құралдарына қойылатын талап стандарттары мына төмендегі талаптарды қояды:

  • конструкцияның негізгі параметрлеріне қойылатын талаптар;

  • коллективтік және жеке қорғау құралдарының гигиеналық және пайдалану көрсеткіштеріне қойылатын талаптар, олады сынау және оларға баға беру тәсілдері талаптары.

Техниканы қауіпсіздендіру төмендегі мемлекеттік стандартқа 12 деген шифр берілген. Мысалы МЕСТ 12.0.002-80, мұндағы: 0 – жіктелу тобын көрсетеді; 002 – стандарттың коды; 80 – стандарттың бекітілген жылы.
Классқа жүйені құру негізінің ұйымдық, әдістемелік
стандарттары кіреді. Көбінесе бұнда еңбек қорғау жөніндегі негізгі
мәліметтер кіреді:
1 классқа – қауіпті және зиянды өндірістік
факторлардың түрлері бойынша қойылатын талаптар
стандарттары кіреді;
2 классқа – өндірістік жабдықтарға қойылатын
кауіпсіздік талаптарының стандарттары кіреді;
3 классқа – өндіріс процестеріне қойылатын қауіпсіздік
талаптарының стандарттары кіреді;
4 классқа – жұмысшылардың жеке қорғаныс құралдарына
қойылатын талаптар стандарттары кіреді;
5 классқа – ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптарының
стандарттары.
Еңбекті қорғау ережелерінің, техникалық нормаларының және заңдарының орындалуын қадағалайды. Ведомствоішілік бақылауды кәсіпорынның үстінен қарайтын министрліктер мен ведомстволар жүзеге асырады. Барлығының іс-әрекетін бас прокурор бақылайды.
Еңбекті қорғау ережелері – өндірістік процестерді жобалағанда, ұйымдастырғанда және жүзеге асырғанда, өндірістік құрылғыларды, қондырғыларды, агрегаттарды, машиналары, аппараттарды пайдаланғанда, және де бастапқы материалдарды, дайын өнімдерді, өндіріс қалдықтарын т.б. қолданғанда, сақтағанда, тасымалдағанда орындауға міндетті еңбекті қорғау бойынша талаптарды қалыптастырушы нормативтік акт; салалық және саларалық болып бөлінеді.
Еңбекті қорғау нұсқауы– өндірістік орындарда, кәсіпорын территориясында, құрылыс алаңдарында және бұл жұмыстар жүргізілетін немесе қызметтік міндеттер орындалатын басқа да орындарда жұмыс атқарғанда еңбек қорғау бойынша талаптарды қарастыратын номативтік акт; типтік (салалық), және кәсіпорын жұмысшылары үшін) мамандығы мен жұмыс түрлері бойынша) болып бөлінеді. Еңбекті қорғау нұсқаулары сала аралық және салалық ережелер негізінде жобалануы тиіс және оларға қайшы келмеуі керек. Нұсқаулар жеке мамандық иелері үшін де (электр дәнекерлеушілер, слесарлер, лаборанттар және т.б), сол сияқты жұмыстардың жекелеген түрлері үшін де (биіктіктегі жұмыс, монтаждық, ремонттық жұмыстар, сынақтар өткізу) жобалануы мүмкін. Нұсқаулар типтік нұсқаулар, берілген кәсіпорында қолданылатын құрылғылардың зауыт өндірушісінің қолдану- жөндеу құжаттамасында көрсетілген қауіпсіздік талаптарының, және деөндірістің нақты жағдайлары ескере отырып, технологиянық құжаттамалар негізінде жобаланады. Нұсқаулар талаптары жұмысшылар үшін міндетті болғандықтан, олады орындамау еңбектік дисциплинаны бұзу болып саналады.

  • Нұсқамашының (инструктаж) келесі түрлері бар:

  • алғашқы нұсқамашы – бұл жұмыс орнында әрбір қызметкермен қауіпсіздік шараларын және әдістерін оқытып, жүргізілетін еңбек;

  • өндірісте (цехта) тікелей жұмыс орында алғашқы нұсқамашы;

  • жұмыс орнында жұмыстың қауіпсіз тәсілдеріне теориялық және өндірістік оқыту;

  • жұмыстағы теориялық білім мен практикалық машықтарын тексеру;

  • жұмыс орынына қатысты қауіпсіздік техникасы ережелері мен инструкцияларын кезеңдік және кезектен тыс тексеру;

  • қайталама (кезекті, жоспарлық) нұсқамашы;

  • жоспардан тыс нұсқамашы және білім тексеру;

  • арнайы нұсқамашы және білім тексеру.

Еңбек сақтау бойынша тәртіптер мен нұсқау біліміннің деңгейін тексеру және көтеру мақсатында жеке немесе бір мамандықтың бір топ жұмысшыларымен жүргізілетін, жұмыс орнындағы нұсқама бағдарламасы бойынша бригадасы бұл қайталама нұсқамашы деп аталады.
Нұсқаулардың міндетті және қызметтік түрлері жобаланады. Міндетті Нұсқауларға жалпы зауыттың, жалпы өндірістік және жұмыс орны бойынша нұсқаулары жатады. Еңбекті қорғау бойынша талаптар еңбек заңдары, ғылыми зерттеу нәтижелері мен өнеркәсіп кәсіорындарының оң нәтижелі тәжірбиелі негізінде жобаланып, мұнай өнеркәсібі бойынша Гостехнадзормен келісіліп, мұнай өнеркәсібінің министрлігі бекіткен еңбектің қауіпсіз жағдайларын құру жүйесі бойынша жобаланады.
Инженерлік-техникалық жұмысшылардың қауіпсіздік техникасының ережелерін, өндірістік санитария мен еңбек туралы заң актілерін білуі – өндірістік жарақаттануды төмендетудің маңызды шарты. Жұмысшыларды қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитарияға үйрету және нұсқамашыларды ұйымдастыру кәсіпорынның бас инженері мен еңбекті қорғау қызметінің жұмысшыларына жүктелген. Барлық жұмысшылар міндетті түрде алғашқы және жұмыс орнында- нұсқамашының екі түрінен өтуі тиіс.
Алғашқы нұсқамашы жұмысқа қабылданушы негізгі еңбек туралы заңдарымен, ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария, өртке қарсы ережелермен және осы кәсіпорынның ерекшелік спецификасымен танысады. Алғашқы нұсқамашы алған жұмысшыға оның мамандығына қатысты қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау немесе жадынама беріледі.
Жұмыс орнындағы нұсқамашы қызметінің жұмыс бабына бағытталған инженер- техникалық қызметкері өткізеді. Нұсқама өткізуші жұмысшыға жұмыстың қауіпсіз әдістерін, көрсетіп, құрылғылардың құрылыс ережелерін түсіндіреді.
Нұсқамашы жұмысшыға:

  • жұмыс орнында болғанда және жұмыстар орындау кезінде өндірістік санитария мен қауіпсіздік техникасының ережелерін;

  • бұл жұмысты орындау кезіндегі өндірістік жарақаттанудың негізгі себептерін;

  • мекеменің және жұмыс орнының негізгі талаптары мен міндеттерін;

  • жұмыс жүргізетін қондырғылар, станоктар, машиналарындағы қауіпсіз жұмыс жағдайын;

  • қорғаныс, бөгет, байланыс және ескерту құралдары мен оларды қолдануды;

  • қауіпсіздік техникасы бойынша көрнекі үгіттеу құралдарының түрлері мен қолдану жолдарын;

  • бақытсыздық жағдайларында алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі ережелерін;

  • транспорт құралдары мен жүккөтергіш механизмдерді қауіпсіз қолдану ережелері;

  • қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзғаны үшін тартылатын жауапкершілік шараларын үйретуге, жұмысшы үйренуге тиіс.

Нұсқаманың өткізу кезеңдерін жұмыс сипатына байланысты белгілейді, бірақ барлық жағдайда ол жылына бір реттен кем болмауы тиіс. Жоспардан тыс нұсқамашылар жұмыстың әдістемесі немесе технологиясы өзгерсе, және де басқа да бақытсыздық оқиғаларыннан кейін өткізеді.
Кезексіз нұсқамашы басқа жұмысқа ауыстырылғанда жүзеге асырылады.
Ағымдағы нұсқама басқа жағдайларындың барлығында жеке каточкада және өндірістік санитария мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамашылардың жалпы журналында белгі қояды.
Кәсіпорын басшылығы мен жұмысшылар ұжымы атынан кәсіподақ ұйымымен келісілетін ұжымдық келісім-шарттар, номенклатуралық шаралар жоспары түрінде бекітілетін еңбекті қорғау бойынша өзара міндеттемелерден тұрады.
Еңбекті қорғау бойынша номенклатуралық шаралар жоспарының құрамына келесі бөлімдер кіреді.

  • бақытсыз оқиғаларының алдын-алу бойынша шаралар;

  • өндірістегі аурулардың алдын-алу бойынша шаралар;

  • еңбек жағдайын жалпы жақсарту бойынша.

Еңбек қорғау бойынша номенклатуралық шараларды жүзеге асыруға арналған материалдық ресурстар мен қаржыландыру көздерін басқа мақсаттарға жұмсауға рұқсат етілмейді. Еңбек қорғау бойынша номенклатуралық шараларды қаржыландыру цехтық және және жалпы зауыттың шығындар, амортизациялық қор есебінен (егер шаралар капиталдық жөндеу жұмыстарымен бір мезгілде өткізілетін болса), мемлекеттік капиталсалынымдар (бұл шығындар капиталдық болып табылатын болса, өндірісті жетілдіру және кәсіпорын фондтарын қоса отырып), банктік несие (егер шаралар өндірісті кеңейтуге немесе жаңа техника енгізуге жұмсалатын банктің несиеленген шығындар комплекіне енсе) есебінен жүзеге асады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет