Сабақ тақырыбы Ғарыш дегеніміз не? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#22667
түріСабақ

Жаратылыстану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жер және ғарыш

Мектеп:

Күні:

Ортақ тақырып: Саяхат

Мұғалімнің аты-жөні: Ғаниева Айғаным

Сынып: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Ғарыш дегеніміз не?




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: ғарыш ұғымымен танысады, астрономия қандай ғылым екенін түсінеді, аспан денелерін атайды

Көптеген оқушылар: адамдарға астрономияны зерттеу не үшін керек болғанын анықтайды

Кейбір оқушылар: астрономия ғылымының маңыздылығын түсіндіріп, ерекшелігі туралы әңгімелейді

Бағалау критерийлері

Астрономия ғылымының ерекшеліктерін анықтайды

Астрономия ғылымы туралы әңгімелейді



Тілдік мақсаттар

Астрономия, шоқжұлдыз, ғарыш

Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу. Топпен жұмыс істеген кезде бір-бірінің ойын тыңдау. Ынтымақтастықта жұмыс істеу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Бейнефильм

Бастапқы білім

Адам,жануар, денелердің қозғалысы туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут


2 минут


Ұйымдастыру кезеңі. Ширату жаттығуы.

«Күн мен түн» ойыны.

Оқушылар екі қатарға Күн және Түн болып бөлініп тұрады. Жүргізуші Күн мен Түн ауысады дегенде Күннің орнындағы оқушылар Түннің орнында тұрған оқушылардың орнына тұра қалуы керек. Орын таба алмаған оқушы ойыннан шығады.

Ойыннан соң оқушыларға сұрақтар қойылады.

-Балалар, Күн қайда орналасқан? Аспанда

-Аспаннан күндіз нені көре аласыңдар?

(күн, бұлт, ұшақ.б.)

-Ал түнде ше? (жұлдыз, ай)

-Жарайсыңдар! Қазір мен сендерге карточкалар таратып беремін. Күннің суретін алғандар Күн тобына, айдың суретін алғандар Ай тобына, жұлдыздың суретін алғандар Жұлдыз тобына жиналып отырыңдар.

-Сыныптың қабырғаларында көрмедегідей суреттер ілінген. Сендер сол суреттерді мұқият қарап шығыңдар.
«Галереяны шарлау» әдісі. Сыныпта әр жерде ғарыш, ғарыш денелері бейнеленген суреттер ілінеді. Оқушылар суреттерді қарап, галереяны шарлап топтарына оралады.

-Галереядағы суреттерден нелер бейнеленген?

(ай, жұлдыз, ғаламшар, комета т.б.)

-Көргендеріңді бір сөзбен қалай атауға болады? Ғарыш.



-Демек, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болады деп ойлайсыңдар?

-Ғарыш деген не, ғарыш денелері туралы, оны зерттейтін ғылыммен танысасыңдар. Ғарышқа саяхат жасаймыз.



Күн, ай, жұлдыздың суреттері бар карточкалар








Сабақтың ортасы

4мин


7 минут

2 минут


10 минут

10 минут




-Ал ғарышқа ұшу үшін бізге қандай көліктің түрі қажет? Зымыран.

-Ендеше, ғарышқа саяхат жасау үшін алдымен зымыран жасап алайық.


(Т) «Өз зымыраныңды құрастыр» ойыны

Әр топта түрлі-түсті фигуралар, маркерлер, желім т.б.қажетті заттар жатады. Топ біріге отырып, өз зымырандарын құрастырып шығарады.



ҚБ Топтар жұмыстарын өзара «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

-Дайын болсақ, ғарышқа саяхатқа аттанайық. Ғарыш әлеміне жеттік. Енді мұнда не бар екенін көрейік.
(Ө, Ж,Т) «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі

Оқушыларға «Ғарыш әлемі» атты бейнефильмді көру ұсынылады.



Тапсырма.

-Бейнефильмді мұқият қараңдар. Фильмнен көргендеріңді жұптарыңа әңгімелеп бер. Содан кейін топта бөлісіңдер.


Сұрақтарға жауап беріңдер.

-Бейнефильмнен не көрдіңдер?

- Ғарышта нелер бар? Жұлдыздар, ғаламшарлар т.б.

- Ғарышты қандай ғылым зерттейді екен?

-Жұлдыздарға қарап нені көруге болады?

Ғарыш-бұл шексіз кеңістік. Онда ғаламшарлар, жұлдыздар т.б. ғарыш денелері бар. Осы ғарышты, ғарыш денелерін олардың құрылысы мен қозғалысын зерттейтін ғылым астрономия деп аталады. Acтpoнoмия ғылымымен айналысып, ғарыш денелерiн зерттеумен айналысатын маман иесiн астроном дейді.

Жақын орналасқан жұлдыздар тобы шоқжұлдыздарды құрайды. Олардың әрқайсысының өз атаулары бар. Мысалы: Таразы, Шаян, Егіздер т.б.

ҚБ «Жұлдызша түстері» арқылы бағаланады

Сергіту сәті. «Көзге арналған жаттығулар»

Ғарыш әлеміндегі денелер қозғалысын бақылай отырып, көз жаттығуын жасайды.


(Т) «Микс» әдісі

1-топ. Топтастыр



Тапсырма. Берілген әр түрлі тақырыптағы тірек сөздерден ғарышқа қатысы бар сөздерді ғана топтастырып, ата.

демалыс

шоқжұлдыз



Ғарыш

зымыран

жануар

күн



ай

жұлдыз



ғаламшар

ағаш

мақта

2 –топ.Ай. Кестені толтыр.



Тапсырма. Оқулықтағы 50 беттегі суреттерді пайдаланып, ежелгі адамдарға ғарышты зерттеу не үшін керек болғанын жазып кестені толтыр. (ауа-райын білу, бағытты анықтау, жолға шығу, күнтізбе жасау, егін егу)


Адамдарға ғарышты зерттеу не үшін керек болды?

1




2




3




4



3-топ. Жұлдыз. Сөйлемдерді толықтыр



Тапсырма. Берілген сөйлемдерді өз түсініктеріңмен толықтырып жаз.

1.Астрономия .............................. зерттейтін ғылым.

2.Астрономия ғылымы ......................... көмектеседі

3.Ежелгі күнтізбедегі белгілер ................. білдіреді.


ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар өзара бағалайды.

(Т) Зерттеу әдісі. «Шоқжұлдыздар кітапшасын жаса»

-Қазір сендер нағыз астрономдар сияқты зерттеу жұмысымен айналысасыңдар.

Тапсырма.

51 беттегі мәліметтерді оқы. Шоқжұлдыздар кітабын жасау үшін бірнеше шоқжұлдызды таңдап ал. Оның суретін сал. Қосымша ақпарат көздерінен олар туралы мәлімет жина. Кітапшаны безендір.

(топта өзара міндеттерін бөлісіп алады, жұмысын қорғайды)

ҚБ Топтан кітапшасын қорғаған оқушы «Астроном қалпағы» арқылы бағаланады.

-Ал енді зымыранымызбен сыныпқа оралайық.



-Саяхат ұнады ма?

Түрлі-түсті фигуралар, маркер, желім



«Шапалақ»»

Бейнефильм

https://www.youtube.com/watch?v

=KelSLRhOoTo



«Жұлдызша түстері»

Жасыл – Жарайсың!

Сары-Жақсы

Көк-Орташа

Бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=r2eMB9bk9G8

Тірек сөздер

Кесте


Үлестірмелі карточка

Шоқжұлдыздар картасы, қосымша мәліметтер, «Астроном қалпақтары»





Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия. «Бағалау терезесі»

-Бүгінгі сабақ туралы өз ойларыңды стикерге жазып, бағалау терезесіне белгілеңдер.

Әр оқушы стикерді терезедегі сөйлемдерге сай жабыстырады.



Маған бәрі де түсінікті

Сұрақтар пайда болды



Мен есте сақтадым


Түсінбедім








Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтау, жұмыс қарқыны, рөлдер

ҚБ «Шапалақ»

ҚБ «Жұлдызша түстері»

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

ҚБ «Астроном қалпағы»




Ширату жаттығуы

«Күн мен түн» ойыны,

«Көзге арналған жаттығулар»


Сабақ бойынша рефлексия







Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет