Сабақ Тақырыбы: «Географиядағы арнайы зерттеу әдістері»



Дата05.12.2023
өлшемі12,3 Kb.
#134566
түріСабақ
Байланысты:
3 практикалық сабақ


3 практикалық сабақ
Тақырыбы: «Географиядағы арнайы зерттеу әдістері»
Менің таңдап алынған, зерттеу тақырыбым – «Жаһандану жағдайында дүние жүзі халықтарының демографиялық мәселелерін географияда оқытудың әдістемесі». Осы тақырып бойынша шолу және зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында мен, бірнеше ғылыми әдістерді пайдаланамын. Атап өтетін болсақ, салыстырмалы әдіс, арнайы әдіс негізіндегі картаграфиялық әдіс және тағы басқа.
Салыстырмалы әдісте екі мемлекетте немесе екі құрлықта белгілі бір жылдар аралығындағы халықтың туу көрсеткішін, табиғи өсімін немесе азаюын, халықтың көші-қонын статистикалық мәліметтерге негіздеп салыстыра аламын. Көрсеткіштерді талдау барысында, бір елде туу саны жоғары, керісінше екінші мемлекетте төмен, Европа елдерінде және Жапония мемлекетінде қарт адамдардың саны көп болуы, оның экономикаға әсері, халық санының көбеюіне немесе азаюына, халық миграциясына не әсер еткенін, себеп- салдарын анықтаймын.
Картаграфиялық әдісте жер шарындағы халықтардың тығыздығын картаға арнайы түстер арқылы белгілеп көрсетуге болады. Не себепті белгілі бір аймақта халық көп қоныстанғанын, кейбір жерлерде аз қоныстанғанын картаграфиялық әдіс арқылы түсіндіру оңай. Халықтың тығыз немесе сирек қоныстануына әсер ететін жер бедері, климаты және т.б. факторларды физикалық картадан анықтаймыз.
Картаграфиялық әдісте әлем халықтарының сыртқы және ішкі көші- қонын картада арнайы бағыт көрсететін түсбағдармен көрсетеміз, экономикалық белсенді халық саның проценттік көрсеткішін карта бетіне шағын диаграмма сызу арқылы көрсетуге болады. Бұл әдістер зерттеу жұмыстарының нәтижесін түсінікті, ықшам әрі жинақы қылып жеткізуге ыңғайлы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет