Сабақ тақырыбы: Инновациялық технологиялар жəне олардың өлшемдері



Дата23.10.2023
өлшемі19,45 Kb.
#120858
түріСабақ

№2 практикалық сабақ тақырыбы: Инновациялық технологиялар жəне олардың өлшемдері


Негізгі сұрақтар, тапсырмалар;

  1. «Инновация» ұғымына түсінік беріп, инновацияның түрлерін сипаттаңыз.

  2. Білім берудің инновациялық əдістері мен түрлеріне сипаттама беріңіз.

  3. «Инновациялық технологиялар» ұғымына сипаттама беріп, инновациялық технологиялардың өлшемдерін саралаңыз.

  4. Инновацияның көлемділігі нені тудырады?

  5. Хонерин инновацияны қандай түрлерге жіктейді?

  6. Владимир Мужич, Зита Главашкина инновацияларды қалай бөледі?

  7. 5-6 сұрақтар бойынша анықталған инновация түрлерін кесте- ге сипаттап жазыңыз.




Инновация түрі

Сипаттамасы













Әдістемелік нұсқаулықтар;Дәріс материалдарын қарап түсіне отырып сұрақтарға жауап беру. Ұсынылған әдебиеттер тізімінен қажетті материалдарды табу. 5-6 сұрақтар бойынша анықталған инновация түрлерін кесте- ге сипаттап жазады.
Әдістері: кесте толтыру, ішінара ізденіс, эвристикалық
Бағалау критерийлері;

90-100

Практикалық жұмыс туралы кем дегенде 90% - ның жазбаша болуы. Қосымша мәлметтер, дәлелдемелер болу.
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.

70-89

Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның жазбаша болуы.
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.

50-69

Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның жазбаша болуы. Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.

0-49

Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе сабаққа мүлде дайын емес.

сабақ мазмұнын ұғынуы және толық жеткізе білуі

60

қосымша сұрақтарға толық жауап беруі

25

тақырыпты қосымша мәліметтермен қамтуы

15

Барлығы

100



Әдебиеттер:

  1. Бұзаубақова К. Ж. Инновациялық технология. – Алматы, 2009.

  2. Оқытудың инновациялық əдістемелері мен технологияларын жоғары оқу орындарында қолдану тəжірибесі. Оқу-əдістемелік құрал. – Құрастырушылар: Тұрғынбаева Б., Əлімов А. Қ. – Алматы, 2011.

  3. Роджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі,№4, 2006

  4. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет