Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі « Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» бөлімшесі
ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № (теориялық немесе тәжірибелік оқыту)
Кiрiспе, дәріс, бекіту, жаңа бiлiмдi меңгеру, жарыс, семинар.
2. Мақсаты, міндеттері
Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну ұғымын қалыптастыру.
Барлық оқушылар: жарықтың шағылу заңын Гюйгенс принципі арқылы түсіндіру;
Басым көпшілігі: Гюйгенс принципін тұжырымдау
Кейбір оқушылар: жарықтың шағылу заңына күнделікті өмірден мысал келтіріп, түсіндіру;
Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
1. Білімділік: 2. Тәрбиелік: 3. Дамытушылық:
А. Жарыққа байланысты физикалық шамаларды білу.
Б. Сабақ барысында оқушыларда бір-бірін сыйлау, жауапкешілік және бірігіп жұмыс жасай алу қалыптасады .
В. Дыбыстың пайдаболуына мысалдар келтіре отырып, оның күнделікті өмірдегі қолданысын түсіндіре алады.
Алдыңғы сабақтарда өткен материалдар бойынша сұрақтар қойып, талқылау.
Тақырыбы: Электромагниттік өрістің энергиясы
Мына тапсырмаларды орындаңыз Электромагнитік өріс дегеніміз не?
Электромагниттік өрістің энергиясының формуласы
10 минут
Жаңа тақырыпты түсіндіру
1. Жарықтың шағылуын түсіндіретін аспаптар жайында мәлімет беру.
Жарық сәулелері қандай да бір бетке түскен кезде сол өзі шыққан ортада одан жартылай немесе толық шағылады. Дене беті тегіс немесе ұсақ және өте ұсақ ой-қырлары бар кедір-бұдырлы ьолуы мүмкін. Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарық түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады.
2. Жарық шағылуының бірінші заңының мәні жайында.
Түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жақзықтықта жатады. Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.
3. Жарықтың түсу және шағылу бұрышы жайында түсінік беру.
Түскен сәуле мен сәуленің түсі нүктесінен шағылдыратын бетке тұрғызылған перпендикуляр арасындағы α бұрышы түсу бұрышы деп аталады. Шағылған сәуле мен сәуленің шағылу нүктесінен шағылдыратын бетке тұрғызылған перпендикуляр арасындағы β бұрышы шағылу бұрышы деп аталады.
Шағылудың екінші заңын түсіндіру.
Егер жарық сәулесі айналық бетке түссе, онда шыққан шағылу да айналық немесе бағытталған шағылу болады. Егер де бет кедір-бұдыр болса, мысалы қағаз парағы, онда одан шағылғанда жарық шашырайтын болады. Бұндай шағылуды шашыранда немесе диффузиялық шағылу деп атайды.Шашыраған жарық айналық шағылуға қарағанда көзге жағымдырақ, ол көзді көп шаршатпайды.
25 минут
5. Сабақ бойынша бағалау-өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптері (қағаз және электрондық форматта)
6. Сабақ бойынша рефлексия (оқушының білімін, білік-дағдысын пысықтау, бекіту ж/е қорытындылау) - 25 минут
Сабақтың рефлексиясы 1.Мен бұл сабақтан алған тәлімім...
2.Маған ұнағаны...
3.Менің білгім келгені
Жарық көзінің өлшемдері жарық көзінен бақылаушыға дейінгі қашықтықпен салыстырғанда өте аз болса, мұндай жарық көздерін нүктелік жарық көздері деп атайды ( Күн, жұлдыздар, ...)
Ой толғаныс: Ендеше , балалар дыбыс туралы алған мәліметтерді қорыта келе , күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға мән бере аламызба? Соны байқап көрейік.
1-тапсырма.
Есептер жинағынан
№778 есеп
Неліктен күн сәулесі терезе тура түспеген жағдайда да, бөлме жарық болып тұрады?
№792
Неліктен күн сәулесі түсіп тұрғанда, қар ұшқын тады және жарқырап тұрады
№793
Неліктен Күн шықпай тұрып-ақ, жарық бола бастайды?