Білім беру жүйесіндегі smart-технологиялардың тиімділігін мысал келтіріп дәлелдіңіз



Дата11.03.2023
өлшемі17,7 Kb.
#73382
түріҚұрамы
Байланысты:
Білім беру жүйесіндегі SMART


Білім беру жүйесіндегі SMART-технологиялардың тиімділігін мысал келтіріп дәлелдіңіз.
SMART мақсаттары мен міндеттері (ақылды міндеттер)

SMART objectives - оқыту мақсаты мен міндеттерін анықтауда қолданылатын, 1981 жылы Джордж Доран енгізген ұғым. Автордың айтуынша,


SMART аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс сын есімдер қамтылған: -

-S pecific (арнайы, нақты);


- M easurable (өлшеуге болатын);
- A ttainable (қолжетімді);
- R ealistic (шындыққа сай);
- T imed (белгілі бір уақыт аралығымен шектелген).

Smart оқыту дегеніміз не?


Электронды оқыту.


Мобильді оқыту.


Кез келген жерде кез келген уақытта оқыту.


Білім берудің бағдарлары белгілі бір механизмдер арқылы жүзеге асады. Механизмдердің ең бастысы оқыту әдістемесінің айқындылығына байланысты. «Smart learning», «Smart education» әдістемесі ретінде екі әдістеме танылып белгіленген.


Smart оқытудың негізгі сипаты.


Оқытудың жаңа түрі.


Smart құрылғыларды пайдаланып оқыту.


Әлеуметтік желілер арқылы білім алмасу.


Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне бейімделген оқыту қызметі.


Оқушыға бағытталған оқыту ортасы.


Smart оқытудың тұжырымдамасы:


Оқушы-оқытушы-мектеп.


Оқыту әдісі:
- өздігінен оқуға бағдарланған;
- ынталандырушы;
- әр оқушыға арналып бейімделген;
- еркін оқу көзі (источник);
- технология кешенінмен.

Smart оқытудың даму бағыттары:


- сандық оқулықтарды әзірлеу;
- онлайн сабақтардың белсенділігін арттыру;
- Smart контенттерді пайдалану жүйесін құру.
- Smart оқытуды төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру арқылы жетуге болады;
- барлық білім беру ұйымдарын SMART құрылғылармен қамтамасыз ету;
- SMART құрылғылармен жұмыстануға оқытушының, мұғалімнің арнайы дайындығы және оны меңгеруі;
- осы бағыттағы бағдарламаларды толық іске асыру.

Білім беру саласында дәстүрлі оқыту электронды оқытуға, электронды оқыту Smart оқытуға ауысты. Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту кеңінен қанат жайды. Ендігі міндет – сол алған білімнің адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін Smart оқыту ортасын дамыту.


Smart оқытудың келеңсіз жақтары да бар, дегенмен, білім берудің екі аспектісі рухани-адамгершілік және интеллектуалды білімдерді өскелең ұрпаққа құстың қос қанатындай бірдей бере отырып, оқушылардың интеллектісін дамытуда және оқытудың келешегінің бір бағыты инновацияда екенін де түсіну керек.


«SMART» технологиясының мүмкіншіліктері:


1. Оқушылардың сабаққа қызықты әрі белсенді қатысуына ықпал етеді.


2. Сабаққа қажетті құралдарды ресурстар сайтынан алуға немесе интернетпен жұмыс жасауға болады.


3. Оқушылардың жеке және әлеуметтік қабілеттерін арттыра отырып, топпен жұмыс жасауға көмектеседі.


4. Егер сабаққа керек материалдар әзір болса, сабақ темпінің жақсы өтуіне септігін тигізеді.


5. Оқушылардың өздеріне деген сенімі арттып, шығармашылықпен жұмыс жасаулары артады.


«SMART» технологиясының мүмкіншіліктерімен қатар қиыншылықтары да кездеседі.


1. Мектептегі материалдық техникалық базасының толық болмауы (планшеттер).


2. Интернет желісінің жылдамдығының аздығы т.б.


Білім беру үрдісіндегі Smart технологияның артықшылықтары:


1. IT-ортада «негізгі білімдердің» көлемі ұлғаяды;


2. Білім алушылар қажетті ақпаратты мобильді түрде алады;


3. Smart білім беруді енгізуде инновациялық технологияларды пайдалану деңгейі артады;


4. Әр түрлі оқу орындарының арасындағы байланыстың дамуына мүмкіндік туады.


Смарт білім беру оқытушыларға жаңа талаптар қояды. Сонымен бірге педагогтер үшін жаңа мүмкіндіктерді аша түседі, соның ішінде тәжірибе алмасуға, ғылымға ден қоюға, уақытын үнемдеуге әсер етеді. Smart-технологиясы концепциясына сәйкес білімнің сапалы болуына және білім алушының мотивациясына ықпалы зор.


Педагогтің кәсіби дамуына ықпал ететін басты фактордың бірі – кәсіби тәжірибенің жинақталу нәтижесінде және әлеуметтену кезінде туындаған кәсіби дұрыс бағыттың анықталуы.


SMART-педагогінің бейнесі. Self-directed: білім берудің тұлғаға бағытталуын қамтамасыз ететін педагог:


- Motivated: ынталанушы педагог;


- Adaptive: бейімделген педагог;


- Resource free: ресурсқа еркін қол жеткізе алатын педагог;


- Technology embedded: технологияларды белсенді пайдаланатын педагог.




Педагогтің кәсіби даму жүйесі оның кәсіби өсуін жетілдіру, кәсіби деңгейін жүйелі және үздіксіз арттыру, бұл міндетте басты маңыздылық педагогтің кәсіби өзіндік түйсінуін дамытады. Бұл негізде олардың кәсіби өзіндік дамуы құралдары және жолдарын анықтау қажеттілігі туындайды. Педагогикалық ұжымда ізденіс және шығармашылық атмосфераны қалыптастыруға ықпал ететін білім беру мекемесінде анықталған жағдайлар жасалғанда ғана педагогтің кәсіби дамуын көрсете алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет