Сабақ тақырыбы: "Жұмыс. Қуат. Энергия." тақырыптарына есептер шығару, қайталау. Сабақ мақсаты: Оқушыларға "



Дата16.05.2023
өлшемі23,79 Kb.
#93887
түріСабақ

Физика 7- сынып
Сабақ тақырыбы: “Жұмыс. Қуат. Энергия.” тақырыптарына есептер шығару, қайталау.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға “Жұмыс. Қуат. Энергия.” тақырыптарына есептер шығарту, қайталау.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: практикалық
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, есептер шығару.
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
1-тапсырма “Ережелерді еске түсірейік”

  1. Механикалық жұмыс деп нені айтамыз?

  2. Энергия дегеніміз не?

  3. Қуат дегеніміз не?

  4. Механикалық энергияның қандай түрлері бар?

  5. Жұмыс қандай шамаларға тәуелді?

  6. Потенциалдық эенргия деп - ... ?

  7. Қозғалыс салдарынан туындайтын энергия - ...?

  8. Архимед күші дегеніміз - ... ?

  9. Қысым дегеніміз - ... ?

  10. Паскаль заңы - ... ?



2-тапсырма



Физикалық шама атауы

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем бірлігі

1

Кинетикалық энергия

Ек

Ек=mυ²/2

Дж

2

Жұмыс

A

A=Fs

Дж

3

Ауырлық күші әрекетінен көтерілу биіктігі

h

h= A/mg

м

4

Қуат

N

N=A/t

Вт

5

Қысым

p

p=F/s

Па

6

Потенциалдық энергия

Ep

Ep=mgh

Дж

7

Архимед күші

FA

FA=ρgV

Н



3-тапсырма "Тест"
1. Жер бетінен 2 м биіктікке көтерілген массасы 3 кг дененің Жермен салыстырғандағы потенциалдық энергисын анықтаңыз. Еркін түсу үдеуі - 10 м ̸ с2.
А. 1,5 Дж В. 6 Дж С. 15 Дж Д. 60 Дж Е. 45 Дж
2. Қуат қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
А. Дж В. Вт С. В Д. А Е. Гн
3. Массасы 400 г дене 2 м биіктіктен құлап түсіп, Жерге ұрынғандағы кинетикалық энергиясы (g = 10 м ̸ с2)
А. 6 Дж В. 8 Дж С. 10 Дж Д. 12 Дж Е. 14 Дж
4. Қандай биіктікте массасы 2 т жүктің потенциалдық энергиясы 10 кДж-ға тең?
А. 0,05 м В. 0,5 м С. 5 м Д. 50 м Е. 10 м
5. Халықаралық бірліктер жүйесінде энергиясы қандай бірлікпен өлшейді?
А. Кг В. Н С. кг·м/с Д. Дж Е. Вт
6. Қол шананы өрге қарай сүйреп шығарған кезде 16 с-та 800 Дж жұмыс істелінген. Шананың орын ауыстыруы кезінде өндірілетін қуаты еге тең?
А. 30 Вт В. 40 Вт С. 50 Вт Д. 60 вт Е. 70 Вт
7. Дененің жүзу шарттарын көрсетініңіз. Ға = Архимед күші (итеріп шығару).
А. mg < Fa B. mg = Fa C. mg > Fa Д. mg >> Fa E. mg << Fa
8. Қысымның өлшем бірлігі.
А. 1 Дж В. 1 Вт С. 1 Па Д. 1 м/c Е. 1кг/м3
9. Сығылған серіппенің потенциалдық энергеясының анықтамасына қай өрнек сәйкес келеді.
А.mυ²/2 B. mgh C. kx²/2 Д. kx2 E. mϑ2
10. Қайықтың желкенінің ауданы 60 м2 болса, оған желдің қысымы 80 Па. Желкенге түсірілген күш.
А. 19200 Н В. 13500 Н С. 480 Н Д. 4800 Н Е. 135 Н
11. Теңіздің қандай тереңдігінде гидростатикалық қысым 412 кПа-ға тең? Ρтеңіз суы=1030 кг/м3.
А. 30 м В. 35 м С. 40 м Д. 45 м Е. 50 м
12. Механикалық энергияның сақтау заңына сәйкес келетін өрнекті анықтаңыз.
А. Wk + Wn ǂ 0 В. Wk + Wn = const С. Wk = Wn Д. Wn = -Wk Е. Дұрыс жауабы жоқ
13. Қысымның өлшем бірлігі Па халықаралық біоліктер жүйесінде қалай өрнектеледі?
А. кг/м2 В. кг/м3 С. Н/м2 Д. Н/м3 Е. Н/м
14. Дененің 4 м биіктіктегі потенциалдық энергиясы 120 Дж болса, массасы (g = 10м/с2 ).
А. 1 кг В. 2 кг С. 5 кг Д. 3 кг Е. 4 кг
15. Тік жоғары 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған массасы 400 г дененің ең жоғарғы көтерілу нүктесіндегі кинетикалық энергиясы.
А. 4 Дж В. 10 Дж С. 20 Дж Д. 0,4 Дж Е. 0,25 Дж
Дұрыс жауабы
1. Д 2. В 3. В 4. В 5. Д 6. С 7. В 8. С 9. С 10. Д 11. С 12. В 13. С 14. Д 15. С


4-тапсырма "Өз деңгейіңді тап!"
1. Массасы 2 кг дененің 10 м биікіктегі толық механикалық энергисы. (g=10Н/кг)
Жауабы: W=600 Дж (3 балл)
2. Қуаты 25 Вт құралдың 100 Дж жұмыс жасау үшін кеткен уақыты?
Жауабы: t=4 c (2 балл)
3. Шегені 3 м/с жылдамдықпен соққан массасы 0,4 кг балғаның кенетикалұы энергиясы неге тең?
Жауабы: E=1,8 Дж (2 балл)
4. 20 Н күш әсерінен серіппе 0,4 м-ге созылса қатаңдығы неге тең?
Жауабы: k=50 Н/м (2 балл)
5. Ауданы 4 м2. 50 Па қысым түсіретн кілемнің массасы?
Жауабы: m=12,5 м (2 балл)
6. 20 м/с жылдамдық қозғалған дененің кинетикалық энергиясы 400 Дж болса, масссасы неге тең?
Жауабы: m=2 кг (2 балл)
7. Массасы 20 кг денені көтергенде 4000 Дж жұмыс жасалса, дене көтерілген биіктәгә қандай болады? g = 10 Н/кг
Жауабы: h=20 м (2 балл)
8. Массасы 12 кг денені 6 м биіктікке көтрілдегі потенциалдық энергиясы қандай болады?
Жауабы: E=720 Дж (1 балл)


ІІІ. Бағалау.
ІV. Үйге тапсырма: §51-56 қайталау
.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет