Сабақ тақырыбы: Киелі сандардың құпиясы Сілтеме



бет1/4
Дата26.05.2022
өлшемі22,2 Kb.
#35635
түріСабақ
  1   2   3   4

9 (орыс) сынып
Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Сыныбы:

9 б

Пәні:

Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы:

Киелі сандардың құпиясы

Сілтеме:

ҚР Білім беру стандарты, пән бағдарламасы, Қазақ тілі оқулығы-
9 сынып.
Авторы: Артыкова Т.М., Боранбай М. Б.  http://bilimkozy.idhost.kz/1600-sabak.html

Жалпы мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Киелі сандар сырын ашу, сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып оқушылардың білімдерін тиянақтау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға өз елін қастерлеуге, халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер:

Блум таксономиясы бойынша сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдіс- тәсілдері

Күтілетін нәтиже

Халықтық ырымдарды, болжамдарды, тұжырымдарды қажеттілігіне қарай өз тәжірибесіне пайдалануға тырысады.
Сандар сырын білуге құштарлығы артады.
Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;
Өз бетімен білім алуға мүмкіндік туғызу;
Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу.

Негізгі идеялар

Оқушыларға қазақ халқының дәстүрлерін сандар арқылы үйрету. Сандар сырын білуге құштарлығын арттыру.

Дереккөздер

Интернет деректері, бейнефильм , сайттар, ресурстар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет