Сабақ тақырыбы Менің отбасымның рухани құндылықтары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу



бет1/5
Дата24.11.2022
өлшемі33,17 Kb.
#52458
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Пән: Дүниетану
Орта мерзімді жоспар бөлімі:
5-тарау «Өнер»
Күні:
Сынып: 3-сынып

Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Еркін Наргиза
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің отбасымның рухани құндылықтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.3 өз әулетінің құндылықтарын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:
– «жылы ұя», «отбасы» түсініктерінің мағынасын ашады;
– туғандарына, жақындарына қамқорлық танытуға тырысады.
Көптеген оқушылар:
– отбасының құндылықтарына құрметпен қарайды;
– отбасылық құндылықтарды сақтаудың қажеттілігін түсінеді.
Кейбір оқушылар: өз отбасының өткен өмірін «көре» біледі; өзінің болашақта құратын отбасы туралы ойланады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар :
отбасының құндылықтарына құрметпен қарайды;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:
• ЮНЕСКО
Мәдени мұра
• Әлемнің жеті кереметі
• Қазақстанның ресми және бейресми
рәміздері
• «Алтын адам» «Бәйтерек», «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасы
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар:
-ЮНЕСКО деген не?
-Қазақстанның қандай бейресми рәміздерін білесіңдер?
-Қазақстанның қандай мәдени ескерткіштері бар?
Жазуға берілетін тапсырмалар:
-«Қазақстанныңжеті кереметінің» тізімін жасау
-«Менің өлкемнің өнер адамдары» тақырыбына шығарма жазу
-«Мен ежелгі түркілерде қонақтамын» тақырыбында әңгіме құрау

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, әдебиеттік оқу пәнінен алған мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштерді сақтау және қорғаудың маңыздылығы, ежелгі түркі халықтарының өмірі, көшпелі өмір салты мен отырықшы өмір салтының ерекшеліктері, Қазақстан халықтары мерекелері мен демалыс мәдениеті тақырыптары,өз ата тегінің шежіресі, спорт түрлері, ауа райының олайсыз жағдайларында өзін- өзі ұстау ережелерін туралы білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Оқушыларда 1,2 сыныпта «Мен және менің отбасым» тарауларынан отбасы шежіресі және құндылықтары туралы түсініктері бар.
3 сыныптың «Адамгершілік» тарауында жеке тұлғаның және отбасының дамуындағы еңбектің рөлі оқып талдаған. Ал, 3 сыныптың «Уақыт» тарауынан адамдардың көшпенді және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері,ертедегі түркілердің өмірі туралы ,мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы туралы . түсінік қалыптасқан.Қазақстанның бейресми рәміздерінің бірі «Бәйтерек» монументтін сипаттай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет