Көзі нашар көретін балалардың танымын арттырудағы ерекшеліктері



бет1/2
Дата02.11.2022
өлшемі22,9 Kb.
#46930
  1   2

КӨЗІ НАШАР КӨРЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМЫН АРТТЫРУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі– көруі бұзылған балалардың қоршаған өмірін қабылдау ерекшеліктерін анықтау болып отыр, сонымен қатар, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, өзімен қатарлы қалыпты балалардың құқығымен тең қылып, қалыпты азамат етіп тәрбиелеу. Алғашқы көру бұзылысы кезінде психикалық әрекетіне материалистік мінездеме берген француз ағартушысы Д. Дидроның «Көретіндерге көруі бұзылғанлар жайлы насихат хат» атты оқулығында, ал одан кешірегі әйгілі «энциклопедиясында» (көруі бұзылған бөлімі) қарастыры. Дидроның еңбектері қоғамның көруі бұзылғанларға деген көзқарасын өзгертіп, олардың міндетті түрде арнайы білім алу керектігіне қол жеткізді. Көруі бұзылған адам қараңғылықты сезбейді және қараңғы түнекте өмір сүремін деп ойламайды. Психологиялық жағынын алғанда көруі бұзылғанлық шынында бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт. Оған А.В. Бирилев өз еңбегінде мынадай салыстырмалы мысал келтіреді: көруі бұзылған адамның жарықты сезуі мен көзін байлаған адамның жарық көруінде айырмашылық бар,- дейді.
Көруі бұзылған бала өзінің көруі бұзылған екенін ауырсынбайды және көруі бұзылғанмын деп сезінбейді де, оны тек өмір сүруге әлеуметтік ортасы ғана солай деп санайды. Шынында айтсақ соқырлардың икемделу қабілеті көзі көретіндерден жоғары екендігі ғылыми жолмен дәйектелуі қажет еді. Белгілі мылқау, соқыр- саңырау Е. Келлер былай деп жазды: көруі бұзылғандардың сипап сезімі арқылы дүниенің қызығын нәзік түсіне алуын көзі көретіндердің бәрі біле бермейді. Өйткені оларда мұндай сезімдік танымдар көруі бұзылғанлардыкіндей жетіле қоймаған. Туа біткен көруі бұзылғандардың қайғысы жүре біткен көруі бұзылғандардың қайғысынан аз болса да, оның өмір бойы өкініші кетпейді,- дейді Щербина. Ол өзінің басынан өткен мынадай бір жағдайға тоқталады. Көруі бұзылғандар мектебінде тәрбиені 8 жастағы баланың қолына қасық беріп оған тамақ ішкізеді, бірақ ол үйінде өздігінен тамақтануға үйретілмегендіктен қолына қасық ұстауды да білмеген.
Сондықтан тәрбие гигиенасына сәйкес көруі бұзылған баламен жасалатын қарым қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастайынан жүруді де, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек. Ондай балаға көзің көруі бұзылған екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай көруі бұзылған бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды.

Нашар көретін балаларды оқыту- тәрбиелеу жұмысының басты міндеті- еңбек тәрбиесіне үйрету болып табылады. Көру кемістгі белгілі бір мөлшерде балалардың еңбекке деген мүмкіншілігін және еңбек қабілеттілігін төмендетеді. Нашар көретін балаға өзін-өзі күту дағдысына байланысты тәжірибелік іс-әрекеттің әр түрлі түрлері тән. Еңбекке оқыту жүйесі тұлғаның жан-жақты дамуының ең басты құралы болып саналады .Еңбек нашар көретін балаға өзінділікті, жауапкершілікті, өмірге дайындықты тәрбиелеу құралы ретінде үлкен роль атқарады. Көру қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеу өзінің міндеттері мен мақсаттары бойынша педагогиканың жалпы принциптерімен сәйкес келеді. Тәрбиелеудің жалпы міндеті баланың дамуында бірінші және екінші ауытқуларды толықтыру мен түзетудегі арнайы міндеттермен сәйкстендiрiледi.


Тәбие жеке тұлғаның санасына, мiнез - құлқының дұрыс қалыптасуына әcep eтeтін құрал. Тәрбие процесiнде жеке тұлғаның сана сезімі мен акыл-ойына жүйелi түрде әcep етіп, оның дүние танымын калыптастырады, ерiк - жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалыптасуына оң ықпал етеді. Күнделiктi iс-әрекет күрделi және көп қырлы, ол кеңiстiкте бағдарлану, коршаған ортаны қабылдау, өзiн-өзi бақылаумен байланысты. Бұл баладан нақты зейiндi, оперативтi ойды, есте сақтауды, жылдамдық пен реакцияның тұрақтылығын және басқа да қасиеттердi талап етедi. Кейде бұл талаптар көруі бұзылған және нашар көpeтін балалардьң психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерінің көрінісі.
Ағзаньң психологиялық қасиетiнiң талабымен сәйкес келмесе балаға көрсетiлетiн оқу, еңбек, ойын әрекетi жүйке жүйесiнiң ауруына әкеледi. Осыларды тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезiнде ескеру керек. Тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру кезiнде баланьң дамуы дұрыс қалыптасады. Балаға педагогикалык әcep етудiң мақсаты таным мүмкiндiктерiнiң дамуына қабiлеттi өмip талабымен тығыз байланысты. Ic-әрекеттiң әp түрлi түpiмeн қамтамасыз ету, бiлiмдi меңгерумен қамтамасыз ету, дағдымен бiлiктiлiктi қалыптастыру, оларды еңбек және оқу әpeкeтінің әлеуметтiк мағынасын түciну деңгейiне дейiн көтеру. Бұлардың бәрi көруі бұзылған және нашар көpeтiн балалардьң мүгедектiк жағдайын тольқтырады. Көру бұзылысы бар балаларды адамгершiлiк, эстетикалық физикалық, еңбектiк тәрбиелеуге болады.
Көруі бұзылған және нашар көретіндерді эстетикалық тәрбиелеу мәселесі оқу, еңбек, ойын әрекетінде маңызды болып келеді. Қазіргі уақытқа дейін сабақ мазмұнын меңгеруге басты көңіл бөлінетін.
Бұл тәрбиенің міндеті–жас ұрпақты өмірдің барлық саласындағы адамның өмірімен, тұрмыстағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Іс-әрекеттің барлық түрінің ішкі қажеттілігін ояту үшін мәдени эстетиканың атқарар қызметі үлкен. Ол адамның өмірге, өнерге деген көзқарасының өзгеруіне әсер етеді. Көруі бұзылған және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде танымдық және тәрбиелік жағы және сезімдік–эмоционалды, эстетикалық жағы аз көрсетілген. Соңғы уақытқа дейін оқу, еңбек, ойын әрекетінің эстетикалық мазмұны сипап сезу арқылы қиын беріледі деп санаған. Көруі бұзылғандар мен нашар көретіндер үшін эстетикалық қабылдаудың көрнекі құралы жөнінде меңгерілмеген. Көруі бұзылғандар мен нашар көретіндер қоршаған ортаның әртүрлі тәсілмен қабылдағанына қарай ойын, еңбек, оқу әрекетінде эстетикалық баға беруге қабілетті. Көруі бұзылғанлар мен нашар көретіндерде таным әрекетінің ерекшелігімен байланысты спецификаның эстетикалық қабылдауы және оның қызметі туралы сұрақ пайда болады.
Нашар көретіндер мен көруі бұзылғандарда таным процесінің бұзылғаны қоршаған ортаны спецификалық, эстетикалық тұрғыда меңгеруге әкеледі. Оқуда, ойында, еңбекте сезімсіз қабылдау деген болмайды. Себебі көруі бұзылғанлар мен нашар көретіндер көзбен көре алмағандықтан, оны ұстап, көру арқылы оны көз алдында, ойына елестете отырып, оған өзінше баға береді.
Бұл процестердің әрқайсысының өзіндік орны бар екеніне қарамастан, олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Жаңа материалды қабылдау және есте сақтау зейінсіз мүмкін емес. Қабылдау мен есте сақтаусыз ойлау операциялары орындалмайтын болады. Сондықтан, ең алдымен жеке процесті жетілдіруге бағытталған дамыту жұмыстары жалпы танымдық саланың қызмет ету деңгейіне де әсер етеді.
Мектеп жасы, көбінесе бастауыш мектеп жасы түйсіктің, қабылдаудың, есте сақтаудың, ойлаудың, қиялдың, сөйлеудің, зейіннің қарқынды дамуы кезеңдері. Ал бұл процестің қарқынды әрі тиімді өтуі үшін оны ұйымшыл ету қажет. Ол үшін тек әлеуметтік жағдай жасап қоймай, сонымен қатар балаларға тиімді, қолжетімді және қызықты жаттығулар кешенін таңдау қажет.
Дәл бастауыш мектеп жасында бірқатар жоғары психикалық функциялар сензитивті кезеңде болған кезде психикалық танымдық процестердің дамуына үлкен көңіл бөлу қажет.


Жеке когнитивтік процестердің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. берілген балада әр түрлі танымдық процестердің даму дәрежесін салыстыра отырып, баланың жылдан-жылға дамуын бақылайды. Сонымен қатар, стандарттау барлық әдістер үшін бірыңғай бағалау шкаласын қолдануды қамтиды..
Көру - сыртқы әлем туралы ақпараттың ең күшті көзі. Көру анализаторы арқылы ақпараттың 85-90% миға түседі, ал оның функцияларының ішінара немесе терең бұзылуы баланың физикалық және психикалық дамуында бірқатар ауытқуларды тудырады.
Соқыр туылған балаларда жоғары когнитивтік процестердің (зейін, логикалық ойлау, есте сақтау, сөйлеу) дамуы қалыпты түрде жүреді. Сонымен бірге сенсорлық және интеллектуалдық функциялардың өзара әрекеттесуінің бұзылуы белгілі бір ерекшелікте көрінеді. Психикалық белсенділік абстрактілі ойлаудың дамуының басым болуымен.
Шығармашылық жұмыс үшін өз бетінше және сыни тұрғыдан ойлай білу, заттар мен құбылыстардың мәніне терең бойлай білу, ізденімпаздық қажет, бұл көбінесе ақыл-ой әрекетінің өнімділігін қамтамасыз етеді. Бұл қасиеттердің барлығы жеке, жасына қарай өзгеріп отырады және түзетілуі мүмкін.
Танымдық процестердің психодиагностикасы: қабылдау, зейін, елестету, есте сақтау, ойлау және сөйлеу 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет