Сабақтың тақырыбы: Шартты пішімдеу
Оқу сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.4 – Электрондық кестеде шартты пішімдеуді қолдану
Сабақтың мақсаты: Шартты форматтау түсінігін білу, сәйкестендіру
электрондық кестеде шартты форматтауды пайдалану
электронды кестеде күрделі тапсырмаларды орындауда кесте
ұяшықтарына шартты форматтау әдістерін өз бетінше қолдану.
Бағалау критерийлері:
Шартты форматтау түсінігін біледі, сәйкестендіреді.
Электрондық кестеде шартты форматтауды қолданады
Құралдар бөлімін салыстыра отырып қолданады.
Күрделі тапсырмаларды орындауда кесте ұяшықтарына шартты форматтау
әдістерін өз бетінше қолданады.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қ. Жазықов атындағы орта мектебінің Информатика пәнінің мұғалімі: Калиева С. Е. https://www.plickers.com/library#now-playing Математика, сызу Ұйымдастыру кезеңі 1.Психологиялық ахуал «Табиғат мінезі» тренингін өткізу 1.Оқушыларды шеңбер бойына тұрады; 2. Табиғат мінезін өз мінезімен ұштастырады; 2. «Адасқан әріптер» топқа бөлу 1.Оқушылар кеспені таратып алады; 2. Алған кеспелеріне қарай топтарға бірігеді; І топ «Ұяшықтар» ІІ топ «Кестелер» ІІІ топ «Формулалар» Үй тапсырмасын тексеру «Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша
білімдерін тексеру. Сұрақ-жауап
1.Орындыққа бір оқушы шақырылады;
2. Қалған оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.
3. Сұрақтарға жылдам жауап беру ескертіледі;
Бағалау: «Басбармақ» арқылы бағалайды
Белсенді оқыту әдістері Жаңа тақырыпты ашу. «Ротация » әдісі 1.Әр топқа мәтін беріледі
І топ. Шартты форматтау дегеніміз не?
ІІ топ. Шартты форматтау құрал-саймандары қандай бөлімдерден тұрады?
ІІІ топ. Шартты форматтау бөліміндегі қандай қызмет түрлері бар және олардың
қызметтері қалай сипатталады?
2. Әр топ өз пікірлерін білдіреді
3. Әр топ өзіне тиесілі тақырыпты қортындылап, қорғап шығады.
Бағалау: «Бағдаршам» баға беру
Жасыл- тақырыпты толық аша алды
Сары – тақырыпты толық аша алмады
Қызыл – тақырыпты мүлде ашқан жоқ
1
2
3
4
Практикалық жұмыс Тапсырма №1 Сәйкестендіру
1.MS Excel А. Баған мен жолдың қиылысы
2.Ұяшық В. Кестелік процессор
3.Гистограмма С. Ұяшықтағы мәндердің көрінуі
4.Шартты форматтау Д. Ұяшыққа түр беру
Тапсырма №2 Шартты форматтау әдістерін қолдануға екі нақты мысал ұсыныңдар
Қалыптастырушы бағалау: Тапсырма 3.
Дескриптор
Электрондық кестеде шартты форматтау ережесін біледі
Электрондық кестеде шартты форматтауды қолдана алады.