11.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;
Топқа бөлу.
I топ: «Ерік»
II топ: «Таған»
III топ:«Айна»
Ой тастау. «Бес қадам» әдісі
1. Шығармадағы маңызды 5 кейіпкерді атаңыз.
2. Айнаға 5 сөзбен сипаттама беріңіз.
3. Шығармадағы маңызды 5 оқиғаны атаңыз.
1. «Образ- эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті» Әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтау тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады.Образ жинақтау және даралау арқылы жасалады.Көркем әдебиеттегі жинақтау-типке, ал даралау – мінезге әкеледі.Образ осылай туады.
2. Типтендіру- суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уакыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады.