«ТҰЛҒаның Өзін-өзі тануы мен бағалауына арналған әдістердің бағдарламасын жасау»



Дата17.02.2023
өлшемі1,94 Mb.
#68860
түріБағдарламасы
Байланысты:
Арай тобы Психология

«ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУЫ МЕН БАҒАЛАУЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕРДІҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАСАУ»

ОРЫНДАҒАНДАР:

1)АМЕТОВА АРАЙ

2)ЕРМУХАНОВА АЙЫМ

3)СЛАМ НУРАЙ

4)ТУРСУНБАЙ МЕРЕЙ

5)АЛИЕВА ӘСЕМАЙ

«ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Өзін-өзі бағалау – тұлғаның өткен тәжірибесін жалпылауы және өзінің «Мен»-іне жаңа ақпарат ұйымдастыруының когнитивті сызбасы болып есептеледі. Сонымен қатар, өзін-өзі бағалау, әсіресе тұлғаның қабілеті мен мүмкіндігі туралы айтылса, тұлғаның белгілі бір үміттену деңгейін көрсетеді. Тұлғаның үміттену деңгейі әр түрлі жағдайларға, себептерге байланысты. Мысалы: достарының арасында мақтаншақ бала, мұғалім мен өзін басқалай бағалайды. Сол себептен өзін-өзі бағалау өзін жетілдіру құралы болып, айналасындағы адамдарға өзі туралы жағымды әсер беру үшін жағдай жасау.

Тұлғаның өзін-өзі бағалауын қалыптастыру үшін:


1-ЖОЛЫ
басқалардың берген бағасына қарап, адам өзін-өзі бағалайды;
2-ЖОЛЫ
өз ісін бағалау арқылы
3-ЖОЛЫ
Шынайы «Мен»-мен идеалды «Мен»-ін салыстыру қажет. Тұлға өзін қандаймын деп есептейді және ол қандай болғысы келеді;

Тұлғаның өзін-өзі бағалау ерекшеліктері.


Бала өзінің интеллектуалдық деңгейіне өте үлкен мән береді және де басқалар оның бұл мүмкіндігіне қандай беретіні жиі мазалайды, ол танымдық іс-әрекетінде өзін-өзі бағалау рөлін зерттегенде анықталған. Өткізілген зерттеу бойынша бірде-бір оқушы (сонымен қатар үлгерімі төмен оқушылар да), өздерінің үлгерімі төмендігі және тұрақсыздығының себебін интеллектуадлық қабілетін төмен деп санамайды. Олар өздерін жалқау, тәртіпсіз, жауапкершіліксіз деп санайды.
Бала өзін бақытты сезіну үшін, қиындықтарды жеңу үшін, жақсы және жаңа жағдайға тез бейімделу үшін ол өзі туралы жақсы ойлау қажет. Өзін-өзі бағалауы төмен бала әрбір істе кедергілерге тап болады. Олардың қобалжу құрбы-құрдастары мен сыныптастарымен қарым-қатынас құруда қиналады, оқуда қатты қобалжиды.
Мұғалімдер оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырған кезде, көбінесе баланың жетістіктерін тек қана оның интеллектуалдық қабілеті арқылы жеткен жетістіктер деп санайды. Бірақ, сонымен қатар баланың өзін-өзі бағалауына, оның оқуда болатын әртүрлі ситуацияларға байланысты өз мүмкіндігін пайдалана білуін ескеру қажет.

Баланың өзіне берген бағасын өзгерту мүмкіндіктері.

Неғұрлым ақпарат көзі сенім туғызса, сондағана ол біздің өзімізге деген көзқарасымызға әсер етуі мүмкін, бұл ішкі бағдарды өзгерту зерттеулерінде дәлелденген. Сондықтан мұғалімдер мен ата-аналардың баланың «Мен-тұжырымдамасы»-ның қалыптасуына үлкен рөл атқарады. Егер ата-ана әрдайым баласына «сен тәртіпсіз, сенің қолыңнан түк келмейді»- деп айта берсе, онда ол бала өзін солай қабылдайды. Ата-анасынан басқа оның мінезін кім жақсы біледі? Сондай-ақ, егер мұғалімдерден өзі туралы жалған пікір естісе, бала өз мүмкіндіктерін жоғары бағалай бастайды.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет