Сабақ тақырыбы Пән атауы Математика



Дата08.10.2023
өлшемі25,88 Kb.
#113361
түріСабақ

МКҚК «Алматы мемлекеттік бизнес колледжі»


Оқу сабағының жоспары
(теориялық немесе өндірістік оқыту )
Күрделі және кері функция ұғымдары
(сабақ тақырыбы)


Пән атауы__Математика__________________________________________
Дайындаған педагог _ Қожабекова А.Н.______________________
1.Жалпы мәліметтер
Курс, топ _1-курс, 1 ОП А, В
Сабақ түрі: Аралас сабақ
2. Мақсаты, міндеттері:
10.3.1.5 - кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу;
3. Оқу жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін, күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі
кері функция ұғымын біледі,түсінеді,

  1. -берілген функциялардың кері функцияларын табады;

  2. -өзара кері функциялардың қасиеттерін (графиктері y=x түзуге қарағанда симметриялы екендігін) біледі;

  3. -өзара кері функциялардың графиктерін салады.

4. Қажетті ресурстар:
4.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
1. Әбілқасымова А.Е. Жұмағұлова З.Ә.Алматы,Мектеп 2019 жыл.
10-сынып, Алгебра және анализ бастамалары.
4.2 Техникалық құралдар, материалдар
Компьютер, Power Point бағдарламасы арқылы презентациялау


5. Сабақтың барысы
5.1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқытушы мен білім алушылардың өзара сәлемдесуі, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру, сабаққа әзірлігін тексеру
5.2. Білім алушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру:
1. Бөлшек-сызықты функцияға анықтама беріңіз
2. Бөлшек-сызықты функцияның қандай қасиеттері бар?
3. Бөлшек-сызықты функцияның графигін салу үшін не білу керек?
5.3 Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі:

  • Сызықты функцияларды монотондылыққа зерттеу

  • Бұл формулалардағы х айнымалысының орнына у айнымалысын, у айнымалысының орнына х айнымалысына ауыстырып жазу

  • Айнымалылары ауысқан өрнектен у-ті өрнектеп, жаңа функция жазу

5.4.Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:
1.Білім алушылар берілген тапсырманы талдай отырып орындайды.
(топтық,жұптық,жеке) (қосымша 1)
Төмендегі функциялардың кері функциясын тауып, анықталу облысы мен мәндер жиынын жазыңыз.
1.
2.
3. , 
4. ,
5. у = –5х + 15;
5.5.Сабақтың қорытындысы : y=f(x) функциясының анықталу облысы кері y-1=g(x) функциясының мәндер жиыны, y=f(x) функциясының мәндер жиыны y-1=g(x) кері функциясының анықталу облысы болады. Яғни өзара кері функциялардың анықталу облыстары мәндер жиындарымен ауысады.
6.Сабақ бойынша рефлексия
Аяқталмаған сөйлем
Мен сабаққа дейін білдім ..............
Мен бүгін білгенім..............
Білгім келеді..............
Маған ұнағаны......................
Маған ұнамағаны...............
7.Бағалау:
Сабаққа белсене қатысқан балаларды марапаттай отырып,бағалау.
8. Үй тапсырмасы:
10сынып, 1-бөлім
1§10,87-б.№10.1-10.2;10.7
2. Интернет желісі арқылы қосымша мәлімет жинақтау.

Қосымша 1
«Джигсо» әдісі арқылы 2- топқа тапсырма беріледі.
1-топтың тапсырмасы:
1) Кері функцияның анықтамасын анықтаңыз.
2) у =3x+5 функциясына кері функцияны анықтап, графигін сызыңыз.
2-топтың тапсырмасы:
1) Күрделі функцияның анықтамасын анықтаңыз.
2) v = x + 1 және u = √𝑥 функциялары берілген. Осы функциялардан v (u(x)) және u(v (x)) күрделі функцияларын құрастырыңыз.
А-деңгейі
І тапсырма:
1. Берілген функцияның кері функциясын анықтаңыз:
А) y= 7 x +2 Ә) y= 2 х3
Б) y= 5 – x
В-деңгейі
ІІ тапсырма:
2. Берілген функцияның кері функциясын анықтап, графигін салыңдар:
А) y= 2 x +3
Ә) y= -6 x +9
С-деңгейі

ІІІ тапсырма:


3. Функциялардың берілген аралықтағы кері функцияларын табыңыздар:
a) y = 4x – 2 𝑥∈[−1;2]
b) 𝑦=5𝑥−1 𝑥∈[ 1; ∞)
c) 𝑦=(𝑥−3)2+2 𝑥∈[ 3; ∞)
d) 𝑦=1+ √𝑥−2 𝑥∈[−2;∞)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет