Сабақ тақырыбы: Сатыпалушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысуды жүргізудің тәртібі. Олармен есеп айырысудағы ҚҚС көрсетілуі. Жоспар



бет1/2
Дата07.07.2023
өлшемі17,88 Kb.
#104081
түріСабақ
  1   2

9 Сабақ тақырыбы: Сатыпалушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысуды жүргізудің тәртібі. Олармен есеп айырысудағы ҚҚС көрсетілуі.

Жоспар

?1 Сатыпалушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысуды жүргізудің тәртібі
?2 Сатыпалушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысудағы ҚҚС көрсетілуі.
?3Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешек есебі бойынша операциялар


?1. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мына шоттында жүреді 1210 "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздары" шоты. 1210 "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздары"шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген кызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық қарыздар ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық қарыздар, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдегі дебиторлық қарыздар, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады:
1. Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндк құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциясы жасалады: 7010 "Сатылған дайын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің өзіндік құны" шоты дебеттелі де, 1320 "Дайын өнімдер", 1330 "Алынған тауарлар", 8110 "Негізгі өндіріс", 8310 "Қосалқы өндіріс" және басқа шоттары кредиттеледі. Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі.
2. Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына 3110-шоты дебеттеледі де, 6010 "Сатылған дайын өнімнен (жұмыстардан, қызметтерден) түскен табыс", 6011 " Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс" және басқа шоттары кредиттеледі.
Осыған ұқсас шоттардың корреспонденциясы негізгі құралды (6210 шоттың кредиті), материалдық емес активтерді (6210 шоттың кредиті), бағалы қағаздары (6210 шоттың кредиті) сатқан кезде жасалады. Осы жасалған корреспонденциямен бірге косымша құн салығына (ҚҚ6) 1210 шоты дебеттеліп, 3130 шоты кредиттеледі.
3. Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге төлеу үшін берілген есеп айырысу-төлем құжаттарын төлегеніне қарай 1032 "Валюталық шотындағы нақты ақша", 1010 "Кассадағы нақты ақша" шоттары дебеттеледі де, 1210 "Алынуға тиісті қарыздар" шоты кредиттеледі.
4. Жабдықтаушы кәсіпорынның бухгалтериясы бұрынырақ төленген авансты есепке алады да, ол: 3510 және 3520 шоттарының дебеті және 1210-шотының кредиті бойынша кәрініс табады.
5. Егер де алынуы тиіс шоттар алғашқыда шетел валютасымен, содан соң теңгемен кәрсетілсе, онда олардың есептік кезеңнің соңына пайда болған оң айырмасы 1210 шоттың дебетінде және 6250 кредитінде керсетіледі, ал теріс айырмасы 7430 дебетінде және 1210 шоттың кредитінде көрініс табады.
Дебиторлық қарыздар соларға байланысты түсетін табысты салыстырғанның нәтижесінде ғана танылады, бірақ табыстан баға бойынша да, сату бойынша да берілген жеңілдіктермен (скидки) қоса, сатудан қайтарылған тауарлардың шегеріледі.
Баға мен сатудан берілген жеңілдіктер 6030 "Сатудан жасалған жеңілдіктер", 6030 "Бағадан жасалған жеңілдіктер" деген шоттары дебеттеліп, 1210 шоты кредиттеледі, ал қайтарылған тауарға 6020 "Сатудан қайтарылған тауарлары" шоты дебеттеліп, 1210 шоты кредиттеледі. Осыған сәйкес, бүрыңдары есептелген ҚҚС да түзетіліп жазылады.
Айдың аяғындағы 1210-шоты бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өздеріне келген (босатылған) тауарлы-материалдық запастар және орындалып, қабылданған жұмыстар мен қызметтер үшін әтелмеген борыштың қалдығын көрсетеді.
?2. Бухгалтерлік есепте қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есеп айырысуды көрсету үшін 1420 "Өтелуі тиісті қосылған құн салығы" шоты қолданылады.
1420-шотының дебеті бойынша 3310 "Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу", 3370 "Басқа да" шоттарының кредитімен корреспонденциялана отырып, алынған тауарлы-материалдық құндылықтарды, атқарылған жұмыстарды және керсетілген қызметтерді бейнелеп, ондағы акцептелінген шоттары бойынша ҚҚС көрсетеді.
Тауардың, жұмыстың, қызметтің есебінен қосылған құн салығы алынады, ондағы айналымы салық салу үшін пайдаланады, егер де:
- тауар (жұмыс, қызмет) алушы қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші болып табылса;
- жабдықтаушы Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылады сатылған тауарға (жұмысқа, қызметке) берілген шот-фактураның негізінде.
Қосылған қүн салығының (ҚҚС) сомасы зачетқа жатқызылатын болып табылады, егер де:
- тауарды (жұмысты, қызметті) алушы қосылған құн салығын төлеуші болса;
- төленген салық сомасы кеден заңдылығымен сәйкес келсе, яғни жүк кеденінің декларациясында керсеткендей болса;
-төлем құжатында көрсетілген салық сомасы салықтың төленгенін қуаттайтын болса;
- темір жол және авиа билетінде көрсетілген салық сомасы салық заңына сәйкес сомада болса;
- тұрғын-үй қызметінде пайдаланатын құжаттарында көрсетілген сома салық сомасымен сәйкес келсе;
- бақылау-кассалық машинасынан алынған чектердің сомасы салық сомасымен сәйкес келсе.
Алумен байланысты төлеуге жататын ҚҚС болса олар, зачетқа жатпайды, егерде:
- тауарлар (жұмыстар, қызметтер) кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды жүргізумен байланысты болса;
- тұрғын-үй қорларындағы ғимараттар болса, қонақүй ретінде пайдаланатын ғимараттардан басқасы;
- жеңіл автомобиль, негізгі құрал ретінде алынған болса;
- тегін алынған мүліктер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер).
Есептік кезең өткеннен кейін, ҚҚС бойынша зачетқа рұқсат етілген сомасы, 1420 шоттың кредитінен 4320 шоттың дебетіне есептен шығарылады. Бұрындары зачетқа жатқызылған ҚҚС сомасы зачеттан шығарып тасталады, ол кезде, 4320 шотының дебетінде және 1420 шотының кредитінде көрініс табады, бірақ қызыл жазумен жазылады. Бұл жағдайда, 1420 шотында ҚҚС сомасы не өндіріс, не тауардың құнына есептен шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет