Сабақ тақырыбы: Тұрақты магниттер, магнит өрісі. №8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттің қасиеттерін оқып -үйрену және магнит өрісінің бейнесін алу»



Дата06.01.2022
өлшемі44,61 Kb.
#15756
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар



Мектеп: «Талды негізгі мектеп» КММ

Сабақ тақырыбы:

Тұрақты магниттер, магнит өрісі. №8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттің қасиеттерін оқып -үйрену және магнит өрісінің бейнесін алу»



Күні : 2.03.20

Мұғалімнің есімі

Суранчиева А



Сынып 8

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


8.4.3.1- магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: магниттердің негізгі қасеттерін сипаттайды, күш сызықтарын бейнелейді

Оқушылардың басым бөлігі: Заттың магниттік қасиетін анықтайды: диа, ферро, пара

Кейбір оқушылар: магниттердің магниттік қасиеттерінің ұзақ сақталу ережесін тұжырымдайды

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


  1. Магниттердің негізгі қасеттерін сипаттайды, күш сызықтарын бейнелейді

  2. Заттың магниттік қасиетін анықтайды: диа, ферро, пара

  3. Магниттердің магниттік қасиеттерінің ұзақ сақталу ережесін тұжырымдайды

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: магнит полюстері; жолақты , доғалы магниттер; күш сызықтары

Терминология: Магнит-магнит- magnet

Жолақты магнит-полосовой магнит –strip magnet

Магнит өрісі-магнитное поле –magnetic field

Магнетик-магнетик- magnet

Aттас полюстер- одноименные полюсы –like poles

Ә р аттас полюстері- разноименные полюсы- primal poles

Күш сызықтары-силовые линий-power lines


Сөз тіркестері: Ферромагнетиктер - ... күшейтетін заттар.

Магнит өрісін .... парамагнетиктер деп аталады.

Магниттердің аттас полюстері ..., .... тартылады.

Магнит өрісінің күш сызықтары .... .



Құндылықтарды дарыту

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

Пәнаралық байланыстар

География, өлкетану пәндерімен

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Жердің магнит өрісі, электр өрісі, аттас және әр аттас зарядтардың тартылуы , тебілуі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу

Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады




Ортасы

4. Материалды түсіндіру.

- Физикалық білімді немесе заңдылықты анықтау үшін тәжірибе мен бақылауды негізге алатынымыз белгілі. Мынадай жақсы сөз бар: «Жақсы ойланып, жауап бер, Тәжірибеде тексеріп, дәлелде!».



Мұғалім: Магнит өрісі – бұл материяның ерекше бір түрі, адамға ол көрінбейді және байланыспайды.

– Магнит өрісін бақылап көрейік.

- Тұрақты магните қанша полюс бар және оның түстері қандай, қалай аталады? (Тақтаға шақыру.)

1 тапсырма : Тұрақты магниттік басқа материалдан жасалған денелерге әсерін бақылап көрейік. Ол үшін: тұрақты магнит пен әртүрлі материалдан жасалған денелер қажет. Біздің үстеліміздің үстінде өшіргіш, түйме, қағаз, қарындаш, шеге, бекіткіштер бар. Магнитті алып, сол денелерге жақындатыңыз.

- Барлық денелер тұрақты магнитке тартылды ма?



Қорытынды: Магниттің негізгі қасиеті тек металл және болат денелерді ғана тартады, ал барлық денелер тартыла бермейді. (Қорытындыны жазыңыз.)

2 тапсырма : Келесі тапсырманы орындау үшін бізге жазық магниттер керек.

- Екі магнитті алыңыз. Олардың аттас және әр аттас полюстері арасындағы байланысты бақылап көріңіздер. Магниттің көк ұшына келесінің көгін жақындатыңыз, не бақыладыңыз? Қызыл ұшына көкті жақындатыңыз, не бақыладыңыз? Қандай қорытынды жасайсыз?



Қорытынды: Магниттің аттас полюстері бірбірінен тебіледі. Магниттің әр аттас полюстері бір-біріне тартылады. (Қорытындыны дәптерге жазыңыз.)
3 тапсырма. Магнитке қағазды қойыңыз. Ақырындап темір ұн-тағын себіңіз. Алынған бейнені дәптерге салыңыз. Екі магнитті бір-біріне жақындастыру арқылы магнит өрісінің сызықтарын бақылаңыз:

  • Аттас полюстермен;

  • Әраттас полюстермен.


Эксперименттерге қорытынды жасаңыз.
ҚБ: «Әріптестер пікірі» әдісі бойынша топ өзара бағалау жүргізеді.





Аяқталуы


(Р) Зертханалық тапсырма. Жұптық жұмыс.
8 Зертханалық жұмыс. Тұрақты магниттің қасиетін зерттеу, магнит өрістерінің бейнесін алу

(оқулықпен жұмыс, 289 – бет)




  1. Тапсырма: Тұрақты магниттің қасиеттерін зерттеу

  2. Тапсырма: Магнит өрісінің бейнесін алу.

ҚБ: «мадақтау» әдісі


(І) Жеке жұмыс Оқушыларға тапсырма беріледі. Өз ойларын қорытып , дәптерге қорытынды жазу керек.













  1. Кестені сәйкестендір:





Мысалдар:

1

Мыс

2

Азот

3

Марганец

4

Оттегі

5

Болат

6

Фосфор

7

Алюминий

8

Кобальт

9

Алтын

10

Платина


Ферромагнетиктер

Диамагнетиктер

Парамагнетиктер



  1. Физикалық диктант

  1. 1) Заттың магниттік қасиеттерін сипаттаңыз.

  2. 2) Магнит өрісі әрекетінен магниттелетін заттар не деп

аталады?

  1. 3) Ферромагнетиктер дегеніміз не?

  2. 4) Қандай заттарды парамагнетиктер деп атайды?

  3. 5)Диамагнетиктер денегіміз қандай заттар?

6) Неліктен магнит өрісін зерттеу үшін темір үгінділерін пайдалану ыңғайлы?

7) Неліктен тұрақты магниттің полюстерін бөлу мүмкін емес?





Бағалау криитерийлері

Дискриптор

1

Магниттердің негізгі қасеттерін сипаттайды, күш сызықтарын бейнелейді


Күш сызықтарының дұрыс орналасуын көрсетеді

2

Заттың магниттік қасиетін анықтайды: диа, ферро, пара

Дұрыс сәйкестендіру жасайды.

3

Магниттердің магниттік қасиеттерінің ұзақ сақталу ережесін тұжырымдайды

Өз ойын қорытып, сұрақтарға жүйелі жауап береді



Кері байланыс: « Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
Үйге тапсырма: §32, 24 жаттығу





Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Жұптық жұмыс барысында ортақ тапсырма арқылы бір қорытынды жасайды.

Жеке жұмыста оқушының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында деңгейлік тапсырмалар беріледі. Әр кезеңде бағалау жүргізіледі.



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Ынталандыру, қолдау көрсету, әріптестер пікірі, бағалау критерийі, дискриптор .


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?



Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет