Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы қазақстан тарихы 7-сынып Оқу мақсаты



Дата27.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#76591
түріСабақ

Бөлім тақырыбы: Қазақстанның XIX-XX ғасырдағы мәдениеттің дамуы.
Сабақ тақырыбы: XIX ҒАСЫРДАҒЫ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ
Қазақстан тарихы
7-сынып
Оқу мақсаты:
Салт-дәстүрлер мен әдет -ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау.
Бағалау критерийлері:
  • Салт-дәстүрлер мен әдет -ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтайды.


Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар құндылығы


Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері отбасылық құндылықты сақтауда және түрлі қоғамдық қатынастарды дамытуда үлкен рөл атқарды.

Қазақ халқының қонақжайлылық қасиеті


Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Бұл қасиет көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан.
Жасы үлкендерге құрмет көрсету
Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамды құрметтеу ежелден бар болатын. Ондай құрмет жасы үлкен кісінің қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендігіне қарамай көрсетілетін.
Бата беру
Батаны елге сыйлы, аузы дуалы ақсақалдар берген. Олар елге тыныштық, әр отбасына амандық, келер ұрпақтың бақытты, саналы азамат болуын тілеген.
Қазақтардың ұлттық болмысы
Отансүйгіштік
Еркін
Бата беру
Жекебас еркіндігі, шұрайлы жайылымдардың мол болуы, дәулетті адамдарды құрмет тұту дала халқының байлыққа деген ұмтылысын қалыптастырды.
XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген дәуірі
Қазақ жерінде атақты Біржан сал Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы, Қазанғап Тілепбергенұлы т.б. әнші-композиторлар, күйшілер болды.
“Қырғыздардың (қазақтардың) ерекше қабілетке ие екендігіне еш күмән жоқ. Бұл халық бүгінгі күні өзінің бірегейлігін сақтап қалған. Халық шығармашылығының үлгілері: мақал-мәтелдер, ән-күй, ертегілер, жұмбақтар, тарихи әңгімелер т.б туындылар халықтың бай тарихының бар екенін айғақтап , болашақ дамуының кепілі болып табылады. Бостандыққа, еркіндікке ұмтылу, кішіпейілділік, білімге құмарлық-қырғыздарға (қазақтарға) тән қасиеттер...”
Васильев А.В.
1- тапсырма
Дәстүрлі қазақ қоғамында неліктен таптық және әлеуметтік қайшылықтар орын алған жоқ?
Жауабы:
Ұлы дала, табиғат, көшпелі өмір салт, маңдайға жазылған соң, адамдар бірін-бірі жатсынбай , біріне-бірі арқа сүйеп өмір сүруі керек екендігін түсіне білген. Бұл қажеттілікті терең сезінген қазақ халқы “адамның күні -адаммен ” деген принципті тіршіліктеріне тірек еткен. Әлеуметтік қайшылықтар орын алмауына қазақ халқының тектілігі, ұлттық болмысы да әсер етті.

2-Тапсырма


Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты ұғымдарды жалғастырыңыз.
Қонақжайлылық –
Бата беру –
Отансүйгіштік –

Жауабы:


Үлкенге құрмет- Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар. Кіші іні жасы үлкен ағаның рұқсатынсыз дастархан басына өз бетінше ешқашан отырмайды.
Қонақжайлылық –Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды.
Бата беру- Кейде өлеңмен, кейде көркем қарасөзбен айтылып, ауыз әдебиетінің бір жанры болып қалыптасқан.
3- тапсырма
Қазақтардың ұлттық болмысы туралы ұғымдарды сәйкестендіріңіз.
Отансүйгіштік
Әдет заңы
Олар қандай жағдай болса да атақонысын тастамауға тырысты.
Өз руластарының қол ұстасуына тыйым салынды.
Жауабы:
Отансүйгіштік
Әдет заңы
Олар қандай жағдай болса да атақонысын тастамауға тырысты.
Өз руластарының қол ұстасуына тыйым салынды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Салт - дәстүрлер мен әдет - ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтадыңыз.
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу, сұрақтар құрау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет