I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет1/13
Дата27.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#130300
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Факультет: Стоматология

Баяндама


Тақырып: Қазақстандағы суицид мәселесі.
Дайындаған:Рахманова.Н


Қабылдаған: Құрметұлы Т


Тобы:СТК-204F
Түркістан-2023жыл


Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы-адам және оның өмірі.
2. Суициттік мінез құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері
3. Суицидтің алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстар бағыты
4. Зерттеушілердің пікірі
5. Әлем бойынша өзін-өзін өлтіру мәліметі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Өзіне-өзі қол салу (әр 40 секундта бір адам өмірін қияды)
Өзін-өзі өлтіру – адам баласы жаратылғалы жалғасып келеді. КСРО кезінде бұл мәселе жабық қаралатын. 1926 жылдары Кеңес елдерінде 100 мың адамға шаққандағы өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші 7,8 адамды құрады. 1930 жылы Санақ жөніндегі мемлекеттік комитеті өз-өзіне қол жұмсағандармен айналысатын секторды жауып, бұл жұмысты психиатрларға тапсырды. Неге десеңіз, өз-өзіне қол жұмсағандарға ақыл-есі кеміс, психикалық ауру деп баға берілді. Сол кезеңде АҚШ-та да өзін өлімге қиып, одан аман қалғандар жазасын өтеуге түрмеге қамалды. Аустрия мамандарының дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында (ДДҰ) жасаған баяндамасы бойынша, бүгінгі күні соғыс пен қанды қылмыстарға қарағанда әлемде өз-өзіне қол жұмсау салдарынан өлетін адамдар көп екен. Әлемде жыл сайын шамамен бір миллиондай адамның өз-өзіне қол жұмсап, 10-20 миллиондай адамның өз өмірлерін қиюға әрекет жасайтындығы соның айғағы. Тіпті, әр 40 секунд сайын дүниежүзінде бір кісінің өз өмірін қиятындығы бұл өлімнің қаншалықты жиі кездесетіндігін көрсетеді.
Өзін өлтіруге көзқарас
Өзін-өзі өлтіру мәселесі Англияда 1961 жылға дейін заңға қайшы деп табылды. Бірақ, соңында заң арқылы шешудің мүмкін еместігі еріксіз мойындалды. Көне Норвегия сотында оған «абыройсыз өлім» деп баға берілді. Финляндияда 1442 жылғы заң бойынша өз-өзіне қол жұмсау мемлекетке қарсы жасалған қылмыс деп есептеліп, шіркеу құқықтары бойынша емес, азаматтық құқықтар бойынша жауапқа тартылды. 1808 жылғы Голландия заңында өз өмірін қиюға әрекет жасағанды қудалау тоқтатылды. Басқа Еуропа мемлекеттеріне қарағанда Италияда өз-өзін өлтіруге қатаң көзқарас қалыптасқан. Онда өз-өзіне қол салу – Құдайдың ең қымбат сыйынан қол үзу, яғни, ауыр күнәға бару болып саналады. Тіпті, өз-өзін өлтірген адамның абыройсыздығы жақындарын жерге қаратады. Қытайда тарихи дәстүр бойынша өз-өзіне қол жұмсайтындарды қолдамаса да, ондайлардың ізіне түсіп қудаламау керек деген пікір жақталады. Қытай еркектері көбіне қоғамдағы келеңсіздіктерге шыдамаса, әйелдері көбіне үйдегі араздыққа төзбейді. Үндістанда өзін-өзі өлтіру өмір салтының нышаны күйінде қалып қойған. Үнділіктер Құдайға деген ең үлкен құрбан адамның өз жаны деп біледі. Оның негізі өзін құрбан еткен жандарға мәңгілік өмір есігі ашылады деген сенімде жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет