Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
Пән/Сынып:
|
Биология, 8 сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
12- сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
9-бөлім. Координация және реттелу
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Көру мүшесінің құрылысы мен гигиенасы
|
Оқу мақсаты:
|
8.1.7.1 көруді қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасының ережесін сипаттау
|
Бағалау критериі:
|
көру мүшесі арқылы қабылдау ерекшеліктерін сипаттайды;
көру мүшесінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты айқындайды;
көру жітілігі мен көру аймағының шегін анықтап, көрудің маңызы мен гигиенасын түсіндіреді
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі. Бүгінгі жұмыс мақсатымен таныстыру. Бейнематериалды көре отырып, сабақты түсіндіру. Бекіту тапсырмалары және оқу тапсырмалары беріледі. Сабақты қорытындылау
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Бекіту тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
1 тапсырма Көру мүшесіне сипаттама беріңіз, маңызын айтыңыз.
2 тапсырма Көздің гигиенасын түсіндіріңіз
|
Жеке жұмыс
Оқу тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындайды
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
00:00 – 03:00
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсіздер ме! Біз сіздермен көру мүшесінің құрылысы және гигиенасымен танысамыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Көру мүшесінің құрылысы мен гигиенасы.
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің: Көздің құрылысы мен көру мүшесі арқылы қабылдау ерекшеліктері, көздің гигиенасы
Сенің меңгеретінің: көру мүшесі арқылы қабылдау ерекшеліктерін, көру мүшесінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты,
көрудің маңызы мен гигиенасын
|
Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
|
|
Презентация
Слайд 1
Слайд 2
|
8 минут
03:00 – 11:00
11:00-14:00
9 минут
14:00-17:00
|
Жаңа сабақ
|
Адам үшін негізгі сезім мүшесіне көру жатады. Қоршаған әлем туралы ақпараттардың басым бөлігін көру арқылы қабылдаймыз.
Көздің сезімтал жасушалары – фоторецепторлар. Ол заттардан шағылысқан жарықты қабылдайды.
Көздің құрамына қосымша бөліктері:
Көз алмасы үш қабық пен оптикалық жүйеден тұрады.
Оптика деп жарықты өткізетін және оны фокустайтын (шағылысқан жарық сәулесін жинайтын) мөлдір құрылымды айтады.
Көздің аккомодациясы
Көрудің басты сипаттамасының бірі – көру өткірлігі. Ол – көздің ұсақ заттарды ажырату қабілеті.
Адамдарда көбінесе жақыннан көргіштік (сығырлық) пен алыстан көргіштік (қырағылық) сияқты көрудің бұзылуы кездеседі.
Дальтонизм – түсті ажырата алмау – тұқым қуалайтын ауру. Ондай адам көбінесе қызыл және жасыл түсті, кейде жеке түстердің реңдерін ажырата алмайды.
Конъюктивит - көздің кең таралған жұқпалы ауруы. Бұл сілемейлі қабықтың – қасаң қабықтың жоғары қабатының бактериялық қабынуы.
Көздің көру қабілетін сақтау:
көзді бөгде денелердің түсуінен, зақымданудан қорғау;
жарық режимін реттеу;
оқу және жазу кезінде жарық сол жақтан түсуі керек;
кітап пен көз арақашықтығы 30-35 см болуы тиіс;
теледидарды көру ұзақтығы 2,5-3 сағат, ал қашықтығы
3 м-ден кем болмауы керек;
А дәруменіне бай тағамдарды пайдалану;
ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегін кезектестіру керек;
темекі тарту және алкогольді ішімдік ішу зиянды әсер етеді;
жатып немесе көлікте кітап оқуға болмайды;
көзге қышқыл, сілті және бөгде зат түскен кезде оны сыртқы жағынан ішке қарай жуу қажет;
көзді таза әрі жұмсақ маталармен сүрту керек.
|