Сабақ типі : теориялық



Дата11.10.2023
өлшемі20,96 Kb.
#113532
түріСабақ
Байланысты:
3 Меншiк жэне элеуметтiк экон курылыс


Сабақтың тақырыбы: Меншік және әлеуметтік- экономикалық құрылыс.
Пән атауы: Экономика негіздері
Тобы: ОДО-205
Күні: 19.09.23
Сабақ типі : теориялық

Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. «Меншік» белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан. Ол қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан кез келген үкімет меншік туралы заңдар шығарады.


Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесіне заңмен алдын-ала белгіленген мүлік тән.
Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани – мәдениет заттары және т.б. жатады.
Басқаша айтсақ, меншік - бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену – әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік - анағұрлым абстрактілі, ал иемдену нақты ұғым.
Иемдену - бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.
Қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгеріп отырған. Өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық игіліктерді өндіруді үйренбестен бұрын пайда болды. Осылайша, адамзат қоғамының әу басында адамдар табиғат өнімдерін оларды өндірместен иеленді. Әрі қарай, өндірістің пайда болуы мен дамуына орай иемдену объектісіне тек табиғат өнімдері емес, сондай-ақ адамдар өндірген өнімдер жатады.
Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады. Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер, өндіріс топ мүддесіне қарай жүргізілсе, онда мәселе иеленуде. Егер өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда, қоғамдық иелену орын алады.
Меншік пен иемденудің ішкі заңдары бар. Олар екеу. Біріншісі – өз еңбегінің өнімін иемдену, меншіктеу заңы, оған сәйкес иемдену заңы: еңбек-бастапқы иемдену әдісі. Бұл заңдар жай тауарлы өндіріске дейінгі кезеңдерге тән.
Еңбектің жеке меншіктің капиталистік болып өзгеруі бірінші меншік заңының екіншісіне - бөтен біреудің еңбегінің өнімін меншіктеу заңына ауысуының негізінде жүреді. Оған енді, басқаның еңбегін иемдену заңы сәйкес келеді.
Айналыс –бастапқы иелену түрі мен әдіс бірлігі. Осы заңдардың негізінде капиталистік тауарлы өндіріс әрекет етеді.
Осылайша, бірінші меншік заңы мен бірінші иемдену заңы жеке еңбекпен өндірілген өнімді жекелей иеленуге байланысты. Екінші меншік заңы мен екінші иемдену заңы бөтеннің еңбегін және осы еңбектің нәтижесін айырбас арқылы, яғни айналыс сферасы арқылы иемденумен байланысты.
Меншік қатынастарында шешуші рольді өндіріс құралдарына меншік атқарады. Ол жұмыс күшінің өндіріс құралдарымен бірігу сипатын, формасын анықтайды. Осы бірігудің әдісі мен сипатына қарай экономикалық кезеңдер бөлінеді.
Меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Айталық, өндіріс құралдарына меншік иесінің өзі өндіру қызметімен айналыспайтын болсын. Ол басқа адамдардың өзінің заттарын иеленуіне белгілі бір жағдайларда мүмкіндік берсін. Сонда меншік иесі мен кәсіпкер арасында мүлікті пайдалану қатынастары туындайды. Кәсіпкер басқа біреудің меншігін иелену , пайдалану мен керегіне жарату заңды құқығына ие болады. Мұндай қатынастарға мысал ретінде жалға беру - меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады.
Жеке меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән. Өндіріс құралдарының негізгі бөлігі аз ғана адамдар қолында болған кезде , бұл қоғамның қалған бөлігінің бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде мүліктік теңсіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі туады.
Иемденудің үшінші түрі аралас меншік кезінде мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарналарының есебінен құралады.
«Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады.
Меншік - бұл өндіріс құрал - жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Айталық тіл бір ғана адамның өнімі болып табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе алмайды. Меншікте дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі - экономикалық категория ретінде мазмұнын жояды.
Республикамызда нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан тәуелсіз және тең құқықты субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру мен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты. Бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорынның негізгі бөлігін мемлекеттік басқару орындарына тікелей бағынудан құтқарып№ оларды акционерлік, кооперативтік және тағы басқа кәсіпорындарға айналдыруда қажет етеді.
Мемлекеттік меншіктің бүкіл қоғамды түгел қамтитын сипатынан айыруы меншікті мемлекет иелігінен алу, акционерлік, кооперативтік, және жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың алуан түрлерін қалыптастыру адамдардын шаруашылық және еңбекке деген ынта-жігерінің арта түсуіне жол ашып, әлеуметтік қиындықтарды жеңілдетеді.
Қазақстан Республикасының «Меншік туралы Заңының» біршама ерекшелітері бар. Сөз болып отырған заң – алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап берді. Сөйтіп№ біздің республикамызда да меншіктің алуан түрлігіне тұңғыш рет заң жүзінде рұқсат берілді.
Сондай-ақ, осы құжатта меншіктің бір түрін екінші бір түріне өзгерту мүмкіндігі және оның аралас түрлерінің болатындығы да ескерілген. Сол себепті де бұл Заңда отбас мен шаруа қожалығына, кооперативке, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерге, акционерлік қоғамға, ассоциациялар мен бірлестіктерге, қоғамдық ұыймдар мен қорларға, діни ұйымдардың меншіктеріне арналған арнайы баптар бар. Қабылдаған құжатта; меншіктің жекелеген азаматтардың және мемлекеттің меншігі деп аталатын түрлері көрсетілген. Сондай-ақ жеке-дара меншіктің қатарына жеке меншіктің де жататындығы ашық айтылған.
Жалпы менщік туралы сөз болғанда, ол бір-бірімен өзара байланысты; дәстүрлі, әрекеттік құқығы, экономикалық және заңды-құқықтық деп аталатын үш тарамнан тұратын барынша күрделі ұғым екендігін естен шығармау керек. Екінші және үшінші мәселе туралы жоғарыда сөз болды. Ал, бірішісін, Тәуке хан тұсында жасалған; жер дамуы, мүлік дамуы, және таға басқа мәселелерді реттеп шешіп отыруға арналған, сонымен қатар, әлі де болса, халық санасынан шыға қоймаған байырғы әдет-салт құқықтарын назардан тыс қалдыруға болмайды.
Мемлекет барлық субъкетісінің заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етеді.
Меншік объектілері мен субъектілері, олардың негізгі салаларының әр түрлі, меншік иелерінің өз құқығын жүзеге асыру шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Конституция тікелей меншіктің екі түрі – мемлекеттік және жеке меншік аталады. Бұл «Меншік туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сай келіп отыр. Ол өзгерістер өте маңызды және бүгінгі таңда орнықты орын алып отыр. Онда мемлекет меншігінің бөлінбейтіндігі жөнінде еркше жазылған. Меншік иесінің құқығын білдіретін «толық шаруашылық жүргізу» құқығы жойылып, мүлікке иелік жасау мен пайдалану құқығын айғақтайтын, сондай-ақ, меншік иесіне белгіленген мөлщерде оларды пайдаланудың белгілі бір өкілеттілігін беретін «шаруашылық жүргізу» түсінігі енгізілді.
Үй тапсырмасы:
1. Дәрісті оқу.
2. «Менің жеке меншігімде не бар?» тақырыбына эссе жазу

Әдебиеттер тізімі

  1. Ө.Қ.Шеденов: «Жалпы экономикалық теория» (5-11 беттер), тірек-сызба, кестелер.

  2. А.Н.Доғалов, Н.С.Досмағанбетов, «Экономикалық теория», Алматы, 2014.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет