Сабақ түрі: зерттеу-ізденіс сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: есім-акроним,топтастыру, ізденушілік



бет1/6
Дата26.09.2022
өлшемі43,2 Kb.
#40245
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Сабақтың тақырыбы: Есім сыры
Сыныбы :6
Сабақтың білімділік мақсат: Оқушыларға антропонимия ғылымы туралы мағұлмат беру, бүгінгі күні балаларға қойылған есімдердің сырын анықтау;
есімдер ұғымына талдау жасау,мағұлмат беру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың есімге байланысты ұғымдарын толықтыру, өзін-өзі тануға, білуге, ізденуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: ойын ашық айта білетін, өзін құрметтейтін, азан шақырып қойған есімін құрмет тұтып, ата – анасының үмітін ақтайтын азамат тәрбиелеу.
Сабақ түрі: зерттеу-ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: есім-акроним,топтастыру, ізденушілік,
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта,
Сабақтың басты кезеңдері:
● Аталмыш мәселе бойынша материалдармен танысу;
● Бақылау, зерттеу, сауалнамалар жүргізу;
● Қорытынды жасау;
Күтілетін нәтиже:
● Есімінің сырын білу арқылы өзін – өзі тануға жол ашу


1.Ұйымдастыру
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі сабақтарыңа сәттілік тілеймін.
Алдымен экранға назар аударайық.
-міне , балалар видеода айтылғандай есім адам үшін ең маңызды– Адам есімі келешек тағдырына қаншалықты ықпал етеді?
– Аттас адамдардың көбісінің мінез – қылығы неліктен бір – біріне ұқсас?
Осы сұрақтарға жауап, антропонимия ғылымы туралы мағұлмат алу, бүгінгі күні балаларға қойылған есімдердің сырын анықтау;есімдер ұғымына талдау жасау, мақсатында «Есім сыры» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Есім сыры неде?
Бұл ХХ ғасырдың басынан бері ғалымдардың зерттеу жүргізіп келе жатқан жұмыстарының бірі. Соның нәтижесінде адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болды.
Қазақ тіл білімінде антропонимия деген термин бар. Антро+пос – «Адам, оним//онима – «Есім», «Ат» деген сөз. Ендеше, антропоним дегеніміз – «Кісі есімі», антропонимика дегеніміз – ономастиканың кісі есімдерін зерттейтін саласы. Тал бесіктен жер бесікке енгенше сенімен бірге өмір сүретін – есім. Ғылым тілімен айтқанда, «айрықша тілдік таңба». Жалқы есімдерсіз адамзат қарым-қатынасы болуы мүмкін емес, тіпті елестетуде қиын. Антропонимдер – кісі аттарынан тұратын жалқы есімдердің ірі разряды. Антропонимдер кісі аты, әкесінің аты, тегі, лақап аты, бүркеншік аты, криптоним (жасырын аты), қосымша аты және т.б. сияқты кластарға бөлінеді. Антропоним формуласында, атау беру уәжінде, атау құрлымында байқалатын әр халықтың өзіндік атау беру дәстүрі бар. Кез-келген халықтардың антропонимдік қоры (антропонимдер жиынтығы) құрамы жағынан әр түрлі болып келеді. Әр халықтың атау тізімі шектеулі, сондықтан бір атқа бірнеше адам ие болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңда/3-тарау. 9 бап/ Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы делінген.


Қазақ есімдерінің басым тобы халқымыздың өткен замандардан бастап күні бүгінге дейін мәдени-тарихи өмір бейнесін анық көрсетеді.

Мал шаруашылығымен байланысты есімдер:

Бота, Бұқа, Аққозы., Құлыншақ, Жылқыбай, Қозы т.б
.

Табиғат құбылысы мен Аспан жұлдыздарына байланысты есімдер,

Таубай, Боран, Толғанай, Айым, Шолпан, Есекқырған, Үркер, Нұрсұлу, Нұржан, Айсұлу, Күнай, Айжарық, Таусоғар, Айтуар, Күнтуар т.б. т.б.

Жабайы аңдардың, құстардың ,төрт түлік малға байланысты есімдер

Арыстан, Түлкібай, Лашын т.б. Арыстан, Бүркіт, Жолбарыс, Қойшыбай, Жылқыбек, Нартай, Малбағар, Жылқыайдар, Ақбота, Жанбота, Түйебай, Бурабай т.б.



Асыл металдар мен қымбат заттар атауларына байланысты есімдер



Алтын, Болат, Маржан т.б.

Өсімдік аттарына байланысты



Қызғалдақ, Райхан, Раушан, Гүлжан т.б.

Жеміс-жидек атауларымен байланысты:

Алма, Мейіз, Анар, Жаңғақ т.б.



Туыстық атаулармен байланысты



Атабек, Баба, Туғанбай, Жиенбай т.б.

Жер-су аттарына қойылған есімдер

Алатау, Еділ, Орал, Алтай, Есіл, Ертіс, Kөлбай, Ілебай, Kегенбай, Орал т.б.



Үй-жиһаздарымен, мүліктерге байланысты:

Шара, Табақбай, Айнагүл т.б.

Түрлі тағам аттарына байланысты есімдер

: Айранбай, Шырынбай, Шекер, Сүттібай т.б.



прецедентті есімдер дегеніміз поэтикалық шығармалардағы, фольклордағы келтірген кейіпкерлердің есімдері.
.

. Мысалы, мифтік бейнелер: Әзірет әли, пайғамбарлар (Дәуіт, Мұса, Сүлеймен), Қанбақ шал, Қыдыр ата;
Ел аузындағы есімдер: Асан қайғы, Аяз би, Қорқыт, Қобыланды, Толағай;
Қасиетті пірлер мен әулиелер: Бибі Фатима, Қожа Ахмет Иассауи, Ұмай ана;
Тарихта болған тұлғалар: Абылай хан, Қасымхан, Есет батыр;
Әдеби мәтіндердегі персонаждар: Дайрабай, Мырқымбай (Б.Майлин), Судыр Ахмет (Ә.Нұрпейісов);
Ойдан шығарылған аттар: Алтай, Қамбар, Шығайбай, Тоңқылдақ т.б.;



басқа тілден енген есімдер

Элеонора, Замира, Мария, София, Сания, Света, Клара, Лаура, Жания, Жанна, Лиза, Мая, Зоя немесе Артур, Ануар, Арслан, Руслан, Эрнс, Тимур, Мадьяр, Илья т.б

Тарихи қайраткерлердің, хандардың, белгілі ақын-жазушылардың, атақты батырлар құрметіне байланысты

Шынғысхан, Махамбет, Қазыбек, Сәкен, Жамбыл т.б

Сан есіммен байланысты

Бірбай, Біржан, Бесбай, Жетібай, Сегізбай, Елубай, Сексенбай, Тоқсанбай, Жүзбай, Мыңбай


Дүние есігін жаңа ашқан сәби үшін дұрыс есім қою өте маңызды. Исламда есім қоюға үлкен мән беріледі, өйткені адамның азан шақырылып қойған есімі оның тағдырына тікелей байланысты. Хадисте: «Қиямет қайымда әркім аттарымен және әкелеріңнің есімімен шақырыласыңдар. Олай болса, жақсы ат қойыңдар», – делінген . Азан шақырып ат қою (Азан шақырып, қазанның құлағын қағып aт қою) - мұсылмандықты қатаң ұстанатын ортада нәрестеге ат қоюды рәсімдейтін ғұрыптың ерекше түрі. Ата-ананың біреуі (көбінесе әкесі) баланы басын құбылаға қаратып, қолын ұстайды. Ат қоятын молда намазын өтеп, Азан шақырып, баланың оң құлағына ата-анасы таңдап қойған есімді айтады. Нәрестені қолына ұстап тұрып ұл баланың оң, қыз баланың сол құлағына «мұның аты - .., сенің атың - ...» деп үш мәрте айқайлап айтады да, келесі құлағына Құраннан сүрелер оқиды. Бұл рәсім үш рет қайталанады. Рәсім аяқталарда дұға оқылады, қатысқан туысқандары балаға, оның ата-анасына тілектер айтып, үлкендер бата береді. Мұндай ескі салт бойынша, ат қою рәсіміне жиналғандардың ішінен біреуі қазанның құлағын даңғырлата қағып, балата қойылған атты үш қайтара қайталап, жұртқа жария етеді.


/ «Азан шақырып ат қою» видео /


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет