Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны



бет1/2
Дата02.03.2023
өлшемі78,15 Kb.
#71108
түріСабақ
  1   2

Тақырыбы:

Ондық бөлшектерді дөңгелектеу

Күні,айы: 04.03

Мұғалімнің аты-жөні: Нуркасымова Н. Б.




Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.32
ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:
Ондық бөлшекті дөңгелектеудің ережесін есепте қолдану бойынша білім-біліктіліктілігін қалыптастыру.

Оқушылардың басым бөлігі:
Өздерінің сыныпта қандай оқу құралдарын пайдаланатынын айта алады,сұрақты түсінеді,сұраққа еркін жауап бере алады.

Кейбір оқушылар:
Дөңгелектеудің ережелерін игерте отырып практикада кеңінен қолдануға және ойлау,есте сақтау,зейінділік қабілеттерін дамыту. Ондық бөлшектерді дөңгелектеу ережесі бойынша бірден жазуға дағдыландыру .

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
1-8 мин

  1. Ұйымдасытру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеру.
«Жүректен жүрекке» тренингі
«Ой қозғау»» әдісі
1.Қазақстандағы халық саны қанша?
2.Уақыт неше болды?
3.Сенің салмағың неше?
4.Сенің ата-анаңның жасы нешеде? т.б.

Жүректен жүрекке тренингі арқылы бір-біріне жақсы тілек айтады.



Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады




Сабақтың ортасы
8-35 мин

Жаңа сабақ
Санды дөңгелектеу дегеніміз – оның дәл мәніне жақын жуық мәнін табу.
Санды дөңгелектегенде ол өзінің жуық мәніне ие болады.
«Сен маған,мен саған» әдісі
а)Рулетканы(сызғышты) пайдаланып, сыныптағы үстелдің ені мен ұзындығын, қаламның, қарындаштың ұзыдығын, есіктер мен терезелердің өлшемдерін өлшеп, өлшемдерді метрмен жазып көрсетіңдер. Бағалауды» өзара бағалау» бір-бірін бағалау


«Ашық микрофон әдісі»
Жұлдызшаның орнына дөңгелектеу дұрыс болатындай етіп, цифрлардың ең үлкенін жазыңдар:
1) 2, 4* ≈ 2, 5;
2) 9, 35* ≈ 9, 35;
3) 14, 67* ≈ 14, 68;
1) 4,8*≈4,8;
2) 6,75*≈6,76;
3) 25,66*≈25,66;
1) 2,8*≈2,9;
2) 3,52*≈3,53
3) 26,11*≈26,11


Топтық жұмыс
1топ.
Жердің радиусы 6371 км. Марс планетасының радиусы Жкер радиусының 0,53-іне тең. Марс планетасы радиусының ондық үлестерге дейін дөңгелектенген жуық мәнін жазыңдар. Жауабы: 6371*0,53=3376,63≈3376,
Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады
2 топ.
Эскалатордың ұзындығы 150м. Ол жолаушыны 3,2 минутта жоғарғы қабатқа көтереді. Эскалатордың жылдамдығының ондық үлестерге дейінгі дөңгелектенген жуық мәнін жазыңдар.
Жауабы: 150/3,2=46,875≈46,9
3 топ.
Қазақстандағы ауданы жағынан ең үлкен облыс-Қарағанды облысы. Оның ауданы 428 мың кв.км. Қарағанды облысының ауданы шамамен неше жүз мың квадрат километр?
Жауабы: 428мың кв.км≈400мың кв.км



Рулетканы(сызғышты) пайдаланып, сыныптағы үстелдің ені мен ұзындығын, қаламның, қарындаштың ұзыдығын, есіктер мен терезелердің өлшемдерін өлшеп, өлшемдерді метрмен жазып көрсету арқылы тақырыпты ашады.


Оқушылар ауызша жауап береді.



Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады

Слайд
Оқулық



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет