Сабақтақырыбы Температура зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі



бет1/2
Дата06.07.2022
өлшемі26,03 Kb.
#37522
түріСабақ
  1   2



Пәні: Физика

Алматы облысы
Жамбыл ауданы
Мектеп: Ш.Уәлиханов атындағы ОМ КММ
Мұғалімніңаты-жөні: Мукашева Г.А.



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Газдардың молекулалық- кинетикалық теория негiздерi

Күні:




Сынып: 10 ЖМБ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Температура - зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының
орташа кинетикалық энергиясының өлшемі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.3.1.1 -температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының
орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау;

Сабақ мақсаттары

Дeненің жылулық күйін сипаттайтын нeгізгі физикалық шама ретінде температураны енгізу, температураны өлшеу әдістeрімен таныстыру,
Цельций және Кельвин шкаласын енгізу;
оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру

Бағалау критерийлері

Температураның физикалық мағынасын молекулалардың қозғалысының
орташа кинетикалық энергиясымен байланыстыра алады.
Температураны өлшеу тәсілдерін түсіндіреді.
Температураны өлшеу тәсілдерін күнделікті өмірде қолдана алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар : Температура , кинетикалық энергияның анықтамаларын ауызша тұжырымдайды
Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология:
Температура, Кельвин, Цельсий, Фарангейт, Реомюр шкалалары.




Сонымен қатар, үштілділік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында
оқушылар осы тақырыпқа қатысты физикалық терминдерді
үш тілде айта білулері тиіс

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Температура

Температура

Temperature

Температураны өлшеу

Измерение температуры

Temperature measurement

Термометр

Термометр

Thermometer

Пирометр

Пирометр

Pyrometer



Құндылықтарды дарыту



Оқушылардың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

География пәні. Атмосфераның температурасы


Бастапқы білім


Термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер.
Тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе. 8сынып

Сабақбарысы

Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа қатысымын және
көңіл күйіне назар аудару. Психологиялық ахуал орнату

2. «Миға шабуыл" стратегиясы бойынша суреттер арқылы 8-сыныпта өткендерін еске түсіру.


Талқылау үшін сұрақтар беріледі 
 Температура дегеніміз не, ол нені сипаттайды?
Дене температурасын өлшеуде термометрдің маңызы қаншалықты?
 Судың қатаюы мен еруінде термометрдің қандай қатысы бар?


Bilimlend
Температура

Сабақтың ортасы




1-Тапсырма. Оқушыларды топқа бөліп, өз беттерімен игерілетін тақырыптарды ұсыну:
1-топ Температура
2-топ Температура мен молекулалардың орташа кинетикалық
энергиясы арасындағы байланыс
3-топ Температураны өлшеу тәсілдері
Топ мүшелері өздері дайындаған постерлері бойынша тақырыптарын қорғайды

Дескриптор:



  1. Тақырып мазмұнын толық ашады

  2. Күнделікті тұрмыспен байланыстыра біледі

  3. Физикалық терминдерді пайдаланып сөйлем құрастырады (сөйлеу мәдениеті)

  4. Термометрлерді жұмыс принципін түсіндіреді

  5. Молекулалық теория нeгізінде жылы су мен сaлқын судың айырмашылығы неде екенін түсіндіреді




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет