Сабақтың №19-20 Сабақтың тақырыбы: html-редакторы. Интернет үшін ақпараттық обьектілерді құру құралдары



Дата21.12.2023
өлшемі23,8 Kb.
#142252
түріСабақ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
МКҚК «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФЛОРИСТИКА КОЛЛЕДЖІ»


Пән: Информатика негіздері
Мерзімі: «19» наурыз 2020 жыл
Топ №: 18-24
Сабақтың № 19-20
Сабақтың тақырыбы: HTML-редакторы.Интернет үшін ақпараттық обьектілерді құру құралдары
HTML тілі туралы жалпы түсінік
Интернеттегі мәліметерді бейнелеу HTML тілінде жазылады. Бірақ программалауға ұқсас болғанмен программалау тілі емес, гипермәтінді белгілеу тілі деп аталады.
Web – парақтарының жазылу тілі HTML тілі болып табылады.
HTML /Hyper Text Maker Language/ ағылшын тілінен аударғанда мына мағынаны білдіреді : гипермәтінді белгілеу тілі. Web бетті HTML файл деп атаймыз.
HTML – компьютерлер арасындағы мәліметтер алмасудың жаңа хаттамасы. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін белгілеп, оларды әрбір тұтынушыға жеткізе алатын құжатты түрде белгілейтін тіл болып табылады.
HTML файлының кеңейтілуі htm немесе html
HTML элементтерін мына категорияларға топтауға болады :

  • тақырыптық элементтер

  • құжат құрылымын сипаттайтын элементтер

  • мәтіндік элементтер

Броузерлер
Броузер — бұл Web — беттерін /гипермәтіндік беттерді/ қарауға негізделген программа.
Графикалық,бейнелік және аудиомәліметтер жеке файлдарға жазылады да, құжат ішіндегі сілтемелерге сәйкес браузерлер оларды біртіндеп қосу қызметін атқарады. Файлдағы мәліметтерді қабылдап, браузерлер оларды реттеп орналастырады да, HTML тілінің командалары арқылы мәтінге қажетті түстер енгізіп, Терезе көлемін, мәтін қаріпі мен оның өлшемін және т.б әрекеттерді анықтап, нәтижесін экранда көрсетеді.
HTML файлын құрастырар алдында жұмыс үстелінде құрылған Web беттерді сақтайтын « Lesson HTML» бумасын  құрып аламыз.
HTML файлдарды құрастыру үшін Блокнотты пайдаланамыз.
Ол үшін :
Пуск – Программы – Стандартные – Блокнот әрекеттер тізбегін орындап, Блокнот программасын іске қосамыз да, HTML мәтіндерін теріп сақтаймыз. Сақтау жолы :

  1. Файл – сохранить как командасын орындаймыз

  2. Сохранить как терезесінде папка бөлігіне рабочий стол -ды белгілеп, оның ішінен папка « Lesson HTML» — ды орнатамыз.

  3. Имя файла бөлігіне « Lessonhtml » деп ат береміз.

  4. Тип файла бөлігіне все файлы орнатамыз

  5. Сохранить батырмасына шертеміз

Осы файлды ашудың екі жолы бар :
1 – тәсіл : 1. Жұмыс үстеліндегі « Lesson HTML» бумасын ашамыз.

  1. « Lesson1.html » файлына 2 рет шертеміз, сонда Блокнотта

терілген HTML мәтінінің Web парақтағы тұлғасын көреміз.

  1. Құжат тұлғасына әрі қарай өзгерістер енгізу үшін

Вид – Просмотр HTML кода командасын орындаймыз.
Сонда бізге алдыңғы Блокноттағы жазылған HTML мәтіні
ашылады.
2 – тәсіл: Microsoft Internet Explorer броузері программасын жүктеңіз де, мына команданы орындаңыз :

  1. Файл – открыть

  2. Открыть хабар алмасушы терезесінен «Обзор» белгісіне басып, Рабочий стол -ды белгілеп, оның ішінен папка « Lesson HTML» — ді белгілеп « Lesson1.html » файлына 2 рет шертеміз немесе открыть батырмасына шертеміз, сонда Блокнотта терілген HTML мәтінінің Web парақтағы тұлғасын көреміз.

  3. Құжат тұлғасына әрі қарай өзгерістер енгізу үшін  Вид – Просмотр HTML кода командасын орындаймыз. Сонда бізге алдыңғы Блокноттағы жазылған HTML мәтіні ашылады.

Тэгамен жұмыс
тэг/ tag/ деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады.
Барлық тэг « кіші » <  символынан басталады да, «үлкен » > символымен аяқталады. Бұларды бұрыштық жақшалар деп атайды. Олардың жазылуында әріптер регистрі ешқандай роль атқармайды, яғни үлкен әріпті де, кіші әріпті де қолдана беруге болады. Бірақ тэг атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріпен жазу қалыптасқан.Бұл тэгалардың бірі – ашады, екіншісі – жабады. Ашатын тэг (< …> ) белгілі бір әсер тегісін бастайды, ал жабатын тэг ( ) – сол әрекетті аяқтайды.
Тэгтердің екі түрі болады :
1.Бір элементті тэг. Ол белгілі бір әрекетті орындау үшін оны қажетті
орынға жазып қою керек.
Мысалы :
— келесі қатарға көшу.

  1. Қосарланған тэг. Ол ашылу және жабылу тэгтерінің ортасындағы

мәтінге ғана әсер етеді.
Мысалы : … …
Экранға шығатын мәтін


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет