Сабақтың барысы: Сабақтың кезені/ уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті



Дата20.12.2023
өлшемі146,21 Kb.
#141458
түріСабақ

Мұғалімнің аты жөні

Әлім Гүлім Қартбайқызы



Күні: 02.10.23ж




Сынып:

Қатысушылар саны: 12

Қатыспағандар саны: 2

Тәрбие тақырыбы

«Қарты бар үйдің қазынасы бар»

Құндылық

Ар ұят

Мақсаттары:

-Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету;
- Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті



Оқушының әрекеті



Ресурс
тар




Сәлемдесу.


Тақырып ашу.
Интер белсенді тақтаға жұмбақтар шығады,жұмбақтарды табу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамыз.



  1. Айтары мол ғұлама,
    Көп жасасын бұл адам,
    Әкесі ол әкеңнің
    Білер оны сұраған.
    Ол кім? (ата)

  2. Дегенімді жасайтын
    Қалған тамағымды асайтын
    Ертіп алып жетектеп
    «Немерем» – деп атайтын? (әже)


Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

«Әке қадірі» бейнеролик.Бейнероликті тамашалап,талқылау


Ән: «Ата- әже»

Ән айту барысында балалар қарияларға арнап қолдан ашық хат жасап, табыстайды


Қорытынды.
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

Білім алушылар мұғаліммен сәлемдеседі
Жұмбақтың шешуін тауып,шеңбер құрып бірге өлең шумақтарын қайталайды

Бейнероликті тамашалайды
Оқушылар ән шырқайды


Оқушылар ашық хат жасайды









https://www.youtube.com/watch?v=9Ihn3UySyAc


https://www.youtube.com/watch?v=33fxi28NdEU







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет