Сабақтың басы 2 минут Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу Сыныптың тазалығына назар аудару



бет1/2
Дата28.11.2022
өлшемі208,88 Kb.
#53321
түріСабақ
  1   2

Күні:

29.11.2022

Мұғалімнің аты жөні: Досмагамбетова Ж М

Сынып: 9 «В»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тақырыбы

«Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны» толғауының стилі

Оқу мақсаты

А/И 9.2.3. 1 - шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтау
дың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;

Жоспар

Уақыт

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы
2 минут



Ұйымдастыру.
- Оқушылармен амандасу
-Сыныптың тазалығына назар аудару ;
-Оқушыларды топқа бөлу
Оқушыларға қағаз кеспелері араластырылып беріледі, оқушылар алып сол топқа жайғасады.
1-топ: «Махамбет - батыр» тобы
2-топ: « Махамбет- ақын » тобы
3-топ: «Махамбет-күйші ,композиторы» тобы


Үй жұмысын сұрау:
«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңін жаттау.
«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы
Әр топтан 1 оқушы ортаға шығады, жабулы тұрған сұрақтардың біреуін суырып, сұраққа жауап береді. Жауап бере алса келесі «неліктен» сұрағын таңдайды, жауап бере алмаса кезек келесі топқа беріледі. Отырған оқушылар да шығарма сюжеті бойынша таңдаған оқушыға сұрақ қояды.
1. Неліктен Махамбет өлеңін Баймағамбет сұлтанға арнады? 
2. Неліктен Махамбет «онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік» деді ? 
3. Неліктен Махамбет Исатайды жоқтап сөйлейді? 
4. Неліктен Махамбет ханның Ақ ордасын бұзуды ойлады? 
5. Неліктен Махамбет өзін «шамдансам жығар асаумын» деп сипаттайды? 
6. Неліктен Махамбет Баймағамбетті ата дұшпан деп атайды?


Ф. «Бір ғана тілек»
Топ өкілдерінің жауабына кері байланыс береді, тек жақсы тұстарын ғана атап өтеді.


Оқушыларға

  • бөлімнің атауы

  • сабақтың тақырыбы

  • оқу мақсаты таныстырылады.


ЖЖ
1) Тақтада әдеби-көркемдегіш құралдардың анықтамалары ұсынылады.
Қолдарына кепсе қағазда осы материалдар және басқа да фигура мен троптыңтың түрлері таратып беріледі. Оқушылар жұпта талдап ережелерін оқып шығады
Метафора – суреттеліп отырған затты ажарландыра түсу үшін оларды өзге бір затқа балау.
Кейіптеу – жансыз нәрселерді, жансыз табиғатты жандандыра түсу.
Аллегория – дерексіз нәрселерді деректі затқа айналдырып суреттеу.
Символ – құбылысты не затты тура суреттемей, басқа бір затқа не құбылысқа жасырын түрде жарыстыру.
Метанимия – өзара тектес заттар мен себептес құбылыстарды не ұғымдарды бірінің орнына бірін қолдану.
Синекдоха – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны не керісінше қолдану.
Гипербола – затты не құбылысты ерекше үлкейтіп, қомақты етіп көрсету.
Литота – затты не құбылысты ерекше тіпті кішірейтіп суреттеу.
Гротеска – затты немесе құбылысты әсірелеп, оспадар, ұсқынсыз күйінде суреттеу.
Эвфемизм – ұят, дөрекі сөздерді сыпайылап айту.
Перифраз – қайта айтып беру.
Антитеза – қарама-қарсы құбылыстарды, мағыналары әртүрлі ұғымдарды, түстері әртүрлі заттарды қатар қою арқылы олардан басқа бір құбылыстың, нәрсенің суретін көзге елестету.
Градация – көркем шығармада алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы сөзден соңғы сөзді асырып, асқақтата түсу.
Инверсия – прозалық немесе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.
2) Автор стилі дегеніміз не? – сұрағына жауап алу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет