Сабақтың жабдықталуы: мультимедиялық құрылғы, презентация материалдары,аудио және бейне жазбалар,плакаттар, қосымша материалдар



Дата12.05.2023
өлшемі25,37 Kb.
#92355
түріСабақ

ШҚО Тарбағатай ауданы «Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейі» КММ
педагог-психологы Дососова Куаныш Кинаятовна
Тақырыбы: «Өмір – баға жетпес құндылық»
психологиялық сағат
Сыныбы: 8
Психология сағатының мақсаты: оқушылардың өмір құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Психолог сағатының міндеттері:
«өмір» ұғымына тереңірек үңілуге ықпал жасау;
өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру;
жасөспірімдер арасында суициалды мінез-құлықтың алдын -алу;
өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету.
Сабақтың жабдықталуы: мультимедиялық құрылғы, презентация материалдары,аудио және бейне жазбалар,плакаттар, қосымша материалдар.
Сабақ көрнекілігі: нақыл сөздер, слаид шоу, плакаттар
Сабақ тәсілі: Іздендіру тәсілі, анализдеу, синтездеу, жүйелеу, талқылау, дәлелдеу, топтастыру, қорытындылау.
Сабақ жоспары:

  1. Сынып оқушыларын топқа бөлу.

  2. Көрініс көрсету, көріністі талдау

  3. Жағдаяттық тапсырма

  4. Топтарға талқылауға сұрақтар беріледі. Топтар өз ойын айтады.

  5. Видеоролик көрсету Ниг Вуйчич «Өмірде шектеу жоқ»

  6. Сергіту жаттығуы

  7. Тренинг «Құндылық»

  8. Бір- біріне өмірлік ұстаным ұсыну

  9. Рефлексия

Сабақ барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Өмір – ол адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый . Осындай сыйды саған сыйлаған кім ?...
Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата – анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің.
Өз өмірің, өз әлемің өз қолыңда! Біреуге ренжіп, біреуді кінәлап, мін тағу дұрыс емес. Өмірдегі қайғыны, қиындықты, сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа, жақсы ойлар ойлау керек.
Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады. Міне өмірдің өзі біле – білсең сонысымен қымбат.
Енді осы өмір туралы ойларымызды тренинг – жаттығу жасау арқылы жалғастырайық.
– Барлығыңды ортаға шақырайық. Конфет түсіне қарай топқа бөлінеміз. Топтар өз орнына отырады
2. Келесі әр сынып дайындап келген көріністерін қояды. Сол көріністі топтар талқылайды.
3. Келесі жағдаяттық тапсырма.
- Сендер иесіз алаңда қалдыңдар. Қалай өмір сүресіңдер? Қиындықтан қалай шығамыз?
4. Топтарға талқылауға сұрақтар беріледі?
1. Өмір-ең басты құндылық. Қалай түсінеміз?
2. Бақытты өмір деген не?
3. Өмірде жолың болу дегенді қалай түсінесің?
4. Біреудің өміріне қол сұғу туралы ойың
5. Өмір сүруге кедергі келтіретін жағдайлар
6. Өзіңше өмір сүру деген не?
7. «Өмір болған соң, күрессіз бола ма...» 
8. Өмірде өз орнын табу деген не?
5. Видеоролик көрсету Ниг Вуйчич «Өмірде шектеу жоқ»
- Балалар бұл көргендеріңді талқыламаймыз. Әркім өзінше ой түйді деп ойлаймыз.
6. Сергіту сәті
- Шаршағанымызды басу үшін, біраз сергіп, жаттығу жасап алайық.
Егер, Алақан көрсетсем – амандасамыз
Күлкі – бір-бірімізге күлімдеп қараймыз
Жүрек – құшақтасамыз.
7. Тренинг «Құндылық»
- Мынау тас толған банка. Банка толық па? (толық)
Оның үстіне бұршақ саламыз. Банка толық па? (толық)
Оның үстіне құм саламыз. Банка толық па? (толық)
Енді су құямыз. Банка толық па? (толық)
-Сіздер мынаны түсіндіңіздер: банка – бұл сіздің өміріңіз. Тастар – бұл өміріңіздегі ең маңызды құндылықтарыңыз: жанұяңыз, денсаулығыңыз, үйіңіз, балаларыңыз – жалпы басқа еш нәрсе болмасада, сізді бақытты ететін құндылықтар. Асбұршақ – жеке сіз үшін маңызды болған нәрселер: қызмет, мансабыңыз, т.б, ал құм – қалған ұсақ түйектер.
Егер банкаға бірінші құм салсақ, онда тас пен бұршаққа орын қалмайтын еді. Өмірде де дәл осындай: егер барлық уақытыңыз бен күш – жігеріңізді ұсақ – түйекке кетірсеңіз, маңызды орындар үшін орын қалмайды.
Өмірде тек маңызды деген нәрселермен айналысыңыз, өз мақсат – мүдделеріңізді анықтаңыз, ал қалғаны құм ғана.

8. Өмірлік ұстаным ұсыну
Оқушылар бір-біріне қағазға жазылған өмірлік ұстанымдар ұсынады.
9. Рефлексия
Оқушыларға күн сәулесі, гүлдер, жүрек, жапырақ таратылады.
Соған: Бүгінгі сабақта не ұнады?
Не ұнамады?
Менің түйгенім деп жазып, плакатқа жапсырады.
Сабақ аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет