Сабақтың жоспары: Географиялық атластың баспадан шығарылған туралы мәліметтер. Атластың құрылымы мен мазмұны



Дата25.11.2023
өлшемі39 Kb.
#126157
түріСабақ

2 Зертханалық жұмыс
Тақырып: Қазақстан Республикасы Географиялық атласы.
Сабақтың жоспары:

  1. Географиялық атластың баспадан шығарылған туралы мәліметтер.

  2. Атластың құрылымы мен мазмұны.

  3. Ауыл шаруашылық карталарымен танысу.

Зерттханалық сабақтың негізгі мақсаты ҚР Географиялық атласымен танысу.
Зертханалық сабақты жүргізуге қажетті құрал жабдықтар: Қазақстанның атласы, ІІ том.


1. Географиялық атластың баспадан шығарылған туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасының Географиялық атласы, ІІ томы: «Әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Тарихы», Мәскеу қаласында, 1985 жылы ҚСРО Министрлер кеңесі жанындағы Картография және геодезия бойынша бас басқармасының Өндірістік карта құрастырушы «Картография» деп аталатын картфабрикасынан шықты. Атластың карталары 1977 – 1985 жылдары аралығында баспаға дайындалған. Атластың карталарын дайындаған Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының География, Экономика, Тарих және археология, т.б. институттардың мамандары.


2. Атластың құрылымы мен мазмұны.
Атлас тақырыптық карталарға жалпы түсіндірме беретін кіріспе бөлімінен, тақырыптық карталардың масштабына қарай жалпы шартты белгілерден, тарауларға бөлінген тақырыптық карталардан тұрады. Атлас 9 тарауға бөлінген 107 тақырыптық және саяси-әкімшілік картаны қамтиды. Негізігі тараулар: түрғындар карталары, білім ғылым, мәдениет және денсаулық карталары, туризм картасы, өнеркәсіп карталары, ауыл шаруашылық карталары, көлік карталары, экономикалық карта, әкімшілік обылыстарының жалпы экономикалық карталары, тарихи және археология карталары.
Атласта әр бір картаның масштабы берілген, Қазақстанның территориясы екі бетке түскен карталардың масштабы 1:5 000 000, бір бетке түскен карталардың масштабы 1:7 500 000, ал басқа карталардың масштабы әр түрлі, сонымен бірге облыстардың карталары жер көлемі әр түрлі болғаны мен барлығының масштабы 1:2 500 000. Барлық карталар конустық проекцияда жасалынған, меридиан мен параллельдер тек ғана саяси-әкімшілік картасында берілген.
Әр бір тақырыптық картаның жалпы шартты белгілерінен тыс осы картаға тиеслі шартты белгілер келтірілген. Көптеген карталарда сандық көрсеткіштеріне сипаттама беретін түрлі графиктік, материалдар келтірілген. Тақырыптық карталарда құбылстар, объектілер бейнелеудің түрлі тәсілдерімен көрсетілген, ең көп пайдаланылған сапалы фон, картограмма, картодиаграмма, нуктелік т.б. да тәсілдер.


3. Ауыл шаруашылық карталарымен танысу.
Атластың ең маңызды тарауы және көп бағытты болып келетін ауыл шаруашылық карталар жинағы, бұл тарауда 36 карта келтірілген, яғни атлас карталарының 30 % құрайды.
Тапсырма: Үлгісіне қарай төменде келтірілген кестені толтырыңыз.
№ 1 кесте.



Картаның аталуы және масштабы, атластағы беті

Карталастырылатын объектілер мен құбылстардың бейнелеу тәсілдері

Шартты белгілері

Территорияны қосымша сипаттайтын элементтері

1

Ауыл шаруашылық кәсіп орындары, 1:5 000 000, 42-43 беттер

Картограмма, масштабтан тыс, боялған геометриялық фигуралар түріндегі белгілер (шеңбер, квадрат, үшбұрыш т.с.с.

Шартты белгілер картаның астында, үш топқа бөлінген, бірінші әр түрлі көлемдегі және түрлі түспен көрсетілген геометриялық фигуралар, екінші - әр түрлі боялған және суреттелген бірдей шеңберлер, үшінші картограмма болып келеді.

жоқ

2













3













4













5













Қолданылған әдебиет:



  1. Берлянт А. Картография. М., 2001. 94 – 120 б.б.

  2. Картография с основами топографии. Под ред. А.В. Грюнберге. М., 1990. 217-236 б

  3. Атлас Казахской ССР. ІІ том. М., 1985.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет