Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 11. 00-1130



Дата07.01.2022
өлшемі21,25 Kb.
#18930
түріСабақ

Жұмыс жоспары 20.04.2021

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

11.00-1130

Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды қабылдау

11.30-12.00

Тазалық, сабаққа дайындау

12.00-12.20

Түскі ас. Асханаға барып тамақтанады

12.20-12.35

Сергіту сәті. «Music box» ойыны арқылы оқушыларды сергітіп аламын. Шарты: Музыка басталғанда барлық оқушылар бір-біріне «Music box» каробкасын беріп шығады. Музыка аяқталғанда кімде каробка қалып қалады сол оқушы берілген есепті шығарады.

Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру

12.35-13.25

Үй тапсырмасын орындау Негізгі пәндердің үй тапсырмасын орындау

13.25-14.00

Есеп шығару: Тақтаға есеп жазамын сол бойынша орнында отырып шығарады. Сосын бір оқушыны шығарып сол есепті талдаймыз.

Мақсаты: Оқушыларды бірлікке тәрбиелеу.

14.00-14.15

Серуенге шығару.

Қоршаған ортада серуендеу.



Мақсаты: Оқушыларды бір-біріне деген сыйластықты арттыру.

14.15-14.50

Ойын ойнату

Белбеу Тастау

Белбеу Тастау – ұлттық ойын. Ол көп адамның қатысуымен далада көгалда не төсеніш үстінде ойналады. Ойыншылар алқа-қотан отырады да, біреуі қолына белбеу ұстап, отырғандардың сыртын айналып жүріп, өзі ұйғарған кісінің сыртына білдірмей белбеуді тастап кетеді. Ол айналып келгенше сырт жағына белбеу тасталған адам сезбесе, ойын жүргізуші айыпты адамды шеңберді айналдыра қуалап: “Орныңды тап!” деп белбеумен соғады. Ал отырған адам белбеу тасталғанын сезіп қалса, белбеуді ала салып, жүргізушінің өзін қуып, сабалайды. Белбеудің қатты, жұмсақ соғылуынан ойыншылардың көңіл-күйлері аңғарылып қалады. Ұлттық ойындардың басқа түрлері сияқты, белбеу тастаудың да өзіне тән тәрбиелік мәні бар.

Мақсаты: Жастарды шапшаңдыққа, төзімділікке, батылдыққа баулиды. Ойынның мұндай түрі қырғызтүрікмен халықтарында да кездеседі.

Ақсерек пен Көксерек

Екі топ бір-бірінен алысырақ шамамен 15 қадам жерде қол ұстасып тұрады. Бірінші топтың балалары екінші топқа ақсерек-ау, ақ серек, бізден сізге кім керек? деп айтады. Сол кезде қарама-қарсы тұрған топ басшысы өздеріне керекті қарсыластарының арасынан біреуінің атын атайды.Ақсерек-ау, ақ серек, сізден бізге Марат керек. Аты аталған ойыншы, бар пәрменімен жүгіріп қол ұстасып қатар тұрған қарсы топтың екі ойыншысының ұстасып тұрған қолын үзіп өте шығуға әрекет етеді. Ал қарсылыстары қолдарын мықты ұстап, үздірмеуге тырысады. Егер жүгіріп келген адам қарсыластарының қолдарын үзіп кетсе сол топтан, басшысынан басқа бір ойыншыны өзімен бірге алып кетеді. Қол ұстасып тұрған қатарды үзіп өте алмай қалса, онда сол топта өзі қалып қояды.

Мақсаты: Балаларға үлкендерді тындай білуге, кішілерге көмектесе білуге, ортада

өзін дұрыс ұстауға үйрету, ойын арасында тек өзінің тапсырмасын орындап

қоймай, өзінің тобындағы достарына да көмектесе білуге үйрету, достық

сезімін ояту.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет