Сабақтың көрнекілігі : альбом, қарындаштар, табиғи материалдар жиналған папка. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі



Дата14.09.2023
өлшемі12,58 Kb.
#107765
түріСабақ
Байланысты:
Ғажайып дүниетану кмж


Күні: 01.09.2023 ж.
Сынып: 2 Ә
Тақырыбы: Экология деген не? Адам табиғат перзенті.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды қоршаған әлемнің алуан түрлілігі және әдемілігімен таныстыру, тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, талдау, салыстыру;


Сабақтың көрнекілігі: альбом, қарындаштар, табиғи материалдар жиналған папка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгаендеу, психологиялық дайындық
Топсеруенге дайындық.
А) Топсеруеннің мақсаты мен міндеттері қойылады.
ә) сынып оқушылары бірнеше топқа бөлініп, зерттеу нысандарын таңдатамыз.
Зерттеу, бақылау жұмысы.
Ағаш, бұта, шөптерді бақылау жоспары:
А) Қандай ағаштарды көріп тұрсыңдар? Ағаштың діңіне қарап, оның түсін анықтаңдар. Ағаштардың діңдерінің жуандығын салысты-рыңдар.Жапырақтардың түстері қандай? Пішіндері қандай?
Ә) Бұталарға қараңдар.Олардың ағаштардан қандай айырмашылығы бар? Олардың сырт көрінісінен қандай өзгешелік байқадыңдар№
Б) Өсімдіктердің ішінен шөптерді тауып, оларды ағаш және бұталармен салыстырып, айырмашылығын табыңдар?
Олар несімен ерекшеленеді? Шөп қандай бөліктерден тұрады?
Оқушыларды біренеш топқа бөліп, әр топқа зерттеуге тапсырма беріледі?
1 топ ағаштарды зертейді Көргендерін және ағаш туралы алған жаңа мәліметтерін пайдаланып, әңгіме құрастырады.
2 топ бұталар туралы әңгіме құрастырады.
3 топ шөп туралы әңгіме құрастырады.
Тыныштық минуты.
Оқушылар үн-түнсіз аспан, күн, құстарды бақылайды. Сонан кейін көргендеріне әңгімелейді.
Әңгімелесу.
Оқушылармен мынадай сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізеді.
1.Тірі және өлі табиғат бір-бірімен қалай байланыстыЮ
2.Адамдар табиғаттан не алады?
3.қандай сезім мүшелері табиғатты және оның сұлулығын сезінуге көмектеседі?
4.Өз өлкеңнің табиғи байлығы туралы әңгімеле.
Сурет салу.
Өз өлкеннің табиғат сұлулығын бейнелеу.
Пікірталас.
1.Топсеруенде көргендеріңнен неге қуандыңдар, неге ренжідіңдер?
2.Сен қоршаған әлемге қамқоршы, жақсы дос бола аласың ба?
Бағалау
Үйге тапсырма: Мен болашақта табиғатқа қандай көмек бере аламын? /шығарма/

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет