Сабақтың мақсаты: Гемоглобин мен коллаген құрылымын сипаттау және олардың қызметтері арасындағы өзара байланысты түсіндіру



Дата03.11.2022
өлшемі2,11 Mb.
#47164
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Гемоглобин мен коллагеннің құрылымы мен қызметі.
Сабақтың мақсаты: Гемоглобин мен коллаген құрылымын сипаттау және олардың қызметтері арасындағы өзара байланысты түсіндіру.
2. Әр түрлі жағдайлардың ақуыздар құрылымына әсерін зерттеу.
Тақырыпты ашатын сұрақтар тізбегі.
  • Эритроцит құрамында қызыл түсті беретін нәруыз?
  • Гемоглобин құрамына не кіреді?
  • Оның негізгі қызметі?
  • Қандай аминқышқылдарынан тұрады?
  • Гемоглобиннің қызметі:
  • Гемоглобиннің 4-інші реттік құрылымында қандай байланыстар болады:



Fe
Fe
Fe
Fe
Fe
Fe
Fe
Fe
"Гемоглобин, оның
химиялық құрамы"
Fe
Fe
Эритроцит құрамында қызыл түсті беретін гемоглобин нәруызы бар Гемоглобин құрамында темір (гем ) және нәруыздық бөліктер (глобин ) кіреді. — қанның 1мм көлемінде 4,5-5млн эритроцит бар. - олардың ортасы қысыңқы тегершік пішінді . Бұл эритроциттердің бетін 1,5 есе үлкейтеді және газдардың мол көлемде алмасуына бейімірек келеді.
Гемоглобин – қанның қызыл түсті пигменті, 2 түрлі типті 4 полипептидтік тізбектен тұрады.
Екеуі –α, 141 аминқышқылы қалдығынан ,
екеуі –β тізбегі 146 аминқышқылы қалдығынан тұрады.
Гемоглобиннің толық құрылымын Кендрью мен Перуц анықтады. Гидрофобты тізбегі ішкі бөлігінде, гидрофильді тізбегі сыртқы бөлігінде орналасып суда ерігіш етеді. Сыртқы гидрофильді аминқышқылдардың гидрофобты бөлікке алмасуы мутация туғызады. Оған мысал: орақ пішінді анемия болып табылады.
Ал гемоглобин молекулаларының құрамына темірі бар гемнен басқа жеке төрт нәруызды молекулалар –глобиндер енеді
Ақуыздың
3 және 4 реттік құрылымдарында кездесетін байланыс түрлері және олардың арасындағы нәруыз тізбектері.
Денатурация – (табиғатын жоғалту немесе бұрыңғы қалпынан айырылу) бұзылу.
Ренатурация- егер нәруыз бірінші реттік құрылымы бұзылмаса (пептидтік байланыс) аминқышқылдарының барлығының арасындағы пептидтік байланыс сақталса, онда қалпына келу үдерісі –ренатурация болуы да мүмкін.

Нәруызға әр түрлі факторлардың әсері.

Нәруыздың өзгеріске ұшырауы.

Қыздыру немесе сәулелену

Инфрақызыл, ультракүлгін сәулелер әсерінен әлсіз сутектік , иондық байланыстар ажырап нәруыз ұйып (коагулияция)

Күшті қышқылдар, сілтілер, тұздар

иондық байланыстар ажырап нәруыз ұйып (коагулияция)қалады, ұзаққа созылса құрылымы бұзылып, пептидтік байланыстар үзіледі.

Ауыр металдар

Ерігіштігін төмендетеді,нәтижесінде нәруыз тұнбаға түседі.

Органикалық еріткіштер немесе детергенттер.

Гидрофобтық қасиетін жояды, сутектік байланыстар үзіледі,спирттің әсерінен кез келген бактерия әсерінен белок денатурацияға ұшырайды.

Гемоглобин – қанның тыныс алу пигменті. Ол оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды. 100г қанда 16,67 – 17,4 г гемоглобин бар. Ер адамда 130 – 160 г/л , әйелде 120 – 140 г/л. Гемоглобин 600 амин қышқылдарынан тұрады. Олардың молекулалаық массасы 64500 ге тең. Гемоглобин глобин нәруызынан, төрт гем молекуласынан құралған. Гем молекуласында бір атом темір бар. Темір өзіне оттегін қосып алады да, жасушаларға оңай береді. Глобин – гемнің нәруыз тасушысы. 
Гемоглобиннің қызметі: Тыныс алу – гемоглобин өкпеден тіндерге оттегін және тіндерден өкпеге көмірқышқыл газын тасымалдайды. Гемоглобиннің көмірқышқыл газымен қосындысы карбогемоглобин, оттегімен қосындысы – оксигемоглобин, иісті газбен – карбоксигемолглобин деп аталады.
Эритроциттің құрамына кіретін ішіндегі нәруызды зат гемоглобин, қанның түсін қызыл түске бояйды. Гемоглобин нәруызды бөлімі- глобин және нәруызды емес заты гем, құрылымы 2 валентті темірден Ғе +2 тұрады. Өкпенің қылтамырларында гемоглобин оттегімен қосылады, оксигемоглобин түзеді.
жоғары конц О2
Hb+4O2 HbО2
төмен конц О2
Ұлпалардағы қылтамырларда оксигемоглобин оңай ажыратылады гемоглобиннен оттегі босатылады.
HbNH2 +CO2 → HbNH-COOH
Гемоглобин карбоаминогемоглобин
СО2+Н2О ↔ Н2СО3 ↔ Н+ +НСО3-
Карбоангидраза ферменті жасуда жоғары белсенділікке ие болады. Сол кезде көмірқышқылдың жіие ажырауына алып келеді. Диссоцация нәтижесінде сутектің ионы (Н+ ) мен (НСО3-) гидрокарбонаттың – ионы түзіліп бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет