Сабақтың мақсаты: Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру



бет1/18
Дата25.04.2022
өлшемі88,52 Kb.
#32130
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
kyzdarmen-zhumys-57b3e2e192071


Сабақтың тақырыбы: Ұл бала мен қыз бала сыйластығы
Сабақтың мақсаты: Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру
Оқушылардың өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту

Оқушыларды инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: Үнтаспа, дәптер, оқулық, екі плакат, маркер.
Шаттық шеңбері: Балалар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі, бірге ән салады.
Біз - туған ел баласы
Сөзін жазған: Қ. Ыдырысов
Әнін жазған: К. Қуатбаев
Асыр салған таласып, Отаным кең көсілген,
Біз - туған ел баласы Төсінде ырыс төгілген.
Қандай байтақ Отаным, Қаптаған мал, алып дән,
Жан - жағыңа қарашы. Бәрі менің несібем.
Бәрін көріп келеміз,
Болашаққа сенеміз.
Жақсы оқумен, еңбекпен,
Біздер жауап береміз.
Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- Өткен тақырыптарды қайталау
- Мерекелік кестені кім айтып бере алады?
-«Қызғаныштың кесірі» мәтінінен түсінгеніңді айтып бер?
- «Бірлік» туралы әңгімеден не түсіндің? және сол тақырыптың дәйексөзін жатқа айт.

Әңгімелесу:
- Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?
- Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Жағдаяттарды талдау
1 - жағдаят: Санжар мен Самал сыныпта қатар отырады. Сөзге таласып қалған Санжар Самалға дөрекі сөз айтты. Самал жылап жіберді.
- Санжардың әрекеті туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер.
2 - жағдаят: Сынып жетекшісі оқушыларға сынып бөлмесін жуып, тазалау керектігін айтып, тапсырма берді. Сұлтан:- Бөлмені жуу қыздардың жұмысы емес пе?! Мен істемеймін.- деді.
- Сұлтанның орнында болсаңдар, сендер не істеген болар едіңдер?
3 - жағдаят: Әлияны жүгіріп келе жатқан Ғалым байқамай қағып, тоқтамай өте берді. Ыза болған Әлия Ғалымды итеріп жіберді, отыра қалып жіберді.
- Әлия мен Ғалымның орнында болсаңдар, қандай шешім қабылдар едіңдер?
4 - жағдаят: Жәния ауыр орындығын әрең дегенде көтеріп келе жатты. Сәкен оған жәрдемдесті. Жәния үндемеген күйі сыныптан шығып кетті.
- Сәкен мен Жәнияның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
- Оқушылар, өз ойларыңды еркін жеткізе алғандарыңа мен қуаныштымын. Сыныптас досыңа, ол ұл болсын, не қыз бала болсын дөрекі сөз айту, мынау қыздың жұмысы, мынау ұлдың жұмысы деп бөлу, ол қыз ғой немесе ол ұл ғой деп, кешірім сұрамау әдептілікке жатпайды.
Мәтінмен жұмыс: «Кімнің жұмысы» Т. Дәуренбеков
Оқушы оқып шығады. Мұғалім сұрақтар қою арқылы балалардың білімін байқайды.
- Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізді?
- Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
- Қыз бала мен баланың өзара сыйластығы туралы не айта аласыңдар?
- Ұл бала мен қыз баланың достығы дегенде нені түсінесіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар. Мектепте қыздар да, ұлдар да бірдей білім, тәрбие алады, «оқушы» мәртебесі бәріңе ортақ. Сыныпта тату - тәтті болып, сыйластықты қарым - қатынас жасай білу - әдептіліктің бір белгісі. Тек мектепте ғана емес, аулада да көршілеріңмен ұл, қыз болып сыйласып, дос бола білген жөн.

Шығармашылық жұмыс:
Оқушылардың ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық қарым - қатынастарын дамыту мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.
Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
Мысалы: Қыз бала: әдепті, сұлу, нәзік инабатты, ақылды, әдемі, мейірімді, ұқыпты т. б Ұл бала: әдепті, батыл, ержүрек, қайратты, шыдамды, әділ, ақылды, бір сөзді т. б

Дәйексөз:
«Ел ұлымен берік, қызымен көрік» яғни қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Батырлардың көпшілігі ұлдардан шыққан. Қобыланды батыр, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Сырым және т. б. Қыздардан шыққан батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды, деп мәз - мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де, сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді. Даналықтары ерлерден кем түспеген қыздар да жоқ емес. Мыс: Ұлдай хан, Қарашаш сұлу, Айша бибі, Домалақ ана және т. б

Ойын:
Ұлдардың қыздар туралы, қыздардың ұлдар туралы жақсы ойларын білу мақсатында «Егер ұл болсам....., егер қыз болсам...» атты ойын ұйымдастырылады.
Оқушылар кезектесіп ұл болса «егер мен қыз болсам» дегенді жалғастырып айтады, қыз болса «егер мен ұл болсам..»дегенді өз ойымен жалғастырып айтады. Айта алмай қалған оқушы айып тартады.

Күтілетін жауаптар:
Еген мен ұл болсам елімді қорғаймын, қыздарға көмектесемін, қыздарды ешқашан ренжітпеймін, қыздарға ауыр сөз айтпаймын және т. б
Егер мен қыз болсам өте таза жүремін, дөрекі сөз айтпаймын, дауысымды көтеріп сөйлемеймін, адамдардың бәріне қуаныш сыйлаймын, бәріне мейіріммен қараймын, ұлдарға көмектесемін, ұлдармен қыз баламен достасқандай достаса аламын, ұлдарды сыйлаймын және т. б

Дәптермен жұмыс:
Тапсырма: Дәптерде берілген ұл бала (Алпамыс) пен қыз баланың (Махаббат) суреттерінің жан - жағына «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап жазыңдар.

Мыс: сүйкімді, көрікті, ұқыпты, батыл, көпшіл, мейірімді, әдепті, шыншыл, нәзік және т. б
Жүректен - жүрекке
Бір ұл, бір қыз болып араласып шеңбер құрып тұрады. Қатар тұрған көршісіне «Мен сені сыйлаймын, сенімен достасқым келеді»деп, оның қолын қысады. Соңғы оқушыға жеткенше осылайша жалғасады.
Е. Өтетілеуовтің «Ұл бала мен қыз бала» атты өлеңін бәрі бірге айтады.
Ұл бала мен қыз бала
Үйге бірге қайтады
Бір мектепте оқиды.
Бар сырларын аз ғана
Ұлға да ортақ, қызға да
Бір - біріне айтады.
Білімді ойға тоқиды. 
Ұл бала мен қыз бала
Ұл бала мен қыз бала 
Түсіністі, достасты.

Сабақтың тақырыбы: Өз құқығыңды білесің бе?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Тренинг – сабағы
Сабақтың әдісі: Глоссаий. Блиц- сұраныс. Талқылау.
Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.

Кіріспе сөз
Мұғалім: Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылданған Конституциясы ел дамуының тұс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлекет дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бір жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол қазақ ұлтының төл конституциясының қабылданғанына 15 жыл толып отыр.

Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек қыпшақ халқындағы (Х-Х1 ғғ.) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады. Ал ХХ ғ. өзінде КСРО құрамында болып тұрған кезде 1936 жылы 28 қаңтарда және қазіргі қолданыста жүрген 1995 жылы 30 тамызда жүрген Ата заңымыздағы биліктің үш тармағының заң шығарушы (парламент), атқарушы (үкімет) және сот қызметтері бір арнаға тоғыстырып, саяси институттардың жұмысы әбден жетілдірілді және ең бастысы бұл Конституция адам және азамат құқықтарының қорғалуы жан – жақты қарастырылған орнықты құжат болып отыр.

Дүниежүзілік адамзат тарихының өткен кезінде көз бойлатып үңілсек, алғашқы адам құқықтары жайлы құжат 1644 жылы Англияда император Вильгельм Оранскийдің қаулысы «Адам құқықтар туралы билль» (қаулы, заң)
қабылданды.
Ал қазіргі заманғы адам құқықтары жайлы құжат яғни, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ – ның шешімімен қабылданды.
Адам және азаматтардың құқықтары, ерік бостандықтары терең қарастырылған құжат, бұл – өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы. Бұл кезге 200 жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Соның жарқын дәлелі әрбір американдық азамат қайда жүрсе де ел Конституциясы жазылған кітапшаны өз жандарынан тастамайды екен. Егер қандай да бір уақытта өз құқығы бұзылғандай жағдай болған жағдайда дереу өз заңды міндеттерін талдауға кіріседі екен.

Яғни, олардың заңы бойынша Конституция алдында Президент те, қарапайым адамда бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие.
Қабылданғанына 15 жыл толған қазақ елінің Ата Заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан гуманистік (адамгершілік) принциптерге негізделген демократиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта әрмен қарай жалғастыра бермек.

Сынып екі топқа бөлінеді: 1 – топ және 2 – топ. Сабақ 8 турдан тұрады. Әрбір турдан кейін баға беруші мұғалімдер жауаптың, ереженің дұрыстығы жөнінде және балдарын атап өтеді.

№1 Глоссарий «Тәртіп орнат»
1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы
3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі
6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган
7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г

№ 2 Байқау
«Құқық дегеніміз не?»
Оқушылар спикермен бірге 2 топқа бөлінеді. Топтың әр жауабынан кейін мұғалім өзінің толық жауабын оқу керек.
Сұрақ - Жауап
1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не? - Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.

2. Құқықтың қандай түрлері бар?
- Жеке (азаматтық)
- Саяси
- Экономикалық
- Әлеуметтік
- Мәдени т.б.
3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? - Туылғаннан беріледі
4. Оларды орындау үшін не қажет? - Міндеттерін орындау
5. Адамның негізгі құқығы? - Өз құқықтарын пайдалану құқығы
6. Құқық қашан және қайда пайда болды? - Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.
7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не? - Бостандық – бұл таңдау
8. Бостандықты не шектейді? Бостандық және өз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме? -Бостандықты шектеу әр адамның саналығында

№ 3. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін анықтаңыз.
Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарымен пайдаланып ғана қоймай, өз міндеттерін орындау керек.
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерінің мысалдарын келтіріңіз.
Байқау ережелері: Тақтаға әр командадан бір – бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар алма – кезек бір міндеттен тақтаға жазады. Бүкіл міндеттерін дұрыс орындап, жазған топ жеңеді.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:
1. Заңдарға бағыну;
2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу;
3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу;
4. Қаржы, салықты төлеу;
5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;
6. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау;
7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін орындау;
8. Орта мектеп білімін алу;
9. Қазақстан Республикасын қорғау;

№ 4. Талқылау
«Жаза мен қылмыс»
1. Жол ережесін бұзу адам үшін қылмыс па? Неге?
2. Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды? Құқық туралы білімі не өз санасы.
3. Қылмыс жасағанға қоғам кінәлі ме?
4. Қылмыскерге рақымшылық беруге сіздің көзқарасының қандай?
5. Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыз?
6. Жайбарақат қараушылық қылмысқа жата ма?

№ 5. Конституцияңды білесің бе?
1. Мемлекет билігінің қайнар көзі? Халық (3 бап)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? 1992жылы
3. ҚР- ның азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма? Жоқ (10 бап)
4. Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым барма? Ия (19 бап)
5. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы барма? Ия (23 бап)
6. ҚР – ның Президентін сайлау қашан өтеді? Желтоқсанның бірінші жексенбісінде (44 бап)
7. Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса алама? Жоқ (43 бап)
8. ҚР – ның жоғары өкілетті органы? Парламент (49 бап)
9. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім? Премьер – Министр (67 бап)
10. ҚР-ның атқарушы билігін билігін жүзеге асырушы? Үкімет (64 бап)
11. Премьер – Министрдің орнынан түсуінен кейін ... өкілеттігі тоқтағанын білдіреді. Үкіметтің (70 бап)
12. ҚР нешінші Конституция пайдаланылады? Екінші
13. Заң құдайы? Фемида
14. ҚР – ның азаматы қашан болуға құқылысыз? Дүниеге келген кезде(12 бап)
15. ҚР – ның төл мейрамдарын атаңыз? - Конституция күні
- Республика күні
- Тәуелсіздік күні

№ 6. Жұмбақ
Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,
Ондайлар отаныма өте керек.
Тәуке хан жазған екен заң жинағын,
Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.
(Жеті жарғы)

Мерекең құтты болсын ұстаздарым,
Оқушы, келім – кетті бар достарым.
Тәуелсіздік заңының қабылданған,
Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.
(1991 жыл)

Еліме білім керек, ғылым керек,
Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.
Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,
Жазған екен болашаққа көзін тігіп.
(Қазақстан – 2030)

Жақсы ел шығарып заң игілікті,
Депутат заң шығарып билік қыпты.
Парламент палатасы нешеу екен,
Таба алсаң бұл жауапты игі екен.
(екі)

Қорытынды
- «Бақытты өмір» - дегенді қалай түсінесіз?
- Бақытты өмір сүру үшін не істеу керек?

Тақырыбы: Маған өмір керек, мен өмірге керекпін 
Мақсаты:
1. Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.
2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын алу.
3. Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру.
4. Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
- өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
- оқушыларды өз өміріне,өз сөзі,ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, слайд, жағдаяттар.
«Өмір деген – бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы». /М.Мақатаев/
«Өмір — теңіз, өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз» /Рудаки./
«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» /Дж.Неру/
Түрі: дөңгелек үстел
Барысы: 
1. Кіріспе сөз
2. Сұрақ-жауап
3. Ойланайық, пікірлесейік
4. Ой қозғау «Ұлылардан ұлағат»
5. Жағдаяттарды талқылау
6. Назар аударайық. Бейнебаян
7. «Жүректен жүрекке»
1. Кіріспе сөз
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, оқушылар және ұстаздар!
Бүгінгі кездесуімізді Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса,ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса,шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

- Осы өлеңде не жайлы жырлаған?
Әрине,өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің дөңгелек үстеліміздің тақырыбы МАҒАН ӨМІР КЕРЕК, МЕН ӨМІРГЕ КЕРЕКПІН - деп аталады.
2. Пікірталас сұрақтары:

 Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?
 Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
 Өмір адамға несімен қымбат?
Міне осы сұрақтарға сіздердің берер жауаптарыңыз қандай болмақ? Сөз кезегі өздеріңізде.
Психолог сөзі:
Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың” деген екен.Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз Олай болса,Өмір адамға бірақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.

3. Оқушылар шығармашылығынан:
Келесі сөзді оқушыларымызға берсек, Өмір туралы білетін өлең, шығармаларын айта отырса. 
Өмірдің кедір-бұдыр жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін адал атқару мен ар-намысты қорғау-ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге мойымай, өзіңе сенімді болсаң, міне сол бақыт. қиындықты жеңсен-бақыт.
4. Ой қозғау «Ұлылырдан ұлағат» 
Әр кластан бір билеттен алып, ұлылырдың өмір жайлы айтқан сөздерін оқып, ой қозғайды немесе ойды аяқтайды. 
 Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді.
І. Есенберлин.
 Көз алдымнан өзіме сонша таныс жиырма жылдық өмірім өтті. Біріне-бірі жалғасып келіп, біріне-бірі айқасып жатқан әдемі шақ, қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап, сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі – сегіз жылдық бақытты шағың, бала кезің; одан соң оқумен өткен он жылың, одан кейін – армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім – қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды.
Б. Бұлқышев
 Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбе¬ген. Тарихта дәулетке, атаққа паңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес…
Б. Момышұлы
Өмір мен бақыт жайында жақсы ой-пікірлеріңді тыңдадық. Енді келесі жағдаятты қалай шешер едіңіздер? Соған тоқтала кетейік.


5. Жағдаятты талдау: 
Әкесінің жеке тікұшағы бар. Ол бизнесмен. Шалқыған бай. Ол жасөспірімде бәрі бар. Бірақ, өзін бақытсыз сезінеді. Достары да аз, ата-ананың жылулығы жоқ. Бұл байлықтан шаршаған. Қандай кеңес берер едіңіздер?
Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейтін жасөспірім.
6. Назар аударайық: Бейнебаян
7. Жүректен- жүрекке.
Міне, өмір, бақыт дегеннің не екенін манадан талдадық олай болса:
«Адам боп оңай туғанмен,
Адам боп қалу көп қиын» деп Қадір Мырзалиев атамыз айтқандай сіздердің бүгінгі кештен не түйгендеріңізді және осы күнге тілектеріңізді тыңдағым келіп тұр.
(Оқушылардың ойларын, тілектерін ашық айтуы.)
Олай болса мен сіздерді мына ұранмен өмір сүруге шақырамын
Барлығы қосылып:
Біз өмірді сүйеміз!
Бақытты өмір сүреміз!
Біз бәріміз біргеміз!
Сөз соңында «Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді» - дегендей
«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді.
Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.
Келесі кездескенше сау болыңыздар! Уақыттарыңызды бөліп, дөңгелек үстелге қатысқандарыңызға рахмет.

«Мектеп формасы-2015»





Бүгінгі таңда мектеп формасының рөлі қандай? Оның көмегімен әлеуметтік теңсіздік мәселесін шешуге бола ма? Немесе бүгінгі күнге кеңес дәуірінен келе жатқан ережелер қаншалықты жарайды? Бұл мәселелерді ұстаздар мен мұғалімдердің, оқушылардың көзқарасы тарапынан шешуге тырысайық.

Осыдан біраз жыл бұрын мектеп формасы ұғымы пайда болып, еліміздің түкпірлерінде бірдей форма кие бастады. Ал 90 жылдары ата-аналары мен балалары мектеп формасын өздері таңдайтын. Бастысы ақ кеудеше мен қара белдемше болса болғаны. Мұны әркім түрліше қабылдады. Есесіне оқушылар әлеуметтік дәрежесін пайдаланып, қымбат бағалы киімдер кие бастады.  





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет