Жаратылыстану Кафедра: Химия және химиялық технология



бет1/10
Дата16.03.2023
өлшемі46,52 Kb.
#74805
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
МХӨТ 201 Тулеуов Рустам


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖІНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
К. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АКТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ


Факультет: Жаратылыстану
Кафедра: Химия және химиялық технология


ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕПТЕРІ

Дайындаған: МХӨТ-201 студенті Тулеуов.Р.А



Жетекші: аға оқытушы Махамбетова Ж.К


Ақтөбе 2022ж.


МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………………………………….3
1. Негізгі бөлім
1.1 Мұнайдың шығу тарихы мен элементтік құрамы.
1.2 Қазақстан Республикасындағы мұнай өндірісі.
1.3
1.4 Мұнай өндіру процесі.
1.5 Мұнай өнімдері
2. Cтуденттің жеке тапсырмасы
2.1 Метил спиртін алу тәсілдері
2.2 Метанолдың өнім сипаттамасы
2.3 Физикалық қасиеттері
3. Қолданылған әдебиеттер
Қорытынды

КІРІСПЕ
Мұнай - көмір сутектердің күрделі (негізінен парафинді және нафтенді, аз дәрежеде-ароматты) қоспасы. Әр түрлі кен орындарында мұнайдың көмірсутектік құрамы түрліше өзгеріп отырады. Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі. Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең. Жердің шөгінді қабатында таралған, жанғыш майлы сұйықтық; маңызды пайдалы қазынды. Мұнай 1.2-2,0 км-ден астам тереңдікте газ тәрізді көмірсутектермен бірге түзіледі. Түсі ашық-қоңырдан қою қоңырға, қараға дейін өзгереді, тығыздығы 0,65-1.05 грамм/см3 аралығында. Мұнай жеңіл (тығыздығы 0.83г/см3-ке дейін), орташа(0,831-0,860 г/см3), ауыр (0,860г/см3-тен жоғары) болып бөлінеді. 28С градустан жоғары температурада қайнайды, қату температурасы 26-дан-60'С-қа дейін, меншікті жылу сыйымдылығы 1,7-2,1 кДж/(кг*К), меншікті жану жылуы 43,7-46,2 МДж/кг, диэл.өтімділігі2-2,5; Электр өткізгіштігі 2*10*10(дәрежесі)-0,3*10*-18(дәрежесі) Ом-1*см-1(дәрежесі), тұтану температурасы 35-120*С, органикалық еріткіштерде ериді, суда ерімейді. Мұнай-көмірсутектердің күрделі (негізінен парафинді және нафтенді, аз дәрежеде-ароматты) қоспасы. Әр түрлі кен орындарында мұнайдың көмірсутектік құрамы түрліше өзгеріп отырады. Негізгі қоспалары (4-5%):нафтен қышқылдары, асфальтты-шайырлы заттар, меркаптандар, моно-және дисульфидтер, тиофендер және тиофандар, күкіртсутек, пиридин және пиперидин гомоглогтар, т.б. Элементтік құрамы: С 82,5-87%; H 11.5-14.5%; O 0.05-0.35%; S 0.001-5.5%; N 0.02-1.5%. Өнеркәсіптік зерттеулерде негізінен мұнайдың тығыздылығын, оның фракциялы құрамын, тұтқырлығын, құрамындағы күкірт, шайыр асфальтен, парафиндердің мөлшерін және олардың балқу температураларын анықтайды. Құрамындағы күкіртке байланысты аз күкіртті , күкіртті, жоғары күкіртті болып үш топқа бөлінеді. Әдетте мұнай құрамындағы азот пен оттек 10%-дан аспайды, тек кейбір жағдайларда 1,8 және 1,2%-ға азаяды. Мұнайдың негізгі пайда болу көзі – құрамындағы сутектің мөлшері жоғары болатын планктон, сапропельді органикалық зат және өсімдік қалдықтарынан түзілетін гумосты зат. Мұнайда 20-дан астам әр түрлі элемент (VNiCaMgFe, Al, SiNa, т.б) бар. Мұнай түзуші жыныстар – саз балшықтар, олар мезокатагенез белдемесіне жеткенде мұнай түзілетін басты фактор – органикалық заттар 50*С-тан жоғары температурада ұзақ уақыт қызады. Бұл белдемнің жоғ арғы шекарасы 1,3-1,7-ден 2,7-3 км-ге дейін тереңдікте жатады. Төмен шекарасы -3,5-5 км. Мезокатагенез белдемінде көп мөлшерде мұнай көмірсутектері түзіледі, олар бензин және керосин фракцияларын беріп, микромұнайдың қозғалғыштығын жоғарылатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет